Сабақтың өткізілетін күні



бет33/82
Дата12.12.2023
өлшемі0.88 Mb.
#486176
түріСабақ
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   82
Анатомия По урочный. 2015

Жұмбақ жасыру:
Қосшауыпкелі бар, екі алыпкелі бар. 
Қос жол көргіші бар, екі үн сезгіші бар. 
Жалғыз мол асары бар,бір кеуде қағары бар 
Тау соғары бар, қорек қорабы бар. 
Тағы...Тағы...Құлатпас тірегі бар 
Жылатпас жүрегі бар. 
Шат көңіл шадыманмен, ашылып күлері бар. 
Тоқсан жол торабы бар, шешеді бұл жұмбақты 
Талпынған талабы бар. Бұл кім? 
(Адам) 
Оқушылар жұмбақтағы мына сұраққа көңіл қойыңдаршы: «Құлатпас тірегі бар» ол не? 
- Тірек қимыл жүйесі. Шынында адам өмірін қозғалыссыз елестету мүмкін емес.
Қаңқаның адам денесі үшін маңызы зор.Ол адам денесінің тіреуіші, қорғаушысы.Оның арқасында адам тік жүреді, қозғалады, иіледі, бұрылады, секіреді.Кеңістікте осы қимылдардың барлығының қызметін атқаратын қандай мүше деп ойлайсыздар?
Бұл қызметтің барлығын тірек-қимыл жүйесі атқарады екен.
Тірек-қимыл жүйесінің дұрыс дамуы адамның тамақтануының, тамақ құрамындағы минералды және органикалық заттардың қызметіне байланысты.Қазақ халқында жүгіріп, секіріп, теңселіп ойнайтын ойындардың көптеген түрлері бар.Мысалы: алтыбақан, ақсүйек, бәйге, күрес, көкпар т.б бұл ойындар ашық алаңда, адамның тірек-қимыл жүйесінің дамуына, дененің сымбатты, құрыштай шынығуына зор әсерін тигізеді.
Балалар, бүгін біздің сабағымыз ерекше саяхат сабақ. Сіздер тірек-қимыл жүйесінің құрылысын, қызметін білу үшін бұл саяхатымызда бірнеше аялдамаларға тоқтаймыз. Әр аялдамада сіздерді қызықты ойындар күтіп тұр. «Стадион» алаңынан бастаймыз. Не себепті?
Себебі стадионда біз тірек-қимыл жүйемізді шынықтырып, салауатты өмір салтын ұстану үшін жаттығуға барамыз.Стадионнан колледждің аялдамасына дейін жаяу-жүріспен барамыз. Не себепті? (Оқушылардың жауабы).
Бүгін 3 топ жұмыс жасайды. 1-топ «Қимыл», 2-топ «Қозғалыс», 3-топ «Тірек».
-Саяхатқа дайынсындарма? Ендеше, автобусқа отырамыз. Автобустың кондукторы Каримбай Мерей
Бірінші «Колледж» аялдамасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет