Талқылауға арналған сұрақтар: Құрметті ата-аналар, сізге жаттығу ұнады ма? Олардың әрқайсысының мәні неде? Орындау кезінде қандай қиындықтар болды? Сіз өзіңізге қайсысын жазып алдыңыз және оны үйде жасайсыз ба?
|
А4 қағаздары
Қаламдар, қарындаштар
|
2 минут
|
Құрметті ата-аналар, уақыт тауып, сабаққа қатысқандарыңыз үшін алғыс айтамын! Балаңызға мұқият болыңыз, онымен сенімді қарым-қатынасқа ұмтылыңыз, қиын жағдайларда оны қолдаңыз. Өйткені, ата-ананың қолдауын сезіне отырып, балалар жағымсыз тәжірибені тиімді жеңеді, достықты бағалауды және басқалармен жағымды қарым-қатынасты сақтауды үйренеді!
|
|
5–9 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫНА АРНАЛҒАН
8 САБАҚ
Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына
Сабақ мақсаты: Ата-аналардың отбасы бақыты мен ұрпақтар сабақтастығының негізі ретінде отбасылық құндылықтарға құрмет сезімін қалыптастыру
Міндеттері:
Ата-аналарға отбасылық құндылықтарды сақтаудың маңыздылығын түсіндіру;
Отбасында жағымды психологиялық ахуал орнатуда отбасылық құндылықтардың әлеуетін ашу;
Ата-аналардың отбасында және баламен қарым-қатынаста әлеуметтік қолдау дағдыларын игеруіне ықпал ету.
Ұлттық құндылықтар және тұлғаның жеке қасиеттері:
Ашықтық, құрмет, қонақжайлылық, мейірімділік
Жоспар
I. Ұйымдастырушылық кезең
Сәлемдесу
Мақсаты мен міндеттері
Топтарға бөлу
Тақырыптың өзектілігі
II. Негізгі кезең
Бейнеролик. «Отбасындағы тәрбие бастаулары». Талқылау
Ақпараттық блок
Топтық жұмыс «Отбасылық құндылықтар қобдишасы»
Қатысушылардың жеке жұмысы
Достарыңызбен бөлісу: |