Сабақтың нөмірі: №1 Сабақтың тақырыбы: 0. А атом құрылысы Атом күрделі бөлшек


Оқушыларға арналған тапсырмалар (2-4 тапсырмадан артық емес)



бет8/30
Дата21.10.2022
өлшемі496.72 Kb.
#463152
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30
хим каз-10 ЕМН

4. Оқушыларға арналған тапсырмалар (2-4 тапсырмадан артық емес).
Тапсырма
1. Клечковскийдің ережесін пайдаланып, келесі келтірілген орбиталь жұптарында қандай орбиталь бұрын толтырылатынын анықтаңыз. a) а) 5d және 5p b) ә) 3d және 4s c) б) 4s және 4d d) в) 5s және 4s e) г) 4p және 5s f) д) 5p және 5d

2. Атомда электрондар 5s орбитальдан кейін қандай орбитальда орналасады?


5. Кері байланыс: орындалған тапсырманы оқушы электронды пошта немесе WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы жібереді.
Ескерту: Сабақтың ұзақтығы – 10-15 минуттан аспауы тиіс.
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
химия пәні бойынша __10__сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары
I тоқсан
Сабақтың нөмірі: _№8
Сабақтың тақырыбы: Квант сандары. I-IV период эелементтерінің атом құрылысы.


1. Мақсаты (оқушыға бағытталған):
(Мысалы, «Бұл сабақта оқушы........ үйренуі (білуі) тиіс (тақырыпқа сәйкес)

10.1.3.3 s, p, d, f орбитальдарының пішінін ажырату; энергетикалық деңгей, период, орбиталь ұғымдарын жақсы меңгерту.


2. Қысқаша тезисті конспект (мәтін, сызба, кесте және т.б. түрінде).
s-орбитальдардың пішіні сфера тәрізді, ал p-орбитальдардың пішіні гантель немесе көлемді сегіздік, d-орбитальдардікі одан да күрделі болып келеді. Әр деңгейшеде бір ғана s-орбиталь, х, у, z осьтері бойынша бағытталған пішіні бірдей үш p-орбиталь бола алады. Олардағы электрондарды да s-электрон, р-электрон деп бөледі..

3. Оқулық беттеріне, Интернет-ресурстарға сілтеме (видеоүзінді, құжат, мәтін және т.б. нақты сілтеме беру).
4. Оқушыларға арналған тапсырмалар (2-4 тапсырмадан артық емес).
1. (a) 1s22s22p63s1 болатын электрондық формуладағы электрондардың орбитальдарда орналасуын орбиталь пішіндерін ескере отырып кеңістікте бейнелеңіз.


2. s - орбиталь туралы келесі тұжырымдардың қайсысы дұрыс емес?
1) барлық энергетикалық деңгейлерде кездеседі;
2) пішіні сфералық;
3) төртінші топ элементтерінің валенттілік электрондары орналасқан;
4) максимальды екі электрон орналасады.
3. p- oрбиталь туралы келесі тұжырымдардың қайсысы дұрыс емес?
1) барлық энергетикалық деңгейлерде кездеседі;
2) пішіні шексіздік тәріздес;
3) төртінші топ элементтерінің валенттілік электрондары орналасқан;
4) максимальды алты электрон орналасады.
4. d - oрбиталь туралы келесі тұжырымдардың қайсысы дұрыс емес?
1) алғашқы екі энергетикалық деңгейде кездеспейді;
2) өтпелі элементтердің барлығында кездеседі;
3) d орбитальдың 5 түрі бар;
4) максимальды он төрт электрон орналасады.
5. f - oрбиталь туралы келесі тұжырымдардың қайсысы дұрыс емес?
1) төртінші энергетикалық деңгейде кездеседі;
2) алтыншы топ элементтерінің барлығында кездеседі;
3) f орбитальдың 7 түрі бар;
4) максимальды он төрт электрон орналасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет