1.Етіс және оның түрлері.
р/с
|
Түрі
|
Ереже
|
Жұрнақтары
|
Мысалы:
|
1
|
Өздік етіс
|
Іс-қимылды адам өзі істейді
|
-ын/-ін/-н
|
Аз уақыт ішінде көркі көз қуантар керемет астана салынды
|
2
|
Өзгелік етіс
|
Адам іс-қимылды өзге біреуге орындатқызады
|
1. -дыр/-дір, -тыр/- тір,-ыр/-ір/-р
2. -ғыз/-гіз, -қыз/-кіз
3. -т
4. -сет
|
ЭКСПО-ға дейін әлі де талай таңдай қақтырғызар ғимараттар салынуы мүмкін
|
3
|
Ырықсыз етіс
|
Іс-қимыл өздігінен жасалғандай көрінеді
|
1. -ыл/-іл/-л
2. -ын/-ін/-н
(түбірде «л»әрпі болса)
|
Осының барлығы елбасының көрегенділік саясатының арқасында жасалынды.
|
4
|
Ортақ етіс
|
Іс-қимыл бірлесіп, ортақтасып істелінеді
|
-ыс/-іс/-с
(жаз-ыс-ты)
|
Қаланың сәулетіне барлық елдердің ең керемет сәулетшілері тартылып, барлығы атсалысты
|
241-жаттығу. Өздік етістерді көшіріп жазып, қосымшаларын дефиспен бөліп жазу.
(дәптермен жұмыс)
Үлгі: сый-ын-а-ды (-ын-өздік етіс жұрнағы,-а-көсемше ж.-ды-жалғау.)
жасыр-ын-ба-с (-ын-өздік етіс жұрнағы, -ба-белгісіздік есімдігінің жұрнағы,-с-есімшенің жұрнағы), тарт-ын-шақ (-ын-өздік етіс жұрнағы,шақ-жалғау)
242-жаттығу. Өздік етіс жұрнағын жалғап, сабақты етістікті салт етістікке айналдыр. (Кеспе қағазымен жұмыс)
Сабақты етістік
|
Өздік етіс
|
Салт етістік
|
Көр
|
-ін
|
Көрін
|
Қыр
|
-ын
|
Қырын
|
Сүрт
|
-ін
|
Сүртін
|
Тара
|
-н
|
Таран
|
Ки
|
-ін
|
Киін
|
Шеш
|
-ін
|
Шешін
|
Сәнде
|
-н
|
Сәнден
|
Сабақты қорытындылау.-5 минут. Білімгерлердің жаңа сабақта алған білімдерін қорытындылау.
Білімгерлердің білімін және сабаққа белсенділігін бағалау 2 минут.
Үй тапсырмасы 5-минут. Өткен сабақты қайталау.
Әдебиеттер: Қазақ тілі мен әдебиеті. М.Е.Омаров. Жаттығулар мен тапсырмалар жинағы. 6-8 сынып. «Таңбалы» баспасы. Алматы. 2011ж.
Оқытушының қолы:____________
Сабақтың жоспары
Пән аты: Кәсіптік қазақ тілі
І. Сабақтың тақырыбы: Грамматикалық тақырып: Үстеу. Үстеудің тұлғалық түрлері. Мағынасына қарай түрлері. Үстеудің сөйлемдегі қызметі. Үстеудің емлесі.
Лексикалық тақырып: Экология және біз
ІІ. Сабақтың мақсаты:
А) Білімдлік: етістің жасалу жолдары, түрлері туралы түсініктерін кеңейту. Етістің түрлеріне лексикалық тақырыппен байланыстыра отырып мысал келтіріп, талдау жасап, олардың айырмашылығын таныту, өз ойларын жүйелі айтуға үйрету. Елордамыз туралы ерекше пікір қалдыру.
Ә) Тәрбиелік: сауатты оқу-жазуға, жауапкершілікке тәрбиелеу; ұлттық құндылықтарды құрметтеуге үйрету; өнер-білімге, Отанымызға деген сүйіспеншілігін ояту; оқушылардың бойына адамгершілік, эстетикалық, ізгілік қасиеттерді, рухани байлығын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Б) Ой-өрісін дамытушылық: оқушы қабылдауы мен ойлау аралығын зерттей отырып, ой қорытқызу және өз пікірлерін еркін жеткізе білуге баулу, жаңа сөздермен сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеу тілін, ой-өрісі мен дүниетанымын, есте сақтау, қабылдау, меңгеру қабілеттерін дамыту; білім, білік дағдыларын қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |