Сабақтың тақырыбы : Сөз басы Сабақтың мақсаты



бет3/90
Дата26.03.2024
өлшемі0.86 Mb.
#496542
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90
7-адебиет Сабақ жоспарлары

Білімді бағалау:
Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Лиро-эпостық жырлар туралы оқып,кітаптар алып келу.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: Қозы-Көрпеш-Баян сұлу
Сабақтың мақсаты:
а) оқушыларды «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының көне дәуір мұрасы екендігімен,оның ерекшелігімен,батырлар жырынан айырмашылығы,жыр варианттары,жырды зерттеушілермен таныстыру;
ә)оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын ояту,мағынаны танып білуге,ажыратуға,ой толғауға дағдылындыру;
б) Елін, жерін,Отанын сүюге баулу;
Сабақтың түрі: лекция сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, жобамен жұмыс т.б
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, модульді-блокты жоспар т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген лиро-эпостық жырын сұраймын. Оқушылырға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Ертедегі қазақ поэзиясында сюжетті әңгімеге құрылған жырлардың бір бөлігі лиро-эпос деп аталады. Егер батырлар жырының басты тақырыбы, күрделі әңгімесі ел қорғау жайы болса ,лиро-эпостық жырлардың олардан айырмашылығы-онда көбінесе бір-біріне ғашық болған адамдар жайы,олардың қуанышы мен арман –мқңы,қайғы-шері суреттеледі.
Лиро-эпостық жырдың ішіндегі тақырыбы,оқиғасы,құрылысы жағынан ерекше орын алатын және халық арасында көп тарағанның бірі –« Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры.
Жыр тек қана қазақ арасында ғана емес,көршілес болған,тұрмыс-салты, тіршілігі ұқсас елдерде де айтылып жүрген жыр.
Жыр көп вариантты болып келеді.

Зерттеуші ғалым

жылы

Қай жерде,кімнен

формалары

Орыс ғалымы
Саблуков

1830

Семейдегі көкпектілік жыраудан

Жазып алған



Ғ.Дербісалин

1834

Омбының губернаторлық Кеңесінде іс жүргізуші болып істеген

Бір үлгісін хатқа түсіреді.

Андрей Фролов

1841

Бұрынғы Аягөз сыртқы окургтік приказының тілмашы

Қазақ ақындарының айтуынан жазып алған.

Ш.Уалиханов

1851

Атақты Жанақ ақыннан

Жазып алады.

А.С.Пушкин




Орынбор жанындағы ауылдарда болып

Естіп жазып алады да поэма етіп жазуды ойлайды.

М.Путинцев

1865

Қазақстанға келіп

Жазып алып орыс тіліне аударады.

Академик Радлов

1870




Бір нұсқасын жазып алады да,өзінің үшінші томына енгізеді.

Профессор Н.Н.Березин

1876

«Түрік хрестоматиясы» кітабында

Бір вариантын жариялайды.

Археолог ғалым Н.Пантусов

1898

Түрік өлкесін зерттеуші

Қозы мен Баян моласын зерттеп,өз кітаптарында бастырған.

Орыс тарихшысы
И.А. Кастанье

1910

Оренбург мұражайында

Он шақты нұсқасына дерек беріп,бір нұсқасын орысшаға аударады.

Советтік дәуірде М.Әуезов

1925
1936

1939


Мәскеуде
Алматыда

«Батырлар жыры»



Бірінші рет басылып шығарылады.
Жанақ айтуындағы нұсқасын шығарады
«Батырлар жыры» жинағына енген.

Өткен ғасырда да, қазір де «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры жайында ғалымдардың бір тобы пікір айтса,ал бір тобы ескі дүниенің ескерткіш белгісі ретінде зерттеген екен.





Зерттеушілердің аты-жөні

жылы

еңбектері

тұжырымдама

С.Сейфуллин

1932

«Қазақ әдебиеті»

Радлов варианты бойынша тоқталады.

С.Мұқанов

1935

«батырлар жыры» туралы еңбегінде

Халықтық сипаттағы жыр екендігін дәлелдейді.

Қ.Жұмалиев

1944

«Қазақ әдебиеті»

Халық жыры

Ә.Марғұлан
М.Ақынжанов

1958

«Қазақ әдебиеті» оқулығы «Қазақ эпосы мен әдебиеті тарихының мәселелері» монографиясында

Жырдың халықтық ортада туындағанын айтады.

Жанақ ақынға тоқталсақ,ол ірі ақын және асқан қобызшы болған.Жанақ өз кезінде жетісу,семей жақтарын көп аралаған,ақындармен айтысқа түскен,үлкен жырлар айтып жүрген.


Жанақ жырлаған «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»-халықтық жыр,күрделі шығарма.
Бүгінгі өтейін деп отырған жырдың да ерекшелігі-оқиғаның реалистігі. Қозы мен Баян, Қарабай мен Қодар өмірде болған типтік бейне.
Жырдың өзіне тән ерекшелігі-оқиғаның диалогтік түрде берілуі.
Алдын ала жырды оқып келген екі оқушы мазмұнын айтып береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет