Сабақтың мақсаты: Білімділік: Өсімдік тіршілігіндегі судың рөлі туралы білімдерін қалыптастыру



бет2/3
Дата02.01.2022
өлшемі30.06 Kb.
#453686
түріСабақ
1   2   3
00031bb3-567b6f1f

2.Үй тапсырмасын сұрау:

Сұрақ – жауап әдісі

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру


судың қоры 50 км3
Су кез келген жануарлар мен өсімдіктердің ткандері мен жасушаларының құрамына кіреді және ағзадағы өте күрделі реакциялар тек қана сумен жүре алады. Жер шарындағы климат та көп жағдайда суға және атмосферадағы су буларының мөлшеріне байланысты қалыптасады. Ылғалдылыққа байланысты өсімдіктерді бірнеше экологиялық топтарға бөледі:

Гидатофиттер (гр. hygros - су) - көп бөлігі немесе толығымен суда өсетін өсімдіктер (элодея, көзшешек, шылаң, балдырлар). Судан шығарған кезде бұл өсімдіктер тез қурап кетеді. Бұларда жапырақ саңлауы (устьица) және кутикула болмайды. Гүлді гидатофиттердің тамыр жүйелері қатты редукцияланған немесе мүлдем болмайды. Суды және минералды тұздарды бүкіл денесімен сіңіреді. Гүлді өркендері гүлдерің судың бетіне шығарады (кейде тозаңдану су астында да жүреді)да, тозаңданған сон қайта суға көміледі. Жемістерінің пісіп жетілуі су астында жүреді (валлиснерия, элодея, шылаң).Гидрофиттер (гр. hygros - су) - жартылай суда, яғни өзең, көл, теңіз жағалауларында, батпақты жерлерде өсетін өсімдіктер (қамыс, қоға). Оларда гидатофиттерге қарағанда механикалық және өткізгіш ұлпалары жақсы дамыған, аэренхима жақсы байқалады. Гидрофиттерде жапырақ саңылаулары (устьица) бар эпидермис те дамыған. (кішкене балдыршөп, т.б.). Гигрофиттер (гр. hygros - ылғалды, сулы, phyton- өсімдік) - ылғалды жерде өсетін өсімдіктер. Бүларға жоғары температура және ылғалды ауадағы тропикалық өсімдіктер жатады. Сондай-ақ, гигрофиттерге салқын және қоңыржай аймақтарда, көлеңкеде өсетін және батпақ өсімдіктері жатады. Ауаның ылғаддылығы жоғары болғандықтан оларда булану процесінің жүруі нашар. Сондықтан су алмасу жақсы журу үшін жапырақтарында тамшы түрінде суды бөлетін rugamogmap немесе сулы саңылаулар жақсы жетілген. Жапырақтары көбіне жүқа, кутикула нашар жетілген болып келеді. Жарықты гигрофиттерге папирус, күріш және т.б. жатады.Мезофиттер (гр. mesos - орташа, аралық) - ылғалдылығы орташа ортаның өсімдіктері. Бүларға көптеген шалғындық, орман өсімдіктері, жапырақты ағаштар, ауыл шаруашылық дақылдары мен арамшөптер жатады.Ксерофиттер (гр. xeros - қүрғақ) - құрғақ жерде өсетін өсімдіктер. Ксерофиттер суккулентптер мен склерофиттер болып бөлінеді: Суккуленттер (лат. sukkulentus - жуан, шырынды) - ылғалы тапшы аймақтарда, ылғал қорын сабағында немесе жапырағында сақтап өсетін өсімдіктер (сабағы - кактус, сүттіген, жапырағы - алоэ, агава). Кейбір кактустар сабағында 1000-3000 кг суды сақтай алады.

Склерофиттер (гр. skleros - қатты) - жапырақтары мен сабақтары қатты, құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер. Суккуленттерден айырмашылығы, склерофиттер ылғал қорын жинамайды, керісінше оларда белсенді булану жүреді.Склерофиттерге шөл, жартылай шөл, дала өсімдіктері (сексеуіл, жаңғақ, жусан, ақселеу) жатады. Әдетте олар аласа, бірақ тамыр жүйелері жақсы дамыған болады. Жапырақтары көбіне майда, қүрғақ, қабыршақты, тікенді немесе қатты тарамдалған, түкті болып келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет