Сабақтың тақырыбы : ШЫҢҒЫС АЙТМАТОВ
Сабақтың мақсаты : а) әлем әдебиеті туралы түсінік беру, сабаққа деген қызығушылығын арттыру;
ә) адамгершілік қасиеттерге баулу,үлгі-өнеге ету;
б) шығармашылық ізденіске бағыттау,ой бөлісу, өз ойын көркемдеп еркін айтуға баулу,мәнерлеп оқуға дағдыландыру,ізденімпаздыққа төселу;
Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену
Сабақтың көрнекілігі : кітаптар,қосымша материалдар т.б
Пәнаралық байланыс : тарих
Сабақтың барысы : а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Шыңғыс Айтматов 1928 жылы 12 желтоқсанда қырғыз жеріндегі Шекер аулында дүниеге келген. Әкесі Төреқүл өте парасатты, пайымды адам болған екен. Төреқұл ел басқару қызметінде болып, 1937—1938 жылдардағы "халық жауы" деген жазықсыз жаланың құрбаны болады. Кішкентай Шыңғыс бауырларымен бірге көп қиындық көріп өседі.
Ш. Айтматовтың шын мамандығы - табиғат сыйлаған жазушылық өнер. Ол осы өнерін шыңдау үшін, жетілдіру үшін, М. Горький атындағы Әдебиет институтында оқиды. Шыңғыстың 1956 жылы жазылған "Жәмила" хикаяты бірден жұрт назарын аударып, көп ұзамай орыс тілінде, іле-шала Парижде француз тілінде жарық көріп, жас суреткердің есімін әлемге паш етті.
Қазақ, Қырғыз - ежелден қандас, бауырлас елдер. Бұрынгы кезде халық ақындары екі ауылда кезек-кезек ән шырқап, ақындар қазақ-қырғыз боп айтысып жүрсе, қазақтың ардақты ұлы Шоқан Уәлиханов — "Манастың" еуропалық өредегі тұңғыш зерттеушісі. Бұл дәстүр бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып отыр. "Манастың" зерттеушісі Мұхтар Әуезов Шыңғыстың ұстазы болды. Жақсы дәстүр жалғасы деген - осы.
Бұл күнде Шыңгыс Айтматовтың есімі дүние жүзіне мәшһүр. Шыңғыс ең көп аударылған қаламгердің бірі. Жазушы бейнелеген кейіпкерлер, тек қырғыз халқының перзенттері емес, әлем халықтарына тән мінезбен, адамзаттық болмыспен бірігіп жатқан бейнелер. Сондықтан да оны ешбір халық жатсынбайды.
Жазушының "Боранды бекет" романы өмір мен өлімді, қасиет пен қасиетсіздікті, жер-анаға адамдардың қарым-қатынасын, қазіргі әскери полигондағы Найман-ана бейітінің тарихын айтатын - психологиялық роман.
Кітаппен жұмыс: Ш.Айтматовтың шығармаларын оқып, құрылысына қарай талдайды.
Білімді бекіту: Оқушыларға бірнеше сұрақ қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жуап беремін.
-
Ш.Айтматовтың қандай шығармалары бар?
-
Айтматовтың есімін әлемге паш еткен қандай шығармасы?
-
Қазақ ақындарының ішінде кіммен дос?
Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Ш.Айтматовтың шығармаларын оқып келуге беремін.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8
Cабақтың тақырыбы: Төлен Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесі
Сабақтың мақсаты: білімділік - қазақтың белгілі жазушысы әрі қоғам қайраткері Төлен Әбдіковтың «Қонақтар» әңгімесі бойынша алған білімдерін бекіту,прозалық шығарманы
талдауға дағдыландыру;
дамытушылық – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту,ойларын нақты,дәл жеткізе білуге дағдыландыру,әдеби дүниетанымдарын кеңейту,қосымша деректер арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттыру,прозалық шығарманы әдебиет теориясы тұрғысынан талдауға үйрету;
тәрбиелік - оқушыларды әңгіменің сюжеті арқылы адамгершілікке,ізгілікке,мейірімділікке баулу,ата-ана алдындағы борышын ұмытпауға үндеу,шәкірттердің бойына халқымыздың ізгі қасиеттерін ұялату.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың типі: бекіту сабағы.
Сабақтың әдісі: 1)баяндау; 2)
мәнерлеп оқу; 3) сұрақ-жауап; 4) салыстыру; 5) әңгімелеу; 6) талдау.
Сабақтың көрнекілігі: 1) Венн диаграммасы; 2) үлестірме
қағаздар; 3) жазушының портреті,кітаптары.
Пәнаралық байланыс: тіл,халықтық педагогика.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен сәлемдесу. 2. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. 3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару. 4. Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Жазушы әрі қоғам қайраткері Төлен Әбдіковтың өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет.
ІІІ. Бекіту сабағын өткізу.
Төлен Әбдіковтың кітаптарынан көрме ұйымдастыру,шығармалары туралы қысқаша мәлімет беру.
2. Әңгіменің сюжетін топтарға бөлініп баяндау.
І топ.Ерғабыл шал мен оның кейіпкерінің баласын сағына күтуі.
ІІ топ. Қалада тұратын ұлы Сапабектің қарт әке-шешесіне салқын,жасанды қарым-қатынасы.Жетпіс бес жасқа келген Ерғабыл шалдың арманы.
Сағына күткен баласының әңгімесіне көңілі толмаған Ерғабыл шал.
ІІІ топ. Қарияның ендігі бір үміті – немересі Жеңісті алып қалып тәрбиелеу.
Баласы мен келінінің қартты бұл қуаныштан айыруы.
IV топ. Қалаға асығыс аттанған Сапабек.
Ұлымен қимай қоштасқан ата-ананың құлазыған көңілі.
3. Үлестірме қағаздар бойынша жұмыс.
1) Ерғабыл шалдың арманы не еді?
2) Ерғабыл шал мен оның кемпірінің баласын күтуі,оған деген сағынышы қалай суреттелген?
3) Ұлына Ерғабыл шалдың көңілі не себептен толмады?
4) Ерғабыл шалға,Сапабекке,олардың ой-толғаныстарына,сөздеріне сүйене отырып мінездеме бер.
5) Баланың ата-ана,туған жер алдындағы азаматтық парызы дегенді қалай түсінесің?
4. Оқулықпен жұмыс (дәптермен жұмыс).
1) Диалог дегеніміз не? (әдебиет теориясы)
2) Әңгімедегі диалогқа (Тома мен Жеңістің сөйлесуі) мысал келтіру арқылы республикамыздағы мемлекеттік тілдің ахуалы жайында баяндау,оның өткені мен бүгінін салыстыра отырып келешегіне көз жіберу.
5. Композициялық жоспар құру.
Композиция - әңгіменің (көркем шығарманың) құрылымы.
1.Ерғабыл шалдың арманы.
2.Ерғабыл шал мен оның кемпірінің баласы Сапабекті күтуі,оған деген сағынышы.
3.Ұлы Сапабекке көңілі толмаған Ерғабыл шал.
4. Қалаға асығыс аттанған Сапабек.
5. Ата-ананың ұлымен қимай қоштасуы.
-
Венн диаграммасы
ұқсастығы
7.«Ата-ана және балалар» тақырыбына ауызша ойтолғау.
8. Менің (мұғалімнің) «Қонақтар» әңгімесі бойынша қорытындым.
- Сонымен,оқушылар,бүгінгі сабақта біз қалада тұратын Сапабектің қарт әке-шешесіне салқын,жасанды қарым-қатынасын таныдық.Әлпештеп өсірген ата-ана алдындағы баланың мәңгілік перзенттік парызы туралы ұғындық.Қалаға асығатын Сапабектің ұлтымыздың дәстүр-салтынан қол үзіп қалған,перзенттік борыш-парызды жеңіл түсінетін,ата-анасына деген мейрімділігі жоқ екенін байқадық.
9. Үй тапсырмасы: Төлен Әбдіковтың «Қонақтар» әңгімесіне сүйене отырып «Ата-ананың қадірі» деген тақырыпта шығарма жазу.