Сабақтың мақсаты: Шошқалардың биологиялық қасиеттері: жыныстық жетілуі, көбею, өнімділік, ас қорыту ерекшеліктерімен танысу


Шошқаның тағы бір биологиялық ерекшелігі



бет4/5
Дата22.09.2023
өлшемі38.21 Kb.
#478352
түріСабақ
1   2   3   4   5
Шошқаның биологиялық және шаруашылық ерекшелігі

Шошқаның тағы бір биологиялық ерекшелігі оның азық талғамайтындығы. Біздің елімізде саналуан климаттык жағдайларында, оларды концентратты, картофелъді, концентратты - тамыр - түйнек, быламық және басқа азықтармен тамақтаңдыруға болады.
Шошқалардың еттілігін, майлылығын сойған кезде анықтайды. Сойыс шығымын шошқаның сояр алдындағы салмағымен пайыздық класта анықтап алады, жақсы қоректеңдіргенде бұл көрсеткіш 70-74%-га жетеді. Ал тірі салмақтың 120-140 кг дейін өсуінде сойыс шығымы 80% -ға дейін ұлғаяды. Бірақ жем-шөп шығыны да, өсім мөлшері де сай өседі, яғни 100 кг-нан соң қажет болмаса да ұшада еттің көлемі әжептәуір ұлғаяды. Шошқаның еттілігін анықтайтын нақты көрсеткіш жануардың тері астындағы майын 6-7 кабырға деңгейінде өлшеу, түтас еттегі бұлшықет және май ұлпаларының арақатынасын салыстыру болып табылады.
Қыртыс майдың қалыңдығы бойынша тұтас еттің категориясы анықталады. Қыртыс майының қалыңдығы 1,5-3 см дейінгі аралықтағы ұша тұтас еттілерге жатқызылады. Ұша еттілігінің келесі бір көрсеткіші бір және екі белдеме бұғанасының аралығындағы ұзынша бұлшық ет кесіндісін екі проекцияда: бұлшықет көзшелер жолымен өлшеу болып табылады. Тұтас еттегі бұлшық ет "көзшелерінің" алаңы мен бұлшық ет ұлпаларының саны корреляцияның жеткілікті жоғары коэффициентімен өлшенеді. Еттілік коэффициента, қыртыс май қалыңдығын бұлшық ет қалыңдығына 100%-ға көбейткендегі қатынасына тең келетін еттілік индексімен анықталады. Шошқа еті құрамына су, құрғақ зат оның ішінде май, протеин мен күл кіреді. Бұлшық ет ұлпаларының химиялық құрамы мен аминқышқыл құрамы олардың белоктық сапалық көрсеткішімен өлшенеді. Еттің нәзік және сөлді болып келуі бұлшық ет және май байланыстырғыш ұлпаларының өзара қарым-қатынасынл және ең бастысы оның ылғал ұстайтын қабілетіне байланысты. Белоктың молекулаларды ұстау қабілеті күшті болған сайын, ет суды соншалықты күштірек байланыстырады, сондықтан да жылу және кулинарлық өндеу кезінде оның жоғалуы да аз болады.
Мұндай ет нәзік және сөлді, кескен кезде құрғақ, тауарлық түрі де жақсы болып тұрады. Ересек жануардың етінің түсі қошқыл қызыл, ал жас малдікі ақшыл қызыл. Шошқа етінің бозғылт түсі және суының көптігі дат ғалымдарының пікірінше жаман жерсінудің белгісі, сондай-ақ стресті синдром белгісі болуы. Шошқаның еттілік және майлылық қасиеті тұқымды жақсы қуалайды, орташа тәуліктік қосымша салмақтың тұқым қуалау коэффициенті 29. Тез жетілгіштік —16 (4-ден 39-ға дейін) Жемнің қайырымдылығы —31, қыртыс майының қалыңдьны -60, бұлшық ет көзшесінің көлемі —50, тұтас ет көлемі — 50, май көлемі —60, еттің түсі —27.
Шошка етінің түсі және тығыздығы өзара жағымды түрде үйлеседі. Бірақ баска жануарлармен салыстырғанда шошқаның май ұлпаларында адам үшін қажетті (полинасыщенные) май қышқылдарының болатыны белгілі. Тамаққа 30-50 г шошқа майын қосу орны толмас май қышқылдарының бір тәуліктік қажетін өтейді.
Жеуге жарайтын шошқа ұшасының технологиялық сапасы жоғары, калориялық құндылығы сиыр және қой етіне қарағанда 2-есе, майдың мөлшері жағынан 2-3 есе көп, бірақ белок құндылығы жағынан бірдей. Шошка етіндегі майдағы канның құрамындағы холестеринді көтермейді, адамдар ' атресклерозбен ауырмайды. 1 кг шошқа етінде 600 мг холестерин болса, 1 кг сиыр етіне 670 мг, құс етінде- 1130 мг, сары майда 2440мг, маргариңде 1860 мг, жұмыртқа сары уызында 1560 мг- ға дейін болады.
Шошқаны ауа-райы әртүрлі шаруашылық технологиялықI жағдайларда өсіруге болады. Себебі, олар кез-келген ортаға тез бейімделеді. ТМД елдерінің барлық аймақтарында, Қазақстан Республикасының Орталық және Шығыс аймақтарында көптеп өсіреді. Шошқаның биологиялық ерекшеліктерін айта келе, былай қортындылауға болады: жалпы табиғатында шошқа көптөлді, азықты пайдалана отырып, тез өсіп жетілетін және бордақыланатын үй жануары. Қазіргі шошқа етін өндіру технологиясы, шошқа бойындағы биологиялық ерекшеліктері толық пайдалануға мүмкіндік береді.
Орташа жылдық аналықтарды кешендерде 2,1-2,2 торайлатуға болады, әр торайлаудан орташа есеппен 9-10 торай алуға, ал торайлардың тәуліктік өсімі 250 г-нан, бордақылау кезінде 600-700 г дейін жеткізіп, 1 кг қосымша салмаққа 4-4,5 азық өлшемін жұмсайды. Кешендерде шошқаны топтал ұстау қазіргі үдемелі технологияны ендіруге, жұмыс көзін толық механикаландыруға және автоматтандыруға мүмкіндік береді. Бірақ, бір аймақка I шошканың көп басын жинақтау, темірбетондарды көп пайдалану, төсеніссіз шошқаларды бетондық еденде ұстау, қимылың бәрін тежеу, концентратты типтік азықтандыру, күн көзінің түспеуі-осының бәрі шошкалардың денсаулығьша, өсіп-өну кдбілетіне кері әсерін тигізеді. Одан баскада шошкаларды еттік бағытқа селекциялаудың арқасында, олардың сыртқы ортаның әртүрлі әсеріне (стресс) деген беріктіл төмендеу болады, әсіресе олардың өміршеңдігі, етінің сапасы төмендеп кетуі: Мысалы, АО "Алтьга- Диірмен-Бекон” шошқа кешенінде шошкалар кәдімгі қалыптаскан технологиясы бар фермаларға карағанда күйекке 1 ай кешігеді, 5-15 пайыз ұрықтануы төмендейді, әр торайлағанда 1-2 торай кем туады. Шошканың бойындағы иммунитетті сақтау, оны көтеру үлкен проблемаға айналып отыр. Өндірістік технологияның шошқаның биологиялық ерекшелігіне сай келмеуі, көптеген кешеңдерде құңдылығы төмен азықтармен азықтандыруы, күгіп-бағу кезіндегі микроклиматты қора ішінде ұстай алмауы, сояр алдында режимді және ережені сақтамауы бүкіл ет өндіру процесін қиындатады.
Сондықтан да асылдандыру жұмысын жүргізгенде, мамандар сұрыптау және жұптау кезінде негізінен көңілді сол өндірістік технологияға бейімделген малдарға аударуы кажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет