Сабақтың тақырыбы : Кіріспе сабақ



жүктеу 40.9 Kb.
Дата07.07.2016
өлшемі40.9 Kb.
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы : Кіріспе сабақ

Сабақтың мақсаты : а) қазақ тілі туралы түсінік бере отырып, қазақ тілінің мәртебесін аяққа баспай қашанда биік ұстауға үйрету;

ә) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылқ қасиеттерін қалыптастыру;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу,

Сабақтың түрі : жаңа сабақты игерту

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар, таблицалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет, тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Қазақ тілінің қоғамдағы ролі туралы сұраймын

.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Қазақ тілі әлемдегі тілдер арасынан көркемдігі мен бейнелілігі, тазалығы мен сөздік құрамының молдығы жөнінен ойып орын алған тілдердің бірі.

Тарихын тым тереңнен бастау алатын тіліміздің сонау есте жоқ ескі замандардан –ақ саясат, шаруашылық, тұрмыс,рухани құндылықтар тілі болғанын дәлелдер , деректер де жеткілікті.

Сөз мәдениетінің негізін тағы да ұлттық әдеп пен тәрбиеден табамыз. Әдептіліктің өзін әдемілікке балаған ел дәстүрі өз тілінде таза да көркем сөйлеуді қажет етеді. Ол үшін ұлттық тілде сөйлеу мен жазу үлгілерін күнделікті өміріміздің дәстүрі мен қарым-қатынас негізі етуіміз керек екені белгілі.

Бүгінгі қоғам бізден ұлттық дәстүрдегі тіл үлгілерін жетік білумен бірге іскерлік қарым-қатынастағы оқу,жазу, сөйлесу дағдыларын халықтық негізде қалыптастыруымызды талап етеді. Осындай тілдік дағдыларды қалыптастыруда,сөйлеу, жазу түрлеріне машықтануда талдау мен талқылау,үйрену сияқты түрлі жаттығудың жазбаша, ауызша жұмыстарын неғұрлым көбірек жүргізгені жөн.

Тілді үйрену-өз ұлтыңды тану. Ұлттық тілді білу, ұлт ділін, қасиетін, мінезін,ой, жан-дүниесін,сырын білу екенін ,халықтық мәдениет пен дәстүрді жаңғырту болатынын естен шығармайық.



Ойтолғау өткізу: Біз өзіміз өмір сүріп отырған қоғамдағы тілдер жөнінде ой қозғай қалсақ, ең алдымен қоғамдағы тілдің мәні мен маңызы, оның адам өміріндегі орны, шығу тегі мен қалыптасуы, дамуы жөнінде не айтар едік? «МЕН-ТІЛ-ҚОҒАМ» тақырыбында өз пікірімізді ортаға салып көрейік.

Білімді бекіту : Өткен тапсырма бойынша Тілдің қазіргі кезде шешілмей жүрген проблемалары жөнінде ойтолғау айтады.

Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Қазақ тілі туралы өлеңдер жаттап келу.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10



Сабақтың тақырыбы : Қазақ тілі - ұлт тілі

Сабақтың мақсаты : а) қазақ тілі –ұлт тілі екендігі туралы түсінік бере отырып, қазақ тілінің мәртебесін аяққа баспай қашанда биік ұстауға үйрету;

ә) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылқ қасиеттерін қалыптастыру;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу,

Сабақтың түрі : жаңа сабақты игерту

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар, таблицалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Дүние жүзінде халық та, тіл де көп. Ұлттарды бір-бірі-нен ажыратып бөлетін де, жақындастырып туыс ететін де (басты белгісі) - оның тілі. Тіл - әр ұлттың ұлт ретінде сақталуының кепілі.

Қазақ ұлтының тілі - қазақ тілі. Қазақ тілі қазақ хал-қының тілі ретінде таным, дәстүр, рухани құндылықтарды сақтаушы, ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші қызметін де ат-қарып келеді. Кез келген ұлт, халық ең бірінші рухани өресімен, жан байлығымен өлшенеді. Ал халықтың өнері, мәдениеті - тілінде.

Қазақ тілі - көркем, сұлу да бай тіл. Тілімізде өнеркәсіп, техника, білім мен ғылым, мәдениет пен саясаттың өзіне тән қалыптасқан лексикасы, жүйеге түскен жазу дәстүрі, нақтыланған стильдік нормалары бар.

Тілдің сөздік құрамы - өз халқының тарихы, тұрмысы, шаруашылығы мен қоғамдық-саяси өмірінің, рухани бай-лықтарының айнасы. Қоғамдық-саяси, шаруашылық, тұр-мыс, тарихи өзгерістердің, тіпті құбылыстардың да ізі тілде қалады.

Қазақ тілінің қоғам, өнер, мәдениеттегі орнын анық-тар басты белгілері оның бірнеше негізгі қасиеттерін ашады:

-сөздік қоры бай, сөйлеуге оралымды;

-тілдегі сөздер бір-бірімен тіркестіруге, құрастыруға


-икемді, грамматикалық тәсілдері мол;

-дыбыстар арасындағы үндестік құлаққа әуезді естілуіне,


тартымды жетуіне қызмет етеді.

Кітаппен жұмыс: 1-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқыңдар.

Жаттығумен жұмыс: 3-жаттығу сөздердің мағыналарын анықтап,кестені толтырыңдар, әрқайсысына ауызша сөйлем құраңдар.

Ақберен,ақбөкен,алаша,әбес,айтымпаз,айығу,айғайлау,әупілдек,өрескел,әлеумет ,сергу, томаға,бесін, кілем,керік,ләйлек, әсемпаз, сұңқар, қылаң, сөйлеу, жүгіру.

Зат атауы

Жан-жануар құс атауы

Сын,бейне,түс,қасиет

Қимыл-қозғалыс

уақыт


















Білімді бекіту : Өткен тапсырма бойынша Тілдің қазіргі кезде шешілмей жүрген проблемалары жөнінде ойтолғау айтады.

Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 2-жаттығу.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет