Сабақтың мақсаты : оң тәрбиенің мәнін, принциптерін және дағдыларын дамыту арқылы ата-аналардың педагогикалық мәдениетін дамыту



бет50/54
Дата06.03.2024
өлшемі0.69 Mb.
#494539
түріСабақ
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54
5-8 ата анаға педагогикалық көмек

III. Қорытынды кезең

  • Бейнеролик. «Отбасы – адамдағы ең басты құндылық». Талқылау

  • Рефлексия

  • Қорытындылау



Күтілетін нәтижелер:

  • ата-аналардың отбасылық құндылықтарға қызығушылығы артады;

  • ата-аналар бақытты отбасын құрудағы отбасылық құндылықтардың мәні мен рөлін ұғынады

  • ата-аналар бала тәрбиесінде отбасылық құндылықтарды, отбасындағы және балалармен қарым-қатынаста әлеуметтік қолдау дағдыларын қолданады.



Сабақтың ұзақтығы – 60 мин.



Уақыты

Мазмұны

Ресурстар

5 минут

3-5 минут талқылауға беріледі. Талқылаудан кейін спикер қорытынды шығарады.



Қайырлы күн, ата-аналар! Бүгінгі тақырыбымыз отбасы бақытының негізі – отбасылық құндылықтарға арналады. Бүгінгі сабағымыз сіздерге жарқын естеліктер мен жағымды эмоциялар сыйлайды деп ойлаймын.
Бүгін біз сіздермен отбасылық құндылықтардың маңызы және бала бойында отбасылық құндылықтарды қалай қалыптастыру керек деген мәселелерді қозғаймыз. Сонымен қатар, бақыт пен ашықтыққа құрылған, бала өзін ең басты құндылық сезінетін отбасын қалай құру керек туралы кеңестермен бөлісетін боламыз.






Сабақтың қызықты өтуі үшін, топтарға бөлінуге кеңес беремін.
Тақырыптың өзектілігі
Психологиялық әдебиеттерде жасөспірімдік кезеңге ерекше мән беру керектігі ескертіледі. Осы шақта бала ересек өмірге қадам баса бастайды.
Бұл кезеңде жасөспірім бойында тұлғалық өзгерістер болып, дамудың барлық кезеңдерін қамтиды. Анатомиялық-физиологиялық даму нәтижесінде жасөспірімде психологиялық кризис пайда болады. Баланың жауапкершілігі және өзіндік «Мені» қалыптасады. Жасөспірім бұл уақытта не бала, не ересек қатарында болмайды. Осы кезең – ата-ана үшін және жасөспірім үшін де қиын кезең.
Сол себепті осы кезеңде бала тәрбиесіне ерекше ден қою керек. Жасөспірімдер өте сезімтал келеді және осы кезеңде олар жағымды психологиялық ахуал қалыптасқан отбасында тәрбиеленуі қажет. Бұл тұрғыда отбасылық құндылықтардың рөлі ерекше. Балалардың дүниетанымын қалыптастыруға ықпал ететін осы отбасылық құндылықтар.
Талқылау сұрақтары:

  • «Отбасы», «отбасылық құндылықтар» туралы айтқанда сіздің есіңізге не түседі?

  • Сіз үшін бала тәрбиесінде кездесетін қиындықтар қандай?

  • Бала тәрбиесіндегі кедергілерді еңсеруде отбасылық құндылықтардың рөлі қандай?




https://randomus.ru/split



* Спикер сабаққа қатысушыларды платформа арқылы төрт топқа бөледі. Қажет болса, спикер топтарға бөлудің басқа әдістерін де қолданады.

10 минут



Назарларыңызды экранға аударыңыздар. Сіздерге «Отбасындағы тәрбие бастаулары» атты бейнероликті ұсынамын. Содан кейін талқылау сұрақтарына жауап береміз.

Талқылау жаттығуы.


Бейнероликте отбасы тәрбиесіне байланысты екі эпизод берілген. Сіздерге екі топқа бөлінуді ұсынамын және эпизодтағы кейіпкерлердің орнына өздеріңізді қойып, сұрақтарға жауап беріп көріңіздерші.



1-эпизод

2-эпизод

  • Сіз бұл видеодан қандай әсер алдыңыз?

  • Сіз бұл видеодан қандай әсер алдыңыз?

  • Сіз бейнероликтен қандай отбасылық құндылықтарды анықтадыңыз?

  • Сіз бейнероликтен қандай отбасылық құндылықтарды анықтадыңыз?

  • Сізге қандай отбасылық құндылықтар маңызды?

  • Сізге қандай отбасылық құндылықтар маңызды?

  • Отбасы бақытының негізі не?

  • Отбасы бақытының негізі не?




https://www.youtube.com/watch?v=bSN4Sg2Tg7E&t=1s



Талқылау жаттығуына 5-7 минут беріледі



2 минут



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет