Сабақтың мақсаты: Дүние жүзі мемлекеттерінің геосаяси орналасуына баға береді


Құрамында анклавтар бар мемлекеттер. Анклав –



бет3/5
Дата20.11.2023
өлшемі356.57 Kb.
#483870
түріСабақ
1   2   3   4   5
25 саб

Құрамында анклавтар бар мемлекеттер. Анклав – мемлекеттің негізгі аумағынан басқа мемлекеттердің жерлері арқылы бөлініп жатқан немесе басқа мемлекеттің аумағында орналасқан аудандар. Анклав жағдайындағы аудандар қатарына Ресей Федерациясының құрамына енетін Калининград облысы, Әзірбайжан құрамындағы Нахичевань, Испания құрамына енетін, бірақ Мароккода жатқан Сеута мен Мелилья және т.б. анклавтар жатады. Анклавтар жалпы алғанда мемлекеттің стратегиялық жағдайына қолайлы әсер еткенімен, елдің әскери жағынан осал, экономикалық байланыстарға қолайсыз аудандары болып табылады.


2 тапсырма. Топтық жұмыс.
Берілген елдердің морфологиялық ерекшеліктеріне SWOT анализ жасаңдар
1-топ. Канада 1-топ. Украина
2-топ. Боливия 2-топ. Қазақстан




IV.Жаңа сабақты бекіту

15 мин


Тапсырма 1.Әр жұп д/ж саяси картасын пайдаланып,бір мемлекетті таңдап алып,сол елдің мемлекеттік шекарасының түрін анықтаңдар.
2. Мемлекетік шекараның функцияларының Орталық Азия елдері үшін қандай маңызы бар?
3.Әр топ бір мемлекетті таңдап,мемлекеттік шекарасының қалыптасуына қатысты зерттеу жүргізіп,баяндап беріңдер.
Негізгі ұғымдар: аумақ, шекара, мемлекеттік шекара, халықаралық өзен, халықаралық бұғаздар, аумақтық даулар.
Халықаралық құқықтағы территория - нақты бір құқықтық режимдегі кеңістік - жер шарының бөлігі (құрлықтағы, судағы территориялар, жер қойнауы, әуе кеңістігі), ғарыш кеңістігі және аспан денелері.
Территорияның құқықтық мәртебесі ішкі мемлекеттік заңдармен және халықаралық құқықтың нормаларымен анықталады.
Территориялар құқықтық режиміне байланысты мынадай түрлерге бөлінеді:
-мемлекеттік территория;
-аралас режимдегі территория;
-халықаралық режимдегі территория.
Мемлекеттік территорияны мыналар құрайды:
-құрғақтағы территория - белгілі бір мемлекеттің шекарасының шегінде орналасқан барлық құрғақтар мен аралдар;
-сулы территория (құрғақтағы территорияда орналасқан барлық сулар, жағаға тиіп жатқан теңіздер мен мұхит суларының бөлігі);
-әуедегі территория (құрғақтағы және судағы тарриторияның үстіндегі барлық әуе кеңістігі);
-жер қойнауы (құрғақтағы және судағы территорияның астындағы жер бөлігі).
Шартты мемлекеттік территория – мемлекеттік территорияның шегінен тыс жүрген теңіз, әуе кемелері, космос корабльдері, сондай-ақ халықаралық территорияның шегіндегі құбырлар және өзге де құрылыс және құрал-саймандар (бұрғылау қондырғылары, жасанды аралдар).
Мемлекеттік территорияның құқықтық режимі әрбір мемлекеттің ұлттық заңдарымен анықталады; ал халықаралық келісімшарттар ішкі сулардың және территориялық теңіздердің құқықтық мәртебесінің жекелеген аспектілерін қамтиды; мемлекеттік шекараның келісім бойынша өтуін белгілейді, шекаралық режим мәселелерін белгілейді.
Мемлекеттік территорияның шегінде мемлекет өзінің территориялық үстемдігін және ұлттық юрисдикциясын жүзеге асырады. Мемлекетке тиісті территорияны және ондағы пайдалы қазбаларды иеленуге, пайдалануға және қолдануға құқылы.
Қазіргі халықаралық құқық мемлекеттік территорияны күштеп өзгертуге тиым салды. Мемлекет территориясына қол сұғылмайды және әскери жаулап алу және басқа күштеу әрекеттерінің объектісі болып табылмайды.
Ешқандай күш пен күшті қолдану нәтижесінде алынған территориялық иеліктер немесе өзге де пайдалар танылмайды.
Мемлекеттің территориясы мынаның нәтижесінде өзгеруі мүмкін:
- мемлекеттің бөлінуі, бір мемлекет құрамынан территорияның бөлігі бөлініп шыққанда, екі немесе бірнеше мемлекеттердің бірігуі нәтижесінде;
- ұлт-азаттық күрес және өзін-өзі анықтау құқығын жүзеге асырғанда;
- тараптардың келісімі бойынша мемлекеттік территориямен ауысу;
- агрессия үшін жауапкершілік шараларын қолдану;
- территорияға құқықты беру – цессия (қазіргі кезде қолданылмайды).
Мемлекеттің территориялық үстемдігінің шегі мемлекеттік шекарамен белгілейді.
Мемлекеттік шекара – бұл бір мемлекеттің территориясын 2-ші мемлекеттің территориясынан бөлетін халықаралық келісім шарттардың негізінде мемлекеттермен анықталған сызық.
«Мемлекеттік шекара туралы» 1993 жылы 13 қантардағы ҚР заңының 1 бабында былай делінген: «ҚР мемлекеттік шекарасы территорияның - ҚР құрғақтағы, судағы, жер қойнауындағы және әуе кеңістігіндегі шегін анықтайтын сызық және осы сызықтан өтетін жазықтық».
ҚР мемлекеттік шекарасының жалпы ұзындығы – 13 022км, соның ішінде Каспий теңізі бойынша – 1 730км.; РФ – 6 023км.; Қытаймен – 1 718км.; Қырғыстанмен – 1 053км; Өзбекстанмен – 2 153км және Түркіменстанмен – 345км.Халықаралық құқыққа сәйкес мемлекеттік шекараны белгілеу 2 кезеңнен тұрады: делимитация және демаркация.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет