Пән: Анатомия,физиология және мектеп гигиенасы
Оқытушы : Д.А.Нурметова
Сабақтың тақырыбы: Тірек-қимыл жүйесінің маңызы.
Сабақтың мақсаттары:
1.Білімділік:
Адамның қаңқасы, тірек-қимыл жүйесінің құрылысын және қызметін анықтау, Адамдардың тұлғасы мен сымбаты, жүріс-тұрысы омыртқа жотасына байланыстылығын түсіндіру.
2.Дамытушылық:
Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыта отырып сабаққа деген белсенділігін арттыру, өз бетімен тірек-қимыл жүйесін зерттеуге, дене сымбатын дұрыс қалыптастыру мақсатында қосымша материалдарды іздеуге, пайдалануға дағдыландыру, ойлау қабілеттерін арттырып, іздемпаздыққа баулу.
3.Тәрбиелік:
Салауатты өмір сүру қабілеттілігіне, сұлулыққа, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, білімін кеңейтіп, оны қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгеру
Сабақтың түрі :саяхат сабағы
Қолданылатын әдіс-тәсілдер, технологиялар:проблемалық оқыту технологиясын қолдану (мәселелері, жекелеген - ізденіс, өзін - өзі бақылауыт.с.с.), оза оқыту, интербелсенді оқыту технолоиясы, хабарлау, репродуктивтік, талдау - жинақтау, практикалық
Пәнаралық байланыс: валеология, гигиена, экология, химия, медицина, хореография
Сабақтың жабдықтары: сабаққа эпиграф, сабақ жоспары, тірек конспект, ватман, маркер, презентация «Microsoft Point»,
Оқытудың техникалық құралдары: компьютер, мультимедиалық тақта.
Негізгі әдебиеттер:
О.А.Петришина,Е.П.Попова: «Бастауыш мектеп жасындағы балалар анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы»
Қосымша әдебиеттер:
Ә.Күзенбаева: «Адам анатомиясы»
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі (10 мин)
Сәлемдесу
Түгендеу
Сабаққа кірісу
Сымбат-мүсін дегенің
Бітім көркі дегенің.
Сымбат жүру әдемі
Дене қалпын тік ұстап.
Көтеріп сәл кеудені,
Иық жазып дұрыстап.
Түзу отыр қисаймай,
Бүкіреймей, жантаймай.
Күш сап бас пен арқаға,
Жатып алма партаға- дей отырып бүгінгі сабағымызды бастайық.
Достарыңызбен бөлісу: |