Делимитация – бұл мемлекеттік шекараның өтуінің жалпы бағытын келісімшарттық тәртіпте анықтау және оны картаға түсіру. Мемлекеттік шекараның сызығы түсірілген карта шекараның делимитациясы туралы келісімшарттың маңызды бөлігі болып табылады.
Демаркация- бұл мемлекеттік шекараның делимитациясы туралы келісімшартқа сәйкес оны жергілікті жерде анықтау және оны сәйкес шекаралық белгілермен белгілеу.
Демаркацияны келісуші тараптардаң өкілдерінен құрылған аралас комиссия жүргізеді. Демаркация бойынша барлық әрекеттер хаттамалармен рәсімделеді.
Редемаркация – мемлекеттік шекараны қайтадан қалпына келтіруді және оны әрекет ететін келісімшарттық құжаттардың негізінде шекаралық белгілермен белгілеуді білдіреді.
Редемаркация бұзылған, жойылған шекаралық белгілердің қайтадан қалпына келтіру үшін, жаңа қосымша белгілерді, және жаңа хаттама-суреттемені құру үшін жүргізілді.
«Мемлекеттік шекара туралы» ҚР заңының 6 бабы бойынша шекара айқын көрінетін шекаралық белгілермен аңықталады. Олардың мөлшері, формалары, белгілеу тәртібі ҚР Үкіметімен және ҚР халықаралық келісімшартымен анықталады.
Халықаралық құқықта оларды жүргізу тәсілдеріне байланысты мемлекеттік шекараның мынадай түрлері ажыратылады:
1) геометриялық – бұл жазықтықтың бетіндегі 2 нүктесі арасындағы түзу сызық бойынша 2 мемлекеттің территориясын бөлетін шекара;
2) орографиялық – жергілікті жердің рельефін есепке ала отырып жүргізілген шекара: өзен саласы, тау жотасы, теңіз жағалауы.
3) астрономиялық – бұл географиялық сетканың сәйкес параллелдері мен меридиандары бойынша өтетін шекара. Қазақстанда бұндай шекара жоқ, тек Ресейде Арктиканың АҚШ-пен, Канадамен, Даниямен және Норвегиямен бөлетін осындай шекаралар бар.
1. тапсырма. Градус торы арқылы Қазақстанның батыстан шығысқа және солтүстіктен онтүстікке қарай үзындығын градус және километр есебімен олшеу арқылы анықтау.
2. тапсырма. Қазақстанның шекарасын қызыл қарындапшен жүргізіп, шектесетін елдердің аттарын жазу.
Достарыңызбен бөлісу: |