Сабақтың тақырыбы: Құрмалас сөйлем
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Құрмалас сөйлемдерден алған теориялық білімдерін практикада қолдану; ауызша,жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып,білімдерін бекіту.
ә) дамытушылқ: ойлау қабілеттерін,қиялдарын дамыту; ой қорытып,нақты шешім жасауға үйретіп,өздеріне сенімдерін арттыру.
б) тәрбиелік: сауатты жазуға,ұқыптылыққа баулу;топпен жұмыс жасап,бір-бірін тыңдай білуге үйрету;сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты игерту.
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау стратегиялары элементтерін пайдалану,сұрақ-жауап,жаттығу
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,слайдтар,кестелер
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Құрмалас сөйлем екі я одан да көп жай сөйлемдерден құралады.Атқаратын қоғамдық қызмет жағынан жай сөйлем мен құрмалас сөйлем бір:екеуі де ойды (бірі – жалаң ойды,екіншісі – күрделі ойды) білдіреді,ойды жарыққа шығарады,оны басқаларға білдіреді,сол арқылы қоғам мүшелерінің өзара түсінісу қызметін атқарады.Сөйлемнің бір-бірінен өзгешеліктері олардың сыртқы құрылыстары мен ішкі мазмұндарында болады.
Құрамы жағынан алғанда,жай сөйлем жеке сөздерден құралады.Бұл – жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің бір-бірінен мағыналық өзгешелігі – жай сөйлемнің жеке бір ойды білдіріп,құрмаластың күрделі ойды білдіруінде.
Жай сөйлемдер: Зұлқия келген жұмысын баяндап отыр.Оның алдында бірнеше хаттар жатыр.
Құрмалас сөйлем: Басқарма мәжілісінен шығып,мамыт пәтеріне қарай беттеп келе жатты.
Екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралып,күрделі ойды білдіретін сөйлемдерді құрмалас сөйлем дейміз.
Құрмалас сөйлемнің құрылысына қарай 3 түрі бар: салалас құрмалас сөйлем,сабақтас құрмалас сөйлем және аралас құрмалас сөйлем.Олардың ерекшеліктері төмендегідей:
-
түрі
|
ереже
|
Салалас құрмалас сөйлем
|
Құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып,өзара тең дәрежеде (салаласа) байланысады.
|
Сабақтас құрмалас сөйлем
|
Жай сөйлемдердің алғашқысының баяндауышы тиянақсыз болып,екінші сөйлемге бағына (сабақтаса) байланысады.
|
Аралас құрмалас сөйлем
|
Кемінде үш сөйлемнен құралып,бір-бірімен салаласа да,сабақтаса да байланысады.
|
Жаттығумен жұмыс: 93-жаттығу. Берілген сөйлемдерден қайсысы жай сөйлем, қайсысы құрмалас сөйлем екенін ажыратыңдар.
Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөйлемдерге сатылай кешенді таладау жүргізеді.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.
Үйге тапсырма: 94-жаттығу.
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Салалас құрмалас сөйлем
Сабақтың мақсаты: а) салалас құрмалас туралы түсінік бере отырып,оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;.
ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық, жылдамдық, есте сақтау қабілеттерін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;
б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,тіл дамыту, топтастыру, шығармашылық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Құрамындағы жай сөйлемдерінің баяндауыштары тиянақты болып,өзара тең дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлемнің түрін салалас құрамалас дейміз.
Мысалы: Айгүл аттан түсіп еді,су қайта таязданып қалғандай екен.
Жер қара,күн жылы кезінде бұл қалада болған адам өзен ортасындағы арал орманды жақсы біледі,өйткені қаланың тұрғындары жазғы демалыс күндерінде бұл араға қауырт келеді.Салаластың құрамындағы бірінші жай сөйлемдерінің баяндауыштары (түсіп еді,біледі) екінші жай сөйлемдерінің баяндауыштары сияқты (таязданып қалғандай екен,келеді) тиянақты,сондықтан олар тең дәрежеде (салаласа) байланысып тұр.
Құрамындағы жай сөйлемдер екі түрлі жолмен байланысады:
1.Құрамындағы жай сөйлемдері көбіне жалғаулық шылаулар арқылы байланысады.
2.мағыналарының жақындығына қарай іргелес тұрып,,интонация арқылы байланысады.
Жаттығумен жұмыс: 96-жаттығу. Берілген мақал-мәтелдердің екінші сыңарын өздерің ойлап тауып,салалас құрмаласқа айналдырып жазыңдар.
Еңбек ерлікке жеткізер,............. Көз қорқақ,........... Еңбек түбі-береке,.........
Қоянды қамыс өлтіреді,....... Көп қорқытады, ......... Жалғыздың үні шықпас,....
Атаның баласы болма,...... Ат аяғынан семірер,.......... Ұста пышаққа жарымас,....
Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөйлемдерге синтаксистік және морфологиялық таладау жүргізеді.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.
Үйге тапсырма: Салалас құрмалас сөйлемге мысалдар жазып келу.
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері
Сабақтың мақсаты: а) Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері туралы түсінік бере отырып,оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;.
ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;
б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу;
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру, дамыта оқыту
Сабақтың көрнекілігі: плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің бір-бірімен мағыналық қарым-қатынасы әр түрлі болады.
Мысалы: Бұл уақыттың ішінде ел де өзгеріп кетті,адамдар да өзгерді.Мен өзімді көпті көрген көнемін деп шамалайтын едім, - баланың батыл жауабынан қысылып қалдым.Оның бұл халіне өзгеден гөрі Гүлнәрдің тынышы кетті,сондықтан ол Қызылордадан Алмалыққа біржолата көшіп келді.
Құрамындағы жай сөйлемдерінің бір-бірімен мағыналық қарым-қатынасына қарай,салалас құрмалас сөйлем алты түрге бөлінеді:
-
түрі
|
мысал
|
Ыңғайластық
|
Биыл жайлауда болдым және ауылдағы ағаларымның үйіне бардым.Далада жел соғып тұр,әрі сіркіреп жаңбыр жауып тұр.Ол бөлмесіне кірді де,тарс бүркеніп жатып қалды.
|
Қарсылықты
|
Оның даусы жақсы,бірақ ән айтуды жақтырмайды.менің театрға барғым келмеді,әйткенмен оның көңілін қалдырғым келмеді.Есікті жауып қойған,сонда ол ішке кіруден үмітін үзген жоқ.
|
Себеп-салдар
|
Биыл шөп қалың шықты,өйткені жаңбыр көп жауды.Қорадан мал ұрланыпты,сол үшін Базарбайды қатты соққыға жықты.
|
Кезектес
|
Олар біресе тоқтап демалады,біресе күн ұзақ жүріп алады.Балалар бірде футбол ойнайды,бірде өзенге барып шомылады.
|
Талғаулы
|
Ертерек үйге дәрігер шақыру керек немесе ауруханаға бару керек.Я болар жеріңді айт,я бізге килікпей тыныш жүр.Тезірек шөп ору керек,әйтпесе уақыт өтіп кетеді.
|
Түсіндірмелі
|
Қорыққаны сонша – орнынан тұра алмай қалды.Оның келмеген себебі мынау: кеше жұмыстан кеш қайтты.
|
Жаттығумен жұмыс: 98-жаттығу. Сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдаңдар да, қайсысы жай сөйлем, қайсысы құрмалас сөйлем екенін анықтаңдар.
Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөйлемдерге синтаксистік және морфологиялық талдау жүргізеді.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.
Үйге тапсырма: Салалас құрмалас сөйлемге мысалдар жазып келу.
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы : Диктант
Сабақтың мақсаты :
а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын еркін жеткізе білуге,сауатты жазуға дағдыландыру.
ә) Мұқият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.
б) Өз ісіне ұқыпты,мейірімді,кешірімшіл болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : қайталау
Сабақтың әдісі: баяндау
Сабақтың көрнекілігі : диктанттар жинағы
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқушылардың зейінін аудару.
Тақтаға бүгінгі күн мен диктанттың тақырыбын жазып қоямын.
ә) Жаңа сабақты түсіндіру;
Мәтінді мәнерлеп оқып беремін.
Қазақтың ұлттық тағамдары
Сөк. Қуырған тарыны қазақ сөк деп атайды. Ол үшін тары жел өтіне суырылып, екшеленеді, тазаланады. Бірнеше рет таза суға жуылады. Дегдігенше оны аздап кептіреді де, қазанға су құйып, тарыны соған салып, қайнатады. Қазандағы тары қауызы ашыла бастағанда,сүзіп алады. Содан соң таза сумен бірнеше қайтара жуып, дегдуі үшін, жайып қояды.
Дегдіген соң, қызған қазанға салып,қуырады. Қуырған кезде бұлғауышпен үздіксіз бұлғап отыру керек. Әйтпесе, тарының астыңғы беті қуырылып, үсті қуырылмай қалады. Ал ала-құла қуырылған тарынын ақтаған кезде,қауызынанажырату қиын. Әрі мұндай тарының сөгі де ала болады.
Қуырған тары тым суып кетсе,жасып қалады. Сондықтан оны көп суытпай,келіге түйіп алу керек. Тары түйетін келінің де , келсаптың да қатты ағаштан жасалғаны дұрыс.
Түйілген тарыны табаққа салып алып, суырады. Сөйтіп, қауызынан айырады. Бір түйгеннен тары қауызынан түгел айырылмайтындықтан,оны екінші рет түйеді. Мұны ақтау деп атайды. Ақталған тарыны тағы да желпіп суырады. Сонымен сөк дайын болады. Сөктің түсі сарғыш,хош иісті аса дәмді келеді.
Сөк көбінесе шай дастарханына қойылады. Сондай-ақ тағы да басқа неше түрлі тағамдар дайындауға болады.
(«Қазақ күнтізбесі», 1991.) (154 сөз)
Мәтінді тағы да бір рет оқып беремін, оқушылар тыныс белгілерін қояды.
Үйге тапсырма : қайталап келу.
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы : Диктант
Сабақтың мақсаты :
а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын еркін жеткізе білуге,сауатты жазуға дағдыландыру.
ә) Мұқият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.
б) Өз ісіне ұқыпты,мейірімді,кешірімшіл болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : қайталау
Сабақтың әдісі: баяндау
Сабақтың көрнекілігі : диктанттар жинағы
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқушылардың зейінін аудару.
Тақтаға бүгінгі күн мен диктанттың тақырыбын жазып қоямын.
ә) Жаңа сабақты түсіндіру;
Мәтінді мәнерлеп оқып беремін.
Шұғаның аулында
Күн бата ауылдан шықтық. Біздің де жеккеніміз пар ат. Делбені өзім ұстадым.Қатты шыққан қарқынымызбен келіп қалдық. Әбдірахманның екі көзі алдында. Алдымызда жүз метрдей жерде Есімбектің үйі тұр,бірақ Шұға көрінбейді. Енді кішкене жүрсек,өтіп те кетеміз,бірақ өткіміз келмейді. Аттың басын тежей беремін. Бұдан кетсе, Әбдірахман Шұғаны мәңгі көре алмас деген ой елестейді. Бір-бірімізбен сөйлеспей келеміз, сонда да біріміздің ойлағанымызды екіншіміз біліп келеміз. Есімбектің қабаған төбеттері алдымыздан шықты. Есіктің алдында бірталай адам жағалай отыр, бірақ бәрінің көзі бізде. Басында кимешек киген Шұғаның үлкен жеңгесі түйе сауып тұр. Үлкен үй мен отаудың арасында бәйбіше теңселіп жүр. Осының бәрі маған қуаныш секілді көрінді, сонда да біздің кетіп бара жатқанымызға ешкім таңырқаған жоқ. Ат тоқтауға айналған екен,сөйтсе де, делбені жиыңқырап ұстай бергенімде,ширыға жөнелді. Осы кезде ауылдың сырт жағындағы құдықтан келе жатқан екі әйел көрінді. Біреуі-Шұға. Әбдірахман арбадан қарғып түсті.
(Б.Майлин.) (142 сөз)
Мәтінді тағы да бір рет оқып беремін, оқушылар тыныс белгілерін қояды.
Үйге тапсырма : қайталап келу.
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Ыңғайлас салалас
Сабақтың мақсаты: а) ыңғайлас салалас туралы түсінік бере отырып,оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;.
ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;
б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу;
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру, дамыта оқыту
Сабақтың көрнекілігі: плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Құрамындағы жай сөйлемдерінің бірінде айтылған ойға екіншісінде айтылған ойдың мезгілдес,бағыттас,ыңғайлас мәнде қарым-қатынаста болуын ыңғайлас салалас дейміз.Мысалы:
Қостың ар жағынан қара кер аттың басындағы жүген сылдырлары,шөп суылдады. Көмірден май да шығады,темір қорытатын кокс те шығады.Мен бұл арада үнемдедім және үндеуді қажет те көрмедім.
Бастапқы ыңғайлас саласта жүгеннің сылдырлауы мен шөптің суылдауы бір мезгілде болғандығы туралы айтылған.Екінші ыңғайлас салаласта бірінші жай сөйлемде айтылған ойдың екінші жай сөйлемге де ортақ екендігі байқалады және екі сөйлемнің баяндауышы да шығады деген сөз болып тұр.Соңғы ыңғайлас салаластағы жай сөйлемдер істің,оқиғаның жүзеге аспауы жағынан бірыңғай біркелкі айтылған.Мұндағы жай сөйлемдердің баяндауыштары (үндемедім,қажет те көрмедім) етістіктің болымсыз түрімен берілген.
Ыңғайлас салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен жалғаулық шылаулар арқылы да,жалғаулық шылаусыз,іргелес тұрып байланыса береді.жалғаулық шылаулардың қатысу-қатыспауына қарап,ыңғайлас салаластарды жалғаулықсыз ыңғайлас салалас деп екіге бөлеміз.
Жалғаулықсыз ыңғайлас салаластағы кейбір жай сөйлемдер бір мезгілде қатар болған я болатын істерді білдіреді.Мұндайда олардың баяндауыштары көбінесе бір шақта тұрады.
Тысқа Төрекеңмен ере шықтым.Ол кісі ойға қарай шұбатылған жолмен төмен кетті,мен жарға асылған жолмен жоғары кеттім.жастардың қолы қырықтықта,аузы әнде.
Ыңғайласа байланысқан кейбір жай сөйлемдер бірінен соң бірі болатын я болған істерді білдіреді.
Күн батты,тауды қара көлеңке басты.Екі құшақ жүнді Молдақым мен Әндіжан таразыға апарып өлшеп еді,жеті кило он төрт грамм болды.
Жалғаулықты ыңғайлас салалас және, да/де, әрі деген ыңғайлас мәнді жалғаулықтардың қатысуы арқылы жасалады.Мұның өзінде да,әрі жалғаулықтары ыңғайлас салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің әрқайсысымен қайталанып немесе қайталанбай,олардың арасында бір-ақ рет келіп те тұра береді.
Ал және жалғаулығы ешқашан да қайталанбай,құрмаласқан жай сөйлемдердің арасында бір-ақ рет келіп тұрады.
Мысалы: 1.Олардың негізгі табысы сүттен екен.Сиырдың тұқымы да жақсы,бабы да келіскен екен. 2. Қадырдың киімі жұқа әрі денсаулығы да мықты емес. 3. Келгендер арасында Абай бұрынан білетін Дәндібай,Еренай сияқты қарттар бар және екі-үш орта жастағы адам бар. Меңдіқыз Хакімге қарады да,Әлібек Меңдіқыздың бетіне қарады.
Және жалғаулықты шылаумен келгенде,әрі шылауы қайталанбай бір-ақ рет келгенде,жай сөйлемдердің арасына үтір қойылмайды.Қалған жағдайларда жай сөйлемдер арасына үтір қойылады.
Жаттығумен жұмыс: 99-жаттығу. Көшіріп жазып тиісті тыныс белгілерін қойыңдар.
Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөйлемдерге синтаксистік және морфологиялық талдау жүргізеді.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.
Үйге тапсырма: 100-жаттығу.
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Себеп-салдар салалас
Сабақтың мақсаты: а) себеп-салдар салалас туралы түсінік бере отырып,оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;.
ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;
б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру, дамыта оқыту
Сабақтың көрнекілігі: плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысының немесе соңғысы алдыңғысының себебін білдіретін салалас құрмаластың түрін себеп-салдар салалас дейміз.Жайлаудың көлдеріне сене беруге болмайды,құрғақшылық жылы олардың көбі тартылып қалды.Қайыр сөзді әрі қарай тереңдеткісі келмеді,сондықтан әңгіме желісін бұрып жіберді.
Бірінші құрмаласта соңғы сөйлем алдыңғы сөйлемнің себебін білдіріп тұрса,екінші құрмаласта алғашқы сөйлем соңғы сөйлемнің себебін білдіріп тұр.
Себеп-салдар салаластағы жай сөйлемдер жалғаулықсыз іргелес те,жалғаулық шылаулар арқылы да байланысады.Ол жалғаулықтар мыналар: өйткені,себебі,сондықтан,неге десеңіз.
Себеп мәнді жай сөйлем
|
Сондықтан
Сол себепті
|
Салдар мәнді жай сөйлем
|
Салдар мәнді жай сөйлем
|
Өйткені
Себебі
Неге десеңіз
|
Себеп мәнді жай сөйлем
|
Қазір ол сақалын да қырған,киімін де өзгерткен,сондықтан кескін-кейпі де өзгерген.Сен танкіге үйренген адам едің,тракторға кетіп барасың.Жойқын алыптарды үңгірде,көрде тұрғызу – салт-сананың ең ескі түрінің бірі: үңгір – адам баласының ежелгі тұрағы.Кешен,кешене,кесене – қазақ ортасында қолданған сәулет өнерінің бір түрі,өйткені ерте заманда биік жерге салған күмбездердің барлығы «кесене» деп аталған.
Себеп-салдар салаластағы жай сөйлемдердің орындарын ауыстырып айта беруге болады. Жалғаулықсыз себеп-салдар салаласта жай сөйлемдердің қайсысы бұрын тұрғанын тыныс белгілері арқылы айырамыз.Егер себеп мәнді сөйлем салдар мәндіден бұрын тұрса,арасына үтір қойылады. Керісінше,салдар мәнді сөйлем себеп мәндіден бұрын айтылса,арасына қос нүкте қойылады.
Бұл егіннің дәнін қолымнан мен септім ғой,өзгеңнен гөрі менің жаным қаттырақ ауырар еді.Өзгеңнен гөрі менің жаным қаттырақ ауырар еді:бұл егін дәнін қолымнан менсептім ғой.
Жалғаулықты себеп-салдар салаласта жай сөйлемдердің қайсысы бұрын тұрғанын шылауларына қарай білеміз.Егер сондықтан,сол себепті деген жалғаулықтар тұрса,себеп мәнді жай сөйлем бұрын орналасып, салдар мәндісі соң орналасқан болады.
Себебі,өйткені,неге десеңіз деген шылаулар тұрса,салдар мәнді жай сөйлемі бұрын орналасып,себеп мәндісі соң орналасқан болады.Мысалы: Жаз айларында ондай шұбарлы жердің масасы мен сонасы қалың болады,сол себепті мұндай шыбыны көп шөл даланы ешбір ауыл жайламайды.Күріш тұқымы суға қолмен себіледі,өйткені тұқым сепкіш суға жүре алмайды.
Жаттығумен жұмыс: 101-жаттығу Сөйлемдердің баяндауыштарын тауып, тиянақты,тиянақсыз екнін анықтаңдар.
Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөйлемдерге синтаксистік және морфологиялық талдау жүргізеді.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.
Үйге тапсырма: 102-жаттығу.
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8
Достарыңызбен бөлісу: |