Сабақтың құрылымы мен мазмұны.
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Студенттер мен сәлемдесіп,олар тугелденеді және дәптерлері тексеріледі.
2.Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін тексеру
Тексеру әдісі сұрақтар:
1. Жасуша нешеге бөлінеді
2. Митоз бен мейоздің айырмашылығы
3.Жаңа материалды түсіндіру.
Түсіндіру әдісі:лекция түрінде.
Адам ағзасы басқа тірі ағзалар сияқты жасушалардан құралатындығы сендерге белгілі болды. Жасушалар адам денесінде ретсіз орналаспай, бір-бірімен жасушааралық зат арқылы байланысып топтанады. Ұлпа – шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі бірдей жасушалар мен жасушааралық заттардың жиынтығы. Ұлпалар 4 топқа бөлінеді: эпителий, дәнекер, бұлшықет және жүйке ұлпалары.
1. Эпителий ұлпасы (эпителиальная ткань); (textus epithelialis, лат. textus — ткань, ұлпа; грек, ері — үстінде, thele — кеуделік емізікше) организмді сыртқы жағынан қаптап, ішкі мүшелердін кілегейлі және сірлі қабықтарын астарлайтын және әртүрлі бездер паренхимасын түзетін ұлпа. Эпителий ұлпасы: жабынды және безді эпителий болып екіге бөлінеді. Жабынды эпителий ұлпасы организмді қаптап, оның ішкі ортасын қоршаған сыртқы ортадан бөліп тұрады. Эпителий ұлпасы бір-бірімен тығыз орналасқан эпителий жасушаларынан (эпителиоциттерден) құралған. Эпителий ұлпасы шекаралас борпылдақ дәнекер ұлпасынан негіздік жарғақ (базальды мембрана) оқшауланады. Эпителий ұлпасында қан тамырлары болмайды, сезімтал жүйке үштарына бай. Бірқабатты эпителий ұлпасы эпителиоциттерінде полюстік айырмашылык (апикальды және базальды полюстер) болады. Эпителиоциттердің қалпына келу (регенерация) қабілеті жақсы жетілген. Жабынды эпителий ұлпасы: бірқабатты және көпқабатты эпителий болып екі топқа бөлінеді. Бірқабатты эпителий ұлпасында барлық эпителиоциттер негіздік жарғақта орналасады, ал көпқабатты эпителийде базальды мембранамен оның тек төменгі қабатта орналасқан жасушалары жанасады. Безді эпителий ұлпасы — организмде өздерінен арнайы бөліңділер бөлетін бездер паренхимасын құрайды. Бездер: экзокринді және эндокринді болып бөлінеді. Эпителий ұлпасы организмде қорғаныс қызметін атқарады, зат алмасу, процесіне қатысады, сірлі сұйық және түрлі бөлінділер бөледі.
Достарыңызбен бөлісу: |