Сабақтың өткізілген күні Пән атауы Қазақстан тарихы


IV.Білім алушылардың өз бетінше жұмысын ұйымдастыру



бет3/3
Дата14.11.2023
өлшемі323.6 Kb.
#483170
түріСабақ
1   2   3
IV.Білім алушылардың өз бетінше жұмысын ұйымдастыру

Тапсырма -3.Ж. Дереккөздермен жұмыс Қосымшада берілген деректерді жұппен оқып, талдайды. Сұрақтарға жауап береді
-«Ұлы Дала» ұғымы нені білдіреді?
-Бұл үғымның тууына қандай себептер бар?
-Қазақстанның географиясы мен «Ұлы Дала» ұғымы қалай байланысады?
-Не себепті Елбасы «Қазақстан- Ұлы дала елі» деген атауды ұсынды?
-Қазақстандық брендті қалай дамытуға болады?
Жұптар өз жауаптары мен пікірлерін ортаға салады.
(10 мин)

Дәптерге орындау

Ағымдағы тексеруді іске асыру

Тақырып бойынша сұрақтар қойылады.
(5 мин)




Рефлекция

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім
- нені толық түсінбедім
- немен жұмысты жалғастыру керек
(5 мин)



Үй тапсырмасы жайлы ақпарат



Қазақстан тарихы « Мектеп» баспасы 2019жыл
З.А.Джандосова §7-1127-52бет
(5мин)

Оқулықпен жұмыс, дәптерге орындау

Бағалау

  • Орташа

  • Жақсы

  • Өте жақсы

(5 мин)




Сабақтың тақырыбы: «Ұлы Дала» ұғымының тарихи-географиялық сипаттамасы және дала өркениетінің қалыптасуының ерекшеліктері. Ерте көшпенділер дәуіріндегі Ұлы Дала өркениеті
Сабақтың мақсаты: «Ұлы Дала» тарихи-географиялық аймағын анықтау.
Тарихи дерек көздерді талдау негізінде «Ұлы Дала» ұғымының мәні.

«Ұлы Дала» ұғымы – баяғыдан бар ұғым. Дешті Қыпшақ деген сөз қыпшақтың даласы деген сөз. Ұлы Дала ұғымына мынау Алтайдан Қара теңізге дейінгі даланы атайтын болған. Оның негізгі аумағы – біздің қазақтың жері. Біздің даламызда кен де болған, темір де болған, қолөнер де болған, бәрі болғанКөшпелі қоғамдағы саяси-әлеуметтік, экономикалық қатынастар туыстық жүйеге негізделді. Қазақ қауымындағы қоғамдық-әлеуметтік байланыстар туыстық қатынастармен анықталады. Ел деген ұғымға бүкіл қазақ халқы кіреді. Қазақ халқының түсінігі бойынша, жүздер қандас туысқандыққа негізделген бірлестіктер. Көшпелі қоғам туыстық қағида бойынша бірігіп, қазақ жүздері белгілі бір аумақта құрылған этноаймақтық бірлестік болып табылады. Ол бірнеше ғасырларға созылған бірлесіп өмір сүру мен этникалық-мәдени және шаруашылық байланыстар нәтижесінде пайда болды. Қазақ халқында қандас туыстық жүйе 7 атадан басталып, мұндай туыстық жүйе ру деп аталады. Рудың өзінің көшіп-қонатын аумағы, рулық таңбасы, ортақ ұраны болған.


өне тарихи жазбаларға көз жүгірт­сек, «Ұлы Дала» ұғымының ежелден бері келе жатқанын аңғарамыз. Бұл атау ғасырлар қойнауынан аршып алынып, бүгінгі күнге дейін жеткен жыр, қисса, дастандарда, түркітілдес халықтар туралы деректерде, орыс әдебиеттерінде, Қытай жазбаларында және Лев Гумилев сынды көрнекті тарихшы-ғалымдардың еңбектерінде көп кездеседі. Демек, Қазақстанның «Ұлы Дала елі» деген бейресми, қосымша атауға ие болуында тарихи негіз бар. Бұл атау еліміздің географиялық ерекшелігіне сипаттама ғана емес, бұл халқымыздың кеңпейіл дархандығының, мемлекеттік күш-қуатының, айрықша мәртебесі мен Тәуелсіздігінің айнымас символикалық бір нышаны ретінде қабылдануға тиіс. Сондықтан, ендігі кезекте, осы ерекше атауды өз санамызға сіңіріп қана қоймай, оны дүниежүзі халықтары алдында барынша насихаттап, айшықтауымыз қажет.
«Ұлы Дала елі» атауы біздің ұлттық болмысымызды айқындап, идеологиялық бағыттағы іс-шараларымыздың қазығы болуға тиіс деп есептеймін. Елбасының осы бір ерен ұсынысы, әсіресе, халқымыздың Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтіп жатқан кезеңде бастау алуы – бабалар рухының қайта түлеп, жаңғыруы деп қабылдадық. Өркениетті даму жолына түскен мемлекетіміз үшін Қазақ хандығының тойын мағыналы да мәнді етіп өткізуі ең бірінші кезекте өскелең ұрпақ үшін жүзеге асырылып жатқан ауқымды іс. Ұлт тарихы – барша халқымыз үшін ең қадірлі де баға жетпес құндылық. Елбасы бір сөзінде «Қазақ тарихында біз ұялатын ештеңе жоқ», деген аталы сөзін айтқан болатын. Шындығында, тарих тереңінен Тәуелсіздік биігіне дейінгі аралықта қаншама дәуір алмасып, қаншама тарихи кезеңдер өз таңбасын қалдырды?! Осы орайда, өткен дәуірлердің өр рухын жалау етіп желбіреткен Қазақ хандығының 550 жылдық мерекесі – мемлекетіміздің ерекше қуаты мен еркіндігінің, ұлттық келбеті мен абырой-беделінің, азат рухының нышаны болып табылады. Біздің ата-бабаларымыз егемен ел болуды сан ғасыр армандаған еді. Сол арманға бүгінгі ұрпақтың қолы жетті.
Көшпелі қазақ қоғамында өзінің басқа ру жүйесі болды. Көне заманда қазақ жерінде сақтардың, ғұндардың, үйсіндердің, қаңлылардың мемлекеттері болды. Орта ғасырларда наймандардың, керейлердің, жалайырлардың, қыпшақтардың мемлекеттері өмір сүрген. XIV ғасырға дейін Қазақстан жерінде әртүрлі мемлекеттер өмір сүріп, XV ғасырдан бастап Қазақ хандығы құрылды. Бұлардың барлығы да көшпелі қауымдастықтар құрған мемлекеттер.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет