Сабақтың жоспары Пән аты: Кәсіптік қазақ тілі І. Сабақтың тақырыбы: Грамматикалық тақырып



бет17/36
Дата15.04.2022
өлшемі480 Kb.
#456694
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   36
кәсіби қазақ тілі

-ша, -ше жұрнағы. Осы жұрнақ арқылы жасалған үстеу мағына жағынан негізінде амалдың қалай я қалайша істелетіндігінің бейнесін білдіреді. Бұл жұрнақ жалқы зат есімдерге де, жалпы зат есімдерге (мысалы:Омаровша, Аманкелдіше, құсша, адамша), олардың жекеше түріне де, көпше түріне де (мысалы: батырша, батырларша) және тәуелді түріне де (көзімше, көзіңше, көзімізше, көзінше т. б.) жалғанып үстеу тудырады.

Осы жұрнақ арқылы кейбір негізгі сын есімнен де (ескіше, жаңаша, басқаша т. б.), туынды сын есімнен де (биылғыша, бұрынғыша) үстеу жасалады; жіктеу есімдіктерінен де (менше, меніңше, сендерше), өздік есімдіктен де (өзімше, өздерінше), кейбір белгісіздік есімдіктерден де (әлдекімше, кейбіреулерше) үстеу сөздер туады.

  1. -лай, -лей (-дай, -дей, -тай, -тей) жұрнақтары. Мысалы: осылай, екіншілей, жастай, жібектей, күздей, қыстай т. б.

  2. -дайын, -дейін, (-тайын, -тейін) жұрнақтары. Бұл жұрнақтар ― -дай және -ын деген қосымшалардан құралған құранды жұрнақтар. Мысалы: Түлкідейін түн қатып, Бөрідейін жол тартып (Махамбет).

  3. -шалық (-ша+лық), -шама (-ша+ма) жұрнақтары сілтеу есімдіктерінен үстеу жасайды. Мысалы: осыншама, соншама, соншалық, мұнша, мұншалық т. б.

  4. Көсемшенің құрамды -лап, -леп (-дап, -деп, -тап, -теп) формалары қосылған сөздің бәрі бірдей, әрине, үстеу бола бермейді. Адвербиалданған формалары ғана үстеуге жатады. Мысалы: Қырықтап, отыздап, жаяулап, темірлеп т. б.

  5. -шылап (-шілеп) жұрнағы. Бұл жұрнақ - бастапқы -ша және -лап деген қосымшалардан құралған. Мысалы:ішкері, сыртқары, тысқары, ұшқары т. б.

  6. -қары (-кері) жұрнағы санаулы біраз сөздерге жалғанып үстеу жасайды. Мысалы: ішкері, сыртқары, тысқары, ұшқары т. б.



  7. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет