Топ: 3ЖДПС-15б
Пән: Теміржол жолдарымен аэродромдарды іздестіру және жобалау
Сабақтың тақырыбы: Жоспардағы қисықта қозғалыс кауіпсіздіғін қамтамасыз ету
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Теміржол жолдарымен аэродромдарды іздестіру және жобалау туралы білім деңгейін жетілдіру.
2. Тәрбиелік: Студенттерді пәнге деген құштарлығын арттыра отырып,жолаушылар тасымалы жүйесімен толықтай менгеруге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: Студенттерге білім бере отыра, олардың мамандығына деген қызығушылығын жолаушылар тасымалын ұйымдастыру пәні арқылы арттыру.
Сабақтың түрі: лекция
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі.
Топ кезекшінің қабылдау, қатысты белгілеу.
ІІ. Негізгі бөлім.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Жаңа тақырып жоспары:
1. Теміржол жолдарының неғізғі конструктивті элементтері және олардың мәні
2. Қорғаушы жол құрылыстары және олардың мәні.
3. Жол және автокөлік қызметтерінің ғимараттары мен құрылыстары және олардың тағайындалуы.
Жол өтпелі - көлік, темір, трамвай жолддары қиылыстарында салады және әртүрлі деңгейдегі көшелерге байланысты салады.
Эстокада – жоғары үйінділер ауысумен құрайды және бірдей биіктікті тірегі болады.
Жол құрылыстық материалдар.
Жол құрылысын салғанда, әртүрлі құрылыс материалдарын қабылдайды, шығу тегіне және өңдеу ерекшелігіне байланысты екі негізгі топқа бөлінеді: табиғи және жасанды.
Табиғи құрылыс материалдары құмайт жер, қиыршықтас қоспалары, құм, тас, жұмыр тас, жергілікті әртүрлі материалдар болып бөлінеді.
Жасандыға – ұсақталған тас және тас ұнтақтары, шағылған тас, тротуарлар мен жолдарды жасағанда қолданылатын плиткалар тәріздес, шлактан жасалынған жол қоршауларының бөлшектері мен борттық тастар.
Грунт (топырақ, жер) - негізгі жол-құрылыстық материалдары және таулы тасты жыныстардың, судың, жылудың, сұйықтың және желдің әсерінен бұзылу үрдісінің өнімі. Бұлардан төсем жасайды, олар жол төсемдері үшін негізгі қызмет атқарады.
Тасты матераиалдар - жынысты таулы жыныстардан алады. Бұл материалдардың физико- механикалық күйлері техникалық талаптарға сай болу керек. Соның ішінде ең жиі кездесетіні ол: мықтылығы, суыққа төзімділігі, су сіңіргіштігі.
Қиыршықтас – тасты материал 3...70мм бөлшекті өлшемдерімен, талдан, теңізден, өзеннен шыққан табиғи қиыршықтас қоспаларынан елегеннен алынатын материал.
Ұсақ тас – қиыршықтастан айырмашылығы, тас үгіткіштерден тастарды үгіту арқылы алады.
3.ЖОЛ ІЗДЕНІСТЕРІ ЖӘНЕ ЖОЛ ТОРАБЫН ЖОБАЛАУ
ЖОЛ ІЗДЕНІСТЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ЖОБАЛАУДЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ
Жаңа жолды салуда немесе ескі жол тораптарын қайта құруда, сонымен қатар бөлек жолдарды жасауда кешендік ізденістік және жобалық жұмыстар орындайды. Олардың мақсаты – жол тораптарын жобалау маңызын анықтау немесе берілген жолдарды нақтылы әкімшілік және шаруашылық бірлікте, сонымен қатар белгіленген талаптарға сәйкес құрылыс жұмысын іске асыру және жобалау нұсқамасы қажетті нәтижелі материалдар алу. Осыы мәселелер есеп мазмұндарының нәтижесінде, жол құрылысы мақсатына іздеулерді экономикалық және техникалыққа бөледі.
Экономикалық іздеулердің тапсырмасы болып, керекті мәліметтерінің және материалдарының жүйелігіне және жиналуы болып саналады. Оны жобаны өңдеудегі мақсаттың мүмкіншіліктерін негіздеуде және орнатуда қолданады. Орнатылған уақытта сол жерде жол құрылысын жасау қажет. Экономикалық ізденудің негізгі мазмұны болып жүк және адам тасымалдаушы көліктік байланысқа бағыт және көлем құру болып саналады.
Техникалық ізденудің мақсаты – трассаның нақты орнын анықтау және оны жергілікті жерде орнату, техникалық жобаның мәліметтерін өңдеуді анықтау саналады. Осы ізденістердің сипаты мен көлемі жолдың мәніне, объектінің қиындығына, табиғи және басқа шарттарға байланысты болады. Кезеңдерге сәйкес жобаларды нақты және алдын ала техникалық ізденулерге бөледі.
Экономикалық және техникалық ізденулердің мәліметтері жолды салудағы жобаға және жобалауды өңдеу негізіне жатады. Объектінің қиындығына байланысты оны 2 немесе 1 кезеңге жобалайды. Бірінші кезеңде бөлек техникалық жоба және жұмыс сызбаларын құрады. Ал екінші жағдайда - техникожұмыстық жоба.
Жобалық шешімнің бөлшектемелеріне, типтік жобаларға байланыстылық болу үшін оған алдын-ала немесе қайта құру ізденістерін жүргізеді.Жұмыс сызбаларының және типтік жобалардың негізінде смета-қаржылық есептеуле ржәне құрылыстық және монтаждық жұмыстардың сметасы құрылады.
Аталған жоба-ізденістік құрамдағы жұмысты ортақ пайдаланудағы жолға қолданады. Қиын емес объектілерді жобалауда, сонымен қатар ауыл шаруашылық жолдарды жобалауда бір кезеңдікдік жобалауды қолданады. Онда техножұмыстық жоба смета –қаржылық есептеулермен өңделеді.
Жолдардың кешенді экономикалық ізденістері
Жолды жобалаудың бастапқы кезеңі болып кешенді экономикалық ізденістерсаналады. Оларды жол тораптарын жобалауда немесе әкімшіліктік,
Дайындық кезеңінде ізденіс ауданын орнатады, ғимаратты өңдейді, жұмыстың жоспары мен программасын, оның орындалу әдістемесін, бар әдебиеттер мен нормативті бастауларды зерттейді. Ауыл шаруашылық жол ізденістерінің торабын орнықтырғанда, әдетте, әкімшілік аудандардың шекарасында жүргізеді. Бірақ, ізденістердің ауданы ретінде жиі қолданатын шаруашылықтық және әкімшіліктік бірліктер тобын қабылдау дұрыс саналады. Олар тығыз экономикалық байланыста немесе үлкен өзендермен, көлдермен, жақсы көлік жолдарымен шектелген болады.
Керекті мәліметтерді жинау және талдау сәйкесінше ізденіс аумағында жүргізіледі. Бұл кезең ауданның экономикалық және көліктік мәліметтерін жиыстыруға және анықтау жұмыстарын, оның физико-географиялық, жергілікті жол- құрылыс материалдарын қолдану мүмкіншілігін қосады.
Жол –экономикалық ізденістерден алынған көрсеткіштерді технико-экономикалық және физико-географиялық деп бөлуге болады. Біріншісіне мәліметтер жатады. Ол өндіріс салаларының даму перспективасын және қазіргі кездегі жағдайын, елді мекеннің мәдени дамыту және әкімшіліктік орталықтарын, сонымен қатар, көліктік торларды сипаттайды.
Екіншісінің құрамына климаттық, топырақ-грунттық, гидрогеологиялық және т.б. табиғи шарттардың ауданындағы ізденістер кіреді.
Жол кешендік ізденістердің мәліметтері негізінде перспективті (3-10жыл) және генералды (13-20жыл) мерзімінде жүргізеді. Жол жобалау мақсатында елді мекендердің даму перспективасын, өндірістердің бөлек салаларын, шаруашылық ұйымдарды, олардың технологиясын және көлемін, экономикалық, көлік байланыстарын білу қажет.
Көлік байланысы арасындағы пункттерді жүкайналымдық деп атайды. Оны жүкшығаратын және жүкқолданатын пункттерге бөледі. Жиі түрде бір пункт екі қызмет атқара береді.
Ауылшаруашылық жолдар торабын экономикалық жобалауда колхоз, совхоздардың ауданын және басқа өндірстерді бөлек жүкайналымдық пункттер ретінде қарастырады. Кейбір жағдайда оңаша орнатуда шаруашылықтардың, өнеркәсіптердің өндірістік бөлімшелері қызмет етуі мүмкін.
Жергілікті жүкайналымдық пункттерді мәні бойынша бірнеше топтарға бөлген жөн.
Біріншіге, аудандық орталықты, теміржол станциясы, шаруааралық өндірістік кешендер мен базалар, мәдени және басқа ортлықтарды кіргізуге болады. Бұл пункттерді осы немесе басқа кезде көліктік байланыстармен, қалған басқа аудандардың пункттерімен жасайды. Олар, әдетте, көп емес.
Екінші топқа ауылшаруашылық және жергілікті өндірістік өнеркәсіптер мне ұйымдар, үлкен елді мекендер кіреді.
Үшінші топқа ішкі шаруашылықтық, фермалық, өндіріс аралық тасымалдар кіреді.
Олардың мәліметтерін сала бойынша және жүкайналымдық пункттер арқылы жинайды.
Өндіріс бойынша мағлұматтарды өнеркәсіптерді орнықтыру бойынша жинайды. Сонымен қатар өнім өндірісінің көлемі қайда шығады, осы жайында мәліметтер жинайды. Жергілікті көлік тасымалдарына жеңіл және жергілікті өнеркәсіптер әсерін тигізеді. Олар ауылшаруашылық шикізаттарды өңдейді.
Ауылшаруашылық бойынша ауылшаруашылық кәсіпорындарды, егістік және т.б. алаптардың ауданын, тауарлық өнімнің көлемін, өндірістік салалар бойынша анықтайды
Достарыңызбен бөлісу: |