Сабақтың мақсаты : а Сөйлем оның түрлері туралы түсінік бере отырып,оқушыларды сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру



бет8/10
Дата16.06.2016
өлшемі0.82 Mb.
#138985
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Жаттығумен жұмыс: 145-жаттығу. Сөйлемдерді ыңғайына қарай құрмаластырып,мақсат бағыныңқы сабақтас жасаңдар.

Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөйлемдерге синтаксистік және морфологиялық талдау жүргізеді.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма: 1 46-жаттығу.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8



Сабақтың тақырыбы: Аралас құрмалас сөйлем

Сабақтың мақсаты: а) оқушыларға кезектес салалас сөйлем туралы түсінікті тілмен оқушыларды қатыстыра отырып жан-жақты мәлімет беру;

ә) сөйлемнің түрлерін түсіндіре отырып ұжымдық,деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың адамдық қасиеттерін дамыту;

б) оқушылардың белсенді ойлау қабілеттерін жандандырып,ОҮӨӘЖПТ арқылы сауатты жазу,оқу дағдыларын жетілдіру

Сабақтың түрі: білім,іскерлік дағдыны жетілдіру сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, іздендіру, дамыта оқыту

Сабақтың көрнекілігі: плакат, семантикалық карта, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Құрамындағы жай сөйлемдері бір-бірімен салаласып та,сабақтасып та байланысқан құрмаластың түрін аралас құрмалас сөйлем дейміз.

Амантай Серғазыларға ақылдасып еді,Жамантайдың науқасының түрі жаман болғандықтан,олар ырық бере қоймады.

Аралас құрмалас сөйлемнің құрамында кемінде үш жай сөйлем болады.Олардың екеуінің баяндауышы тиянақты да,біреуінің баяндауышы тиянақсыз болып келеді.Баяндауышы тиянақсыз сөйлем бірде аралас құрмаластың бас жағына орналаса,бірде тиянақты жай сөйлемдердің арасына орналасады.

Мысалдары:

1. Күн шығып,ел тұра бастады, - Нұрлан әлі жоқ.

Сызбасы: бағыныңқы,басыңқы,басыңқы.

2.Қорған кезінде топырақ араластыра тастан қаланған екен де,бұл кезде қорғанның үстіне жыңғыл мен шеңгел араласа шығып,өзінше ол да бір сән беріп тұр.

Сызбасы: басыңқы,бағыныңқы,басыңқы.

Аралас құрмалас кейде төртжай сөйлемнің құрмаласуы арқылы да жасалады.Мұндайда екі жай сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз болып келеді.Тиянақсыз сөйлемдер бірде аралас құрмаластың бас жағына бірыңғай орналасса,бірде тиянақты сөйлемдердің арасына орналасады немесе тиянақсыз сөйлем мен тиянақты сөйлемі кезектесе орналасады.

1.Ақбоз алдыңғы екі аяғын ербитіп,көзі шатынап тұра бергенде,Шолақ құлағын төмен қарай тұқырта басып қалып еді – ат етпетінен түсті.

Сызбасы: бағыныңқы,бағыныңқы,басыңқы,басыңқы.

2. Дастархандай қағаздағы шимайда не сиқыр жатқанын Шәрипа мен Нұрбай біле алған жоқ,бірақ дән шығындалу тыйылған соң,екеуі де инженерге ден қойып,оның аузынан шыққан сөз атаулыны бас шұлғи мақұлдады.

Сызбасы: басыңқы,бағыныңқы,бағыныңқы,басыңқы.

3. Кеген ауданына келгенінше,мен де аңшы емес едім,мұнда келген соң,еріксіз үйрендім.

Сызбасы: бағыныңқы,басыңқы,бағыныңқы,басыңқы.



Аралас құрмалас сөйлем –кемінде үш сөйлемнен құралып,бір-бірімен салаласа да,сабақтаса да байланысатын құрмалас түрі.

Аралас құрмалас сөйлемнің сызбасы төмендегідей:



Басыңқы,бағыныңқы,басыңқы

Қарағандының қары биыл бұрқан-тарқан қауырт еріп еді,сай салалар суға толып,қырдың тентек өзендері сақылдап тасығалы кемерлеп тұр.

Бағыныңқы,басыңқы,басыңқы.

Көзін сәулеге үйреткен Асқар терезеден қараса,аспан айдай ашық екен де,шуақты күн түске тармасып қалған екен.

Бағыныңқы,басыңқы,бағыныңқы, басыңқы.

Лиза ойнап есік алдына шығып кетсе,әке-шешесінің дауыстары үздіксіз шығады да,Лиза үйге қайтса,сөздерінің аяқталмай тоқталғаны аңдалады.

Басыңқы,бағыныңқы,бағыныңқы, басыңқы.

Ол бастықтың бөлмесіне келген еді,бірақ басқа келгендер болып,көпке дейін кезек келмей,есік алдында күтіп қалды.

Жаттығумен жұмыс: 152-жаттығу. .

Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөйлемдерге синтаксистік және морфологиялық талдау жүргізеді.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма: қайталау

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8



Сабақтың тақырыбы: Құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері

Сабақтың мақсаты: 1) құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері туралы түсінік беру,жасалу жолдарын ұғындыру,сөздердің өзге байланысу түрлерінен ажырата білуді үйрету;

2) өзіндік практикалық әрекет ортасын қалыптастыру,сауатты,әдемі жазуға бейімдеу,ойлау,есте сақтау қабілеттерін ажырату;

3) оқушылардыпатриоттыққа,жігерлікке,жаңашлдыққа,ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, іздендіру

Сабақтың көрнекілігі: плакат, деңгейлік тапсырма, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларғабірнеше сұрақтар қоямын



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

І. Салалас құрмаластардың тыныс белгілері.

Салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің арасына ретіне қарай үтір,қос нүкте,сызықша және үтір мен сызықша қойылады.Бұл сияқты әр түрлі тыныс белгілерінің қойылуы,біріншіден,салаластың жалғаулық шылау арқылы немесе жалғаулықсыз құрмаласқан салаластың,әр түрлі мағыналық қатынасты білдіруіне байланысты.

1.Жалғаулық шылаулар арқылы құрмаласқан салаластың барлық түріне,мағыналарының әр түрлі болғанына қарамасытан үтір қойылады.Ешбір өзгеріссіз су да ақырын тербеледі,қалтқы да жыбыр-жыбыр қозғалады.

Егер салаластағы жай сөйлемдер және шылауымен байланысса,олардың арасына ешбір тыныс белгісі қойылмайды Күріш жапырағының өзегі оның өз түсіндей болады және сол өзекшеден бірнеше талшықтар тарап жатады.

2. Жалғаулықсыз ыңғайлас салалас үтірмен бөлінеді.Олжабек бұл жолы бөгелген жоқ,жауапты қолма-қол қайырды.Ай таяқ бойы көтеріліпті,маңдай алда дөп-дөңгелек болып толықсып тұр.

3.Жалғаулықсыз себеп-салдар салаластың себеп мәнді жай сөйлемі бұрын орналасса,соңынан үтір қойылады.



Бимендінің әкесінің аты – Сыздық еді,ауылды Сыздық ауылы дейтін.

4.Жалғаулықсыз қарсылықты салаластың арасына үтір мен сызқша қойылады.Сен дайын ереже ұсынасың, - менің оған көнгім келмейді.

5. Түсіндірмелі салаластың бірінші жай сөйлемінің баяндауышы сонша, соншалық, сондай деген сөздерден болса,олардан кейін сызықша қойылады.райханның зәресі ұшқаны сондай – үні шықпай қалды.

6. Жалғаулықсыз ыңғайлас салалас істің,оқиғаның мезгіл жағынан өте тез,қас қаққандай уақыт ішінде болғандығын білдірсе не ол іс-оқиғаның өзара шарттас мәнде айтылғанын көрсетсе,құрамындағы жай сөйлемдерінің арасына сызықша қойылады.Шатырлап тұрған қурай лап етті – қара түтін бұрқ етті.

7. Түсіндірмелі салаластың құрамындағы жай сөйлемдерінің арасына қос нүкте не сызқша қойылады.

Екеуі де жастықты жаңа заманнан бастаған: дала жаңаша гүлдейді,дала адамы жаңаша өмір сүреді.

8. Жалғаулықсыз себеп-салдар салаластың салдар мәнді жай сөйлемі себеп мәндісінен бұрын тұрса,араларына қос нүкте қойылады.Малшы сырын білем мен: қолында өскем жасымнан.



ІІ.Сабақтас құрмаластардың тыныс белгілері.

  1. Сабақтастың құрамындағы жай сөйлемдердің арасына ,негізінде,үтір қойылады: Ол отқа жақындап келгенде,қараңғыда кісінеген жылқының дауысы естілді.

  2. Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемнің ортасында айтылса,оның екі жағынан үтір қойылады. жанпейіс үйге кіріп кеткенде,Асқар мен Ержан тыста қалды, - Асқар мен Ержан,Жанпейіс үйге кіріп кеткенде, тыста қалды.

ІІІ.Аралас құрмаластың тыныс белгілері.

Аралас құрмаластағы жай сөйлемдердің арасына қойылатын тыныс белгі,негізінен,салаласа және сабақтаса құрмаласқан сөйлемдерге қойылатын тыныс белгілерден құралады.

1.Егер араластың құрамында қарсылық мәнді жай сөйлемдер болса,ол басқаларынан үтір мен сызықша арқылы ажыратылады.

2.Араластың құрамында түсіндірмелі мәнді не себеп мәнді сөйлемдер болса,олар басқаларынан не қос нүкте,не сызықша арқылы ажыратылады.

3.Қалған жағдайлардың бәрінде араларына үтір қойылады.

IV. Көп бағыныңқылы құрмаластың тыныс белгісі.

Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемнің ортасында айтылса,бағыныңқы сөйлемнің екі жағынан үтір қойылады.



Жаттығумен жұмыс: 155-жаттығу. Оқып шығып, тыныс белгісінің қойылу себебін түсіндіріңдер.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма: «Әр қилы тағдырлар» деген тақырыпта құрмалас сөйлемдерді қатыстыра отырып шығарма жазыңдар.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8



Сабақтың тақырыбы: Орхон – Енисей жазбаларындағы құрмалас сөйлемнің түрлері.

Сабақтың мақсаты: а) Орхон-Енисей жазбалары туралы түсінік бере отырып,оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;.

ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу;

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру, дамыта оқыту

Сабақтың көрнекілігі: плакат , қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Орхон – Енисей жазбалаында құрмалас сөйлем салалас құрмалас,сабақтас құрмалас және аралас құрмалас болып бөлінеді.Көне түркі тілінде де салалас құрмаластың баяндауыштары тиянақты болып,тең дәрежеде байланысдаы.Мысалы: Қағаы алп ертті,айғучысы білге ертті. – Қағаны батыр еді,кеңесшісі (айтушысы) білгір еді.Екі үлүгі атлығ ерті,бір үлүгі йадағ ерті. – Екі бөлігі аттылы еді,бір бөлігі жаяу еді.

Сабақтас құрмалас сөйлемнің баяндауыштары тиянақсыз болып,бір-біріне бағына байланысады.Мысалы: Ол қан йоқ болтуқда кесре,ел йітміш,ычғынмыш, качышмыш. – Ол хан жоқ болғаннан кейін,ел шетінеген,ышқынған,қашқан (босқан). Тәңрі йарлықадуқын үчүн,өзүм қутум бар үчүн,қаған өлуртым. – Тәңірі жарылқаған үшін,өзім құтым болғандықтан,қаған (ұлы хан) болып отырдым.

Аралас құрмалас сөйлемде жай сөйлемдер әрі салаласа,әрі сабақтаса байланысады. Мысалы: Теңрі күн бертүк үчүн,қаңым қаған сүсі бөрі тег ерміш, йағысы қай тег ерміш. – Тәңірім күш бергендіктен,әкем қаған әскері бөрідей еді, жауы қойдай еді.


Билеттік тапсырма: 1. Құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2.Салалас құрмалас пен сабақтас құрмалас сөйлемнің айырмашылығы қандай?

3. Сабақтас құрмалас сөйлемдер қандай жолмен жасалады?

4. Аралас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

5.Аралас құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілері қандай?

6. Көп бағыныңқы сабақтас құрмалас дегеніміз не?


Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.
Үйге тапсырма: Құрмаластың үш түріне сөйлемдер жазып, талдап келу.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8



Сабақтың тақырыбы: Төл сөз. Төлеу сөз

Сабақтың мақсаты: білімділік –Төл сөз және төлеу сөз туралы түсінік беру;

тәрбиелік – тілді құрметтеуге,сүюге,белсенділік пен қызығушылыққа тәрбиелеу; дамытушылық – оқушыларға қазақ тілін оқыту арқылы ой-өрісін,таным,қабілетін, төл сөз туралы түсініктерін дамыту.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру, дамыта оқыту

Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер , қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Адам сөйлегенде не жазғанда сол өзі бяндап отырған мәселеге байланысты немесе соған қатысы бар басқа біреулердің сөзін,пікірін келтіретіні болады.Мысалы:



Абай:

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол, - деп адамдық,адамгершілік жайын қозғайды.(З.Ахм.) Осы мысалда сөйлеуші өз сөзінің ішінде Абайдың айтқан ақыл сөзін келтірген.

Біреудің сөзі екі түрлі жолмен беріледі: а) ешбір өзгеріссіз,дәл сол айтылған күйінде жеткізу.Біреудің сөзінің мұндай жолмен берілуін төл сөз дейді.Жоғарыда келтірілген мысалда біреудің сөзі төл сөз түрінде беріліп тұр; ә) сөйлеуші тарапынан өзгеріске ұшырап,біредуң сөзінің тек мазмұнын ғана сақтап жеткізу.Мысалы,жоғарыда Абай айтқан сөзді мына түрде де айтуға болады: Абай бес нәрседен қашық болып,бес нәрсеге асық болуды айтады.Біреудің сөзінің мұндай жолмен берілуін төлеу сөз дейді.



Төл сөзді болсын,төлеу сөзді болсын жеткізуде оларға жанама түсінік беретін сөйлеушінің өз сөзін автор сөзі дейді.Жоғарыда келтірілген мысалдағы Абай ... деп адамдық,адамгершілік жайын қозғайды дегендер – автор сөздері.

Ауызекі сөйлегенде төл сөз автор сөзінен дауыс ырғағы арқылы бөлініп тұрса,жазуда олардың арасы тыныс белгісі арқылы ажыратылады.Ал төлеу сөз ауызекі сөйлегенде болсын,жазуда болсын автор сөзінен ажыратылмай,біртұтас сөйлем құрамына енеді. Мысалы: Біржан құп тыңдап,өзі де сүйсіне көтеріліп:



- Шіркін,айтушы мен болғанда,үнемі ұқтырушым сен болсайшы,Абай! – деді.

Біржан құп тыңдап,өзі де сүйсіне көтеріліп,айтушы өзі болғанда,үнемі ұқтырушысы Абай болуын өтінді.

Осы мысалдағы төл сөз: Шіркін,айтушы мен болғанда,үнемі ұқтырушым сен болсайшы,Абай; төлеу сөз: айтуш өзі болғанда үнемі ұқтырушы Абай болуын.Төл сөздегі автор сөзі: Біржан құп тыңдап,өзі де сүйсіне көтеріліп,деді; төлеу сөздегі автор сөзі: Біржан құп тыңдап,өзі де сүйсіне көтеріліп,өтінді.Төл сөз бен автор сөзі қос нүкте,леп белгілі мен сызықша арқылы бөлініп тұрса,төлеу сөз бен автор сөзінің арасында ешқандай тыныс белгілері жоқ.



Жаттығумен жұмыс: 156-жаттығу. Берілген мысалдардан төл сөзді бірбөлек, төлеу сөзді бір бөлек топтап жазыңдар.

Кітаппен жұмыс: Көркем шығармалардан төл сөзді тауып тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіреді.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма: 157-жаттығу.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8



Сабақтың тақырыбы: Төл сөз бен автор сөзі

Сабақтың мақсаты: білімділік –Төл сөз бен автор сөзі туралы түсінік беру;

тәрбиелік – тілді құрметтеуге,сүюге,белсенділік пен қызығушылыққа тәрбиелеу;

дамытушылық – оқушыларға қазақ тілін оқыту арқылы ой-өрісін, таным,қабілетін, төл сөз туралы түсініктерін дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, деңгейлеп оқыту

Сабақтың көрнекілігі: плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Сөйлеуші өз сөзінің ішінде біредің айтқан сөзін өзгертпей,сол айтылған күйінде беруін төл сөз дейміз.

Мысалы: Майқы би баласы – Үйсінге: «Хан ақылды,әділ болса,қарашы батыл,ынтымақты болса,қара жерден су ағызып,кеме жүргізеді!, - деп батасын береді.Осы мысалда сөйлеуші Майқы айтқан сөзді төл сөз етіп отыр.



Төл сөзбен байланысты айтылған сөйлеушінің өз сөзін автор сөзі дейміз.

Жоғарыдағы алынған мысалдағы Майқы би баласы – Үйсінге ... деп батасын береді деген - автор сөзі: мұнда сөйлеуші төл сөзді кімге қаратып айтқаны жайында түсінік береді.

Төл сөзбен автор сөзі де көмекші етістігі арқылы байланысады,ол үнемі автор сөзінің құрамында болады және деді,дейді,деп,деген,деген екен (болатын),дей жаздады,дегендей, т.б. тұлғада тұрып қолданылады.

Мысалы: Майқы ақсақ - өмір бойы арбамен жүретін және арбасын жаяу адамға жетектетіп жүретін кісі екен.



  • Оған мені апарыңдар,мен көрейін, - дейді Майқы би.Бала Майқыны кргеннен-ақ орнынан атып тұрып:

  • Ассалаумағалейкум,хан біткеннің қызығы,бұқара жұрттың қазығы,азығы, - деп сәлем береді.

Төл сөздің мазмұны автор сөзінің ыңғайына қарай біреудің айтқан сөзі ғана еес,оның ойлаған ойы,айтуға оқталған сөзі де болып келеді.мсалы: Ішінен: «Қандай жақсы ырым еді,жүрегімді жүрегің қан жайлаудың қалың елінің арасынан қараңғы кеште адаспай танып,шақырып алғаны қалай еді» - деп,Керімбалаға алғыс пейілін бағыштап келеді.Бұл мысалда Керімбаланың айтқан сзі емес,ойлаған ойы төл сөз ретінде берілген. «Қошқардан туатын баланың аты Жәнібек болсын,ол дүниенің төрт бұрышын билейтін адам болады,бақ-дәрежесі жеті атаға жетеді», - деп аян береді.Мұнда Шақшақ батырдың түсі төл сөз ретінде берілген.
Жаттығумен жұмыс: 158-жаттығу. Көшіріп жазып төл сөз бен автор сөзін ажыратыңдар

Шығармашылық жұмыс: Мақал-мәтелдерді қатыстыра отырып төл сөз бен автор сөзіне әңгіме құрастырыңдар.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма: Сөйлемдерді талдап келу.
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Төл сөздің тыныс белгілері

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: оқушыларға төл сөздің тыныс белгілері туралы түсінік беру,теориялық білімдерін практикамен ұштастыру,оқушы білімін есепке алу.

2.Дамытушылық: әдеби жанрлардың түрлерінен мысалдар келтіру арқылы пәнге деген қызығушылығын дамыту,ізденімпаздық қасиетін қалыптастыру,шығармашылыққа баулу,тіл байлығын жетілдру.

3.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке,ізеттілікке,әдептіліке,шапшаңдыққа тәрбиелеу,ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге баулу,өз елін,тілін сүюді үйрету.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, іздендіру,талдау

Сабақтың көрнекілігі: плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Жазуда төл сөз автор сөзінен арнаулы белгілер арқылы бөлінеді.Төл сөздің тыныс белгілері автор сөзі мен төл сөздің орын тәртібіне және төл сөзді сөйлемнің хабарлы,сұраулы және лепті болуына қарай әр түрлі қойылады.

Төл сөз автор сөзінен бұрын орналасса, төл сөз тырнақшаға алынады не оның алдынан сызықша қойылады да,төл сөз бас әріптен бастап жазылады,төл сөздің соына,егер ол хабарлы сөйлем болса,леп белгісі қойылады да,одан кейін автор сөзінің алдынан сызықша қойылады.Мысалы:


  1. «Сонан қалмақ Сарыарқаға басқан жоқ», - дейді жыр.

  2. Көктемде неге желікті? – деп сұрадым мен.

  3. Алма,сен жақсы салдың еске! – деді Жанат,есіне жаңа түскендей.

Төл сөз автор сөзінен кейін тұрса,автор сөзінен соң қос нүкте қойылады,одан кейінгі төл сөз тырнақшаға алынады не алдынан сызықша қойылады.Мысалы:

Абай былай деді: «Баланың жақсысы – қызық,жаманы – күйік».

Аздан соң тағыда өзі сөйледі:

- Менің аңғаруымша,сіз тарихқа ат салыспаған сияқтысыз. Ол – ғылымдардың анасы ғой.

Төл сөз автор сөзінің арасына орналасса,бірінші және екінші тармақтарда көрсетілген тыныс белгілері түгел қатысады.Мысалы:



Абай Ақылбайдан:

- Қалада не хабар бар? – деп сұрады.

Автор сөзі төл сөздің арасына орналасса,автор сөзінің алды-артынан тыныс белгілері былай қойылады: а) автор сөзінің алдынан да,соңынан да үтір және сызықша қойылады,мұндайда төл сөздің екінші бөлігі кіші әріппен басталып жазылады.

Бір төл сөздің ішінде екінші төл сөз айтылса,алғашқысының алдынан сызықша қойылады да,соңғысы тырнақшаға алынады.

Жаттығумен жұмыс: 159-жаттығу. Көшіріп жазып төл сөзге қатысты тыныс белгілері қойылмаған. Төл сөз бен автор сөзін ажыратып ,төл сөзге қатысты тыныс белгілерін қойып жазыңдар. .

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма: Көркем шығармадан мысалдар тауып, тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіреді.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8



Сабақтың тақырыбы: Төлеу сөз


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет