Сабақтың тақырыбы : Сөз басы Сабақтың мақсаты



бет4/90
Дата26.03.2024
өлшемі0.86 Mb.
#496542
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90
7-адебиет Сабақ жоспарлары

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
1.Жырдың қандай варианттары бар?
2.Кімдер зерттеген?
3. Жырды неге ғашықтық жырға жатқызамыз?
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.


Үйге тапсырма: «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырын оқып, мазмұндап келуге беремін.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7


Сабақтың тақырыбы: Жырдағы кейіпкерлер
Сабақтың мақсаты:
а) жырдағы көтерілген проблемаларды аша отырып,кейіпкерлерге талдау жасау;
ә) логикалық ойлау қабілеттерін пробемаларды ашу барысында,кейіпкерлер әлеміне талдау барысында,оқушыларды пікір алмасуға,ойларын аша білуге,соны дәлелдей білуге үйрету,
б) еңбексүйгіштікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: іскерлік ойын «Өкіл»
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену, топтық жұмыс т.б
Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, дидактикалық материалдар т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
1. Тізбек –мазмұн (әр топ тізбекпен мазмұндайды)
2. топтық жұмыс. Сұрақ-жауап
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Сұрыптап талдау жұмыс.
Сынып 4 топқа бөлінеді де,тапсырмаларын алады.
А тобы Ә тобы

Өкіл


Б тобы В тобы


А тобы-Жырдағы көтерілген мәселелер.
Ә тобы – Қозы өліміне себепкер болған кім?
Б тобы-Баянның соңғы әрекеті туралы не айтар едің?
В тобы –Жырдағы Қарабайлар мен Қодарлар бейнесі,қазіргі кезеңде кездесе ме?
(Сұрыптап талдау,проблемалық сұрақтар,проблемалық шешуді ұйымдастыру барысында талдау жасау)
Ойынның шарттары. Тапсырмаларды орындау үшін уақыт беріледі. Әр топ өкілімен бірге проблемалық сұрақ- тапсырмаларды шеше отырып талдау жасайды да, өкіл өз тобының шешімін қорғайды. Басқа топтан сұрақтар болған кезде өкіл шеше алмаса «тайм-аут» алып, өз тобымен ақылдасып барып жұмыс істейді,жауап береді. (Өз тобының мүшелерінің жауабын естіп білгендіктен бағалау соларға жүктеледі).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет