Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.
Үйге тапсырма: Бірнеше одағайларды қатыстырып сөйлем құрап келу.
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Жай сөйлемнің түрлері
Сабақтың мақсаты: а) Жай сөйлемнің түрлері туралы түсінік бере отырып,оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;.
ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық, жылдамдық, есте сақтау қабілеттерін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;
б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу;
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты игерту.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,тіл дамыту, сын тұрғысынан ойлау
Сабақтың көрнекілігі: плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Жай сөйлемнің құрылысы және көлемі әрқашан бір сипатта бола бермейді.
Далба тауында атақты Бұқар жырау күмбезі бой көтерді.(Ә.Кекіл.) деген сөйлемде тұрлаулы мүшелері (күмбезі бой көтерді) түгел қатысып тұр. Мейрамның Мұздыбайға соға кеткісі келді (Ғ.Мұст.) деген сөйлемде бастауышы жоқ,тек баяндауыш қана (соға кеткісі келді) қатысып тұр.Үскірік.Аяз.Тұлданған күн деген сөйлемдер іс-оқиғаны баяндамайды,тек атап қана қояды.
Жай сөйлемдердің осындай ерекшеліктеріне қарай мынадай түрлері болады: 1) жақты сөйлем және жақсыз сөйлем; 2) жалаң және жайылма сөйлем; 3) толымды сөйлем және толымсыз сөйлем; 4) атаулы сөйлем.
Жақты жақсыз толымды
толымсыз жалаң
жайылма атаулы
Жаттығумен жұмыс: 69-жаттығу. Сөйлесуде сөйлем басында жоқ пен ия қолданғанда,өздерінен кейінгі сөздерден олар үтірмен бөлінеді. Диалогті оқып шығыңдар да,әрбір сөйлемнің жақты сөйлем екенін дәлелдеңдер.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.
Үйге тапсырма: Бірнеше сөйлемге синтаксистік талдау жасап келу.
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Жақты сөйлем
Сабақтың мақсаты: а) оқушыларға жақты сөйлем туралы түсінікті тілмен оқушыларды қатыстыра отырып жан-жақты мәлімет беру;
ә) сөйлемнің түрлерін түсіндіре отырып ұжымдық,деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың адамдық қасиеттерін дамыту;
б) оқушылардың белсенді ойлау қабілеттерін жандандырып, ОҮӨӘЖПТ арқылы сауатты жазу,оқу дағдыларын жетілдіру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: ой қозғау, сұрақ-жауап,тіл дамыту, топтастыру
Сабақтың көрнекілігі: плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Жақты сөйлем дегеніміз – бастауышы бар,жасырын тұрғанда да баяндауышы арқылы табуға болатын сөйлем.Мысалы: Арада сүт пісірімдей уақыт өтеді.Кенет отқа көзі түсіп кеткен Апақ таң қалып отыра кетеді: қара тастар жалын шашып жанып жатыр! Бұл сөйлемдердің бәрінде де бастауыш қатысқан: уақыт,Апақ,тастар.
Кейде бастауыш айтылмай,түсіп те қалады.Бірақ оны баяндауыш арқылы оңай табуға болады.Дос жүрегіне сенеді ... Басқаны ауызға да алдырмаймын. Бұл сөйлемдерде бастауыш айтылмағанмен,баяндауышына қарап,бірінші сөйлемде бастауыш – ол, екінші сөйлемде – мен деген жіктеу есімдігі екенін табуға болады.Ол дос жүрегіне сенеді.мен басқаны ауызға да алдырмаймын.
Сонымен,құрамында бастауышы қатысқан жай сөйлемнің түрін жақты сөйлем дейміз.
Жаттығумен жұмыс: 70-жаттығу. Көшіріп жазып,тұрлаулы мүшелердің астын сызыңдар да,олардың қай жақта байланысып тұрғанын айтыңдар.
71-жаттығу. Бастауышы айтылмай тұрған сөйлемдердің бастауышын баяндауыш арқылы тауып,жақша ішіне қойып көшіріп жазыңдар.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
-
Сөйлемдер құрылысына қарай нешеге бөлінеді?
-
жай сөйлем дегеніміз не?
-
жақты сөйлем қалай жасалады?
-
Бастауыш жасырын тұрса қалай табуға болады?
Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.
Үйге тапсырма: 72-жаттығу.
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Жақсыз сөйлем
Сабақтың мақсаты: а) оқушыларға жақ сыз сөйлем туралы түсінікті тілмен оқушыларды қатыстыра отырып жан-жақты мәлімет беру;
ә) сөйлемнің түрлерін түсіндіре отырып ұжымдық,деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың адамдық қасиеттерін дамыту;
б) оқушылардың белсенді ойлау қабілеттерін жандандырып, ОҮӨӘЖПТ арқылы сауатты жазу,оқу дағдыларын жетілдіру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,тіл дамыту, шығармашылық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Кейбір жай сөйлемдерде бастауыш мүлдем болмайды.Ондай жағдайда баяндауыштың өзі сөйлемге негіз болып тұрады. Менің айтқаным келді.бір жерде көргенім бар.
Баяндауыштың бір өзі сөйлемге негіз болатын жай сөйлемнің түрін жақсыз сөйлем дейміз.
Жақсыз сөйлемнің жасалу жолдары
|
-қы,-ғы,-кі,-гі жұрнақтары қалау райлы етістіктен болады
|
Барыс септік жалғауы тұйық етістіктен соң бол,жара,тура,кел
деген көмекші етістіктердің келуі арқылы жасалады
|
Атау немесе барыс септік тұлғалы тұйық етістіктен соң керек,жөн,мүмкін деген бейтарап сөздердің тіркесіп келуі арқылы жасалады
|
-ып,-іп,-п жұрнақтары көсемшеден кейін бол деген көмекші етістіктің болымсыз тұлғада келуі арқылы жасалады
|
Құрамында бастауыш тұлғалы сөзі бар идиомдар жақсыз сөйлем болады
|
Абайдың ұғына түскісі келді
|
Енді сізге айтуға тура келді.
|
Біздің ашық сөйлесуіміз керек.
|
Нені айтып отырғанын түсініп болмайды
|
Енді біраздан кейін көз байлануға айналады.
|
Жаттығумен жұмыс: 73-жаттығу. Көшіріп жазып, жақсыз сөйлемдердің қандай жолдармен жасалып тұрғанына талдау жасаңдар.
Шығармашылық жұмыс: Төменде берілген күрделі сөздерді баяндауыш етіп,жақсыз сөйлем құраңдар.
Барғым келмеді, түсуге болмайды, кездесуі мүмкін, түсініп болмайды, сөйлесуің керек, айтуға тура келді.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
-
Сөйлемдер құрылысына қарай нешеге бөлінеді?
-
жай сөйлем дегеніміз не?
-
жақты сөйлем қалай жасалады?
-
жақсыз сөйлем қандай жолдармен жасалады?
Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.
Үйге тапсырма: 75-жаттығу.
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлемдер
Сабақтың мақсаты: а) Жалаң және жайылма сөйлем туралы түсінік бере отырып, оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;.
ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;
б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу;
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты игерту.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, іздендіру, дамыта оқыту
Сабақтың көрнекілігі: плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Жай сөйлемнің жалаң және жайылма болуы тұрлаусыз мүшелердің қатысу-қатыспауына байланысты.
Кейбір жай сөйлемдердің құрамында тұрлаусыз мүшелер болмайды.Мысалы: Жаңбыр сіркіреп тұр.жер су. – Жаңбыр ашылды ма?
Тұрлаусыз мүше қатыспаған жай сөйлемді жалаң сөйлем дейміз.
Жалаң сөйлем құрылысына қарай жақты да,жақсыз да сөйлем болуы мүмкін.Ойын қызық.Үй жлы.Қарағың келеді.айтуға бола ма?
Ж айылма сөйлем тұрлаусыз мүшелердің қатысуы арқылы жасалады.Едіге ұзақ жол жүрді.Алыстан мұнар тау көрінеді.Алғашқы сөйлемді ұзақ деген мөлшер пысықтауыш жайылма сөйлемге айналдырса,соңғы сөйлемді анықтауыш (мұнар) пен мекен пысықтауыш (алыстан) қатысып,жайылма сөйлемге айналдырып тұр.
Тұрлаусыз мүше қатысқан жай сөйлемді жайылма сөйлем дейміз.
Жайылма сөйлемдер де құрылысына қарай жақты не жақсыз бола береді. Таспен ұрғанды аспен ұр. – жақты сөйлем. – Сонда менің ауданға баруым керек пе? – жақсыз сөйлем.
Жаттығумен жұмыс: 77-жаттығу. Көшіріп жазып, сызықшаның қойылу себебін анықтаңдар. Жай сөйлемдердің қайсысы жалаң,қайсысы жайылма екенін көрсетіңдер
.
Шығармашылық жұмыс: Төменде берілген сөйлемдерді жайылма сөйлемдерге айналдырыңдар.
Нұрмағамбет тілін алды. Ол киіне бастады. Нұрмағамбет көзге түсті. Ойын-той болмайды. Сәні болмайды. Андрей шақырылады. Саусақтары жетпейді. Саусақтары ырқына көнбейді. Ол біледі.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
-
Сөйлемдер құрылысына қарай нешеге бөлінеді?
-
жай сөйлем дегеніміз не?
-
жақты сөйлем қалай жасалады?
-
жақсыз сөйлем қандай жолдармен жасалады?
-
Жалаң және жайылма сөйлемдер қалай жасалады?
Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.
Үйге тапсырма: 78-жаттығу.
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Толымды және толымсыз сөйлемдер
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Толымды және толымсыз сөйлемдерден алған теориялық білімдерін практикада қолдану; ауызша,жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып,білімдерін бекіту.
ә) дамытушылқ: ойлау қабілеттерін,қиялдарын дамыту; ой қорытып, нақты шешім жасауға үйретіп,өздеріне сенімдерін арттыру.
б) тәрбиелік: сауатты жазуға,ұқыптылыққа баулу;топпен жұмыс жасап, бір-бірін тыңдай білуге үйрету;сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты игерту.
Сабақтың әдісі: жинақтау,талдау,сын тұрғысынан ойлау,сатылай кешенді талдау,т.б.
Сабақтың көрнекілігі: плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Ойға қатысты сөйлем мүшелерінің барлығы қатынасқан сөйлемдерді толымды сөйлем дейміз. Мысалы: Шашубай мерген еді.Ол шиті мылтықпен кешке киік атып әкелді.
Бұл екі сөйлемде де айтушыға керекті сөйлем мүшелері түгел қатысқан.Бірінші сөйлем тек бастауыш пен баяндауыштан тұрса да,ой толық жеткізілген.Екінші сөйлемде ойға қажетті толықтауыш,анықтауыш,пысықтауыш,бастауыш,баяндауыш – түгел бар.Сондықтан бұлар – толымды сөйлемдер.
Толымсыз сөйлем деп ойға қатысты сөйлем мұшесінің бірі түсіп қалған сөйлемнің түрін айтамыз.Толымсыз сөйлемнің басты ерекшелігі түсіп қалған немесе қажет болған сөзді орнына қойғанда,толымды сөйлемге айналады.
Мысалы:
-
Төбе би кім болады?
-
Кім сайлайды бұны?
-
Ояздар ел кеңесіне беріп отыр дейді.
-
Жақсылар ынтымағы кімді ұйғарар екен?
-
Тобықты ола ма? Сыбан,Керей,Уақ бола ма?
Жауап сөзде тура толықтауыш (сайлауды),келесі сұраулы сөйлемде жанама толықтауыш (төбе биге),соңғы сұрақта бастауыштар (төбе би) түсіп қалған.
Толымсыз сөйлемнің жасалу жолдары екі түрлі:
1) Өзара желілес сөйлем тобында.
Қарлығаштар тағы (қайда?)келді. (нелер?),(қайда?) Тағы кетті. (нелер?) Қайта-қайта (қайда) келе берді.(нелер?) Келген сайын,ұяның аузы бүріліп,тарыла берді.
2) Сөйлемнің қажетті мүшелерінің айтылмай қалуы,әсіресе диалог «екі не бірнеше адамның сөйлесуі) жағдайында жиі кездеседі.қажетті мүшенің айтылмауы көбінесе оның алдыңғы сөйлемде айтылғандығына,жалпы,оның не екені белгілі болып тұруына байланысты.
Жаттығумен жұмыс: 80-жаттығу. Берілген сөйлемдердің толымды-толымсыз кекендігін анықтап, толымды сөйлем құрауға қатысқан сөйлем мүшелерін және толымсыз сөйлемдердің жетпейтін мүшелерін табыңдар.
Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөйлемдерге синтаксистік,морфологиялық талдау жүргізеді.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
-
Жақсыз сөйлем қандай жолдармен жасалады?
-
Жалаң және жайылма сөйлемдер қалай жасалады?
-
Толымды және толымсыз сөйлем қалай жасалады?
Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.
Үйге тапсырма: 81-жаттығу.
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Атаулы сөйлем
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Толымды және толымсыз сөйлемдерден алған теориялық білімдерін практикада қолдану; ауызша,жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып,білімдерін бекіту.
ә) дамытушылқ: ойлау қабілеттерін,қиялдарын дамыту; ой қорытып,нақты шешім жасауға үйретіп,өздеріне сенімдерін арттыру.
б) тәрбиелік: сауатты жазуға,ұқыптылыққа баулу;топпен жұмыс жасап,бір-бірін тыңдай білуге үйрету;сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: жинақтау,талдау,сын тұрғысынан ойлау,сатылай кешенді талдау,т.б.
Сабақтың көрнекілігі: плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Кейбір жай сөйлемдер іс-оқиғаны баяндамайды,тек заттың,құбылыстың,мезгілдің,мекеннің атауын ғана білдіреді.
Дала.Егін даласы.Егін даласы рақат құшағында. (Ә.Ә.)
Атаулы сөйлемдер арқылы беріліп тұрған ойды басқа сөйлемнен былайша білдіруге болады:
Міне,дала көрінеді.Бұл – егін даласы.Бұл сөйлемдерде құбылыс аталмайды,баяндалады.
Іс-оқиғаның жайында баяндамай,тек соған байланысты жағдайы (мезгіл,мекен,т.б.) атап көрсететін жай сөйлемнің түрін атаулы сөйлем дейміз.
Атаулы сөйлем,негізінен,зат есімнен болады.Тоғай.Егін.Шалғын.Жабағыдай ұйысқан қалың көктен машинаның кейде жаны ғана көрінеді. (Ғ.Мұст.)
Құрамы жағынан атаулы сөйлем жеке бір сөзден де,екі немесе одан да көп сөздердің тіркесінен де бола береді.Бала күнім.Жер сіреу қар.Ызбарланып аспанның ажары бір кірмейді. (Ж.Айм.) Мағынасы жағынан атаулы сөйлем мезгілді,мекенді,жағдайы және басқа да әр түрлі заттың атын білдіреді.Қазан айы.Түнерген кеш.Баяу ескен қоңыр жел.Өлке бойындағы қалың тал мен әредік қамыс ақырын қозғалып сыбырлайды. (С.Сейф.)
Жаттығумен жұмыс: 85-жаттығу. Берілген сөйлемдерден атаулы сөйлемдерді табыңдар.
86-жаттығу.Мәтіннен ыңғайы келген сөйлемдерді атаулы сөйлем етіп жазыңдар. Атаулы сөйлемдерді бір сөзден, сөз тіркесінен, күрделі сөздерден жасаңдар.
Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөйлемдерге сатылай кешенді талдау жүргізеді.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
-
Жақсыз сөйлем қандай жолдармен жасалады?
-
Жалаң және жайылма сөйлемдер қалай жасалады?
-
Толымды және толымсыз сөйлем қалай жасалады?
-
Атаулы сөйлем дегеніміз не?
Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.
Үйге тапсырма: 87-жаттығу.
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Жай сөйлемнің түрлеріне арналған жаттығу жұмыстары.
Сабақтың мақсаты: білімділік – оқушылардың өткен тарау жай сөйлемнің түрлері тақырыбынан алған теориялық білімін пысықтау;
дамытушылық – оқушылардың іскерлігі мен біліктілік дағдыларын жетілдіре отырып,ойлау қабілетін,сөздік қорын дамыту;
тәрбиелігі – оқушыларға туыстық атаулар туралы ұғым бере отырып,алыс-жақынын тани білуге шақыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,слайдтар,кестелер.
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау стратегиялары элементтерін пайдалану,сұрақ-жауап,жаттығу
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Жаттығумен жұмыс: 87-жаттығу. Мәтіндегі сөйлемдерді мағынасына және құрылымына қарай талдаңдар. Нені арман ететінімізді мәтінге сүйене отырып , кеңейтіп айтып көріңдер.
Топпен жұмыс: 88-жаттығу. 1-топ: Әңгімедегі жай сөйлемнің түрлерін талдаңдар.
2-топ: Бейнелі сөздерді, фразелогизмдерді табыңдар.
Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөйлемдерге сатылай кешенді таладау жүргізеді.
1. Қайсысы жақсыз сөйлемнің жасалу жолына жатпайды?
А) –ғы,-гі,-қы,-кі тұлғалы қалау райлы етістік
В) Құрамында бастауыш тұлғалы сөзі бар идиомалар
С) Атау немесе барыс септігіндегі тұйық етістіктен соң «керек», «мүмкін» сөздерінің тіркесуі
Д) Баяндауышы зат есімнен басталады.
Е) Барыс септігіндегі тұйық етістіктен соң «бол», «жара», «тура», «кел» көмекші етістіктерінің тіркесіп келуі.
2Жақсыз сөйлемді тап.
А) Бүгін емтиханға дайындалу керек. В) Жартастың басынан қарауытқан бір нәрселер көрінеді.
С) Ойнап сөйлесең де,ойлап сөйле. Д) Ауыл маңы тып-тыныш Е) Оқу—білім бұлағы
3. Жақты сөйлемді тап.
А) Сенің балмұздақ жегің келе ме? В) Оның айтқандарын түсініп болмайды
С) Бұл оқиғаны енді айтпасқа болмайды Д) Оның үрейден төбе шашы тік тұрды.Е) Ертең сабаққа келесің бе?
4. Жалаң сөйлем дегеніміз не?
А) Бастауыш пен баяндауыштан ғана құралған сөйлем.
В) Тұрлаулы мүшелерімен қатар,тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлем
С) Мазмұны толық берілген сөйлем. Д) Бастауышы жоқ сөйлем Е) Бастауышы әрдайым жасырын тұратын сөйлем
5. Жайылма сөйлемді тап.
А) Мен барамын. В) Айдала С) Ол—сері жігіт Д) Үй жап-жарық Е) Сендер қараңдар
6. Қай сөйлем түрі екеуара сөйлескенде жиі қолданылады?
А) Толымсыз сөйлем В) жақсыз сөйлем С) жалаң сөйлем Д) атаулы сөйлем Е) жайылма сөйлем
7. «Кең зал.Құжынаған халық.» -қандай сөйлем?
А) Жақты сөйлем В) жақсыз сөйлем С) жайылма сөйлем Д) атаулы сөйлем Е) Толымды сөйлем
8. Бастауышы жасырын тұрған сөйлем қалай аталады?
А) жалаң В) жайылма С) жақты Д) жақсыз Е) толымды
9. Тұрлаусыз мүшелердің болу-болмауына қарай жай сөйлемдер қалай бөлінеді?
А) жақты,жақсыз В) атаулы С) толымды,толымсыз Д) жалаң,жайылма Е) жай,құрмалас
10.Жалаң сөйлемге жетпей тұрған сөзді көп нүктенің орнына қойыңыз. «........оқып шықсын».
А) тез В) ол С) оған Д) сенімен Е) қайратпен
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын. Үйге тапсырма: қайталау.
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8
Достарыңызбен бөлісу: |