Күшті топ
Орта топ
Әлсіз топ
Райымбек батырдың жорықтары, Райымбек батырдың «Райымбек,Райымбек»
ерліктері жайлы деректер жинау өмірі поэмасын оқу
8. Бағалау.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Қасымның «Өзім туралы» өлеңі
Сабақтың мақсаты: білімділік - өмірі мен шығармашылығын таныстыру,қазақ поэзиясына асыл өлең жазуды мақсат еткен өлеңдерінің идеялық мазмұнынын ұғындыру; дамытушылық - әр оқушы өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып өзінше ой түюге баулу,шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным-түсініктерін дамыту; тәрбиелік – ақын қаламынан туған өлеңдері арқылы оқушыларды адами қасиеттерге баулу,автор көтерген тағылымдар арқылы ақынның азаматтық бейнесін аша отырып,оқушылардың адамгершілік қасиеттерін арттыру,үлгі-өнеге алуға шақыру.
Сабақтың түрі: жаңа білім қалыптастыру сабағы.
Сабақтың әдісі: дамыта оқыту технологиясы (әр түрлі сатыдағы деңгейлік тапсырмалар, шығармашлық жұмыс),сұрақ-жауаптар,түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті;өміріне байланысты буклет,тірек сызбалар, деңгейлік тапсырмалар сызбасы;Мұқағали өлеңінің бір шумағы;Серік Қирабаевтың ақын туралы сөзі; кеспе қағаздар.
Жаңа сабақтың жүру барысы.
Сабақтың эпиграфы: Дейсіңдер-ау Қасымның несі басым?
Қасым солай болмаса несі Қасым?
Ақынмын деп қопаңдап жүргендердің
Әммесінен Қасымның десі басым.
(Мұқағали Мақатаев).
Тірек сызба арқылы ақын өміріне,шығармашылығына шолу.
Өмір жолы Шығармалары
Қарқаралыдағы Балалар Өлеңдері: Поэмалары:
Қызыл деген жер. үйінде «Сарыарқа», «Ақын өлімі
тәрбиеленген «Ертіс», туралы аңыз»,
Соғысқа қатысқан. «Жайық», «Қытай қызы»,
«Орал», «Құпия қыз»,
«Мен табиғат «Бикеш»,
бөбегі» «Естай
Қорлығайын».
Қасым жоқшылықты,жетімдікті сәби кезінен басынан өткізеді.Қой-қозы бағады,тезек те тереді,кісі есігінде телміреді.
Ол жалт еткен найзағайдай өткір тілді,қажырлы,қайратты,тік мінезді.Өзі айтқандай «жасық өлең емес,асыл өлең» жазуды өмірінің бар мақсаты етті.
Қасым поэзиясы Отанды,туған жерді сүюге,қастерлеуге үндейді,қайсарлыққа, табандылыққа, қаһармандыққа баулиды.
Ақынның өмірге,келешекке артатын сенімі,үміті мол.Қасым өмірді мейлінше сүйген ақын.
Өздеріңізге ұсынылып отырған өлеңді Қасым «Сыр» деп те атаған екен. Шыншыл,бүкпесіз ақын ұрпағымен ашық сөйлесіп,мақсат-мүддесін,қуаныш-сүйінішін,сенімі мен дудәмәлін жайып салады.
Ақынның қайтыс болғаннан кейінгі жарияланған өлеңі – «Өзім туралы».
Өлең тақырыбы: өз өмірін өлеңмен өрнектейді;өмір мен өлім туралы,өлеңнің құдіреті,ақындықты дәріптейді;туған ел,жер қасиетін жырлайды;болашақ ұрпаққа өсиет қалдырады.
Өлеңнің идеясы: өмірді,туған жерді,Отанды қастерлеуге шақырады; «Берейін өмірімнен өлең жасап» деп өзі жырлағандай өлеңді,ақындықты құрметтеуге үндейді.
Осы өмірбаяндық өлеңінде ақын өмірінің қайғы-мұңы,қуанышы,асқақ арманы,өршіл мақсаты көрінеді.Ақын болашақ жастарға үлкен сенім артады,олардан үміт күтеді.
Өлең жоспары тақтаға жазылады.
-
Өзі жайлы
-
Өмір мен өлім туралы
-
Ақындық,оның мақсаты
-
Болашақ өсиет
-
Туған ел,туған жер туралы.
Осы жоспар бойынша оқушылар тарауларға бөліп,мәнерлеп оқиды,Дамыта оқыту технологиясы бойынша оқушылар деңгейлік тапсырмалар орындайды.
І саты: оқушы деңгейі ( мұғалім көмегімен).
Өлең құрылысын талдау
1.Өлеңде қанша шумақ бар? (25 шумақ бар)
2.Неше тармақ бар? (100 тармақ бар)
3.Неше бунақ бар? (3 бунақ бар)
4.Неше буын бар? (11 буын бар)
5.11 буынды қара өлең ұйқасы.
Ақынның поэтикалық тіліне талдау
1.Өлеңнің метафорасы ........................
2. Эпитеті .....................................................
3. Теңеуді табыңдар.
Сабақты бекіту сұрақтары мен тапсырмалары
ІІ саты: алгоритмдік. 1.Ақынның өмір жолы,шығармашылығы (тірек сызба сызу).
2.Қасым қандай ақын? (тор құру керек). 3.Ақын шығармалары (тор құру керек)
4.Өлең «Өзім туралы» деп аталса да,ақын тек өзі туралы ғана толғанған ба? 5.Өлең жолдарындағы «Берейін өмірімнен өлең жасап» дегенінен ақынның айтайын деген ойын қалай түсінесіңдер? 6. Ақын болашаққа қандай өсиет айтады?
ІІІ саты: эвристикалық. Ақынның өлеңдегі көңіл-күйін талдау:
1) қайғы,мұң; 2) шаттық,қуану; 3) берік сенім,үміт; 4) асқақ арман,өршіл мақсат;
5) өсиет,өнеге.
Осы тірек сөздерге байланысты ақын көңіл-күйін білдіретін өлең жолдарын тауып оқу,түсінік беру.
IV саты: шығармашылық (тақырыптар беріледі).
1.Өлді деуге бола ма,ойлаңдаршы ...
2.Қасым ақынға хат жазу.
3.Біз неткен бақытты едік,бүгінгі ұрпақ.
Қорытынды. Қасым идеологияның құлы болып қалған жоқ.Заманның тар қалыбына сыймай,құлашын еркін жая алмай бұлқынған ақынның көңіл күйі,ойы,сезімі оның шығармаларынан анық байқалады.Соның өзінде Қасым – үлкен ақын,ұлы ақын.Ол ешкімге еліктемей,жалтақтамай, «Жамау-жасқау жинамай,өз сөзін өзі болып айтады», «Өлең мен күйден» жаралған ерекше бір тұлға еді.Ол қазақ өлеңінің рухын көтерді.Өлең сөзге қанат бітіріп,ерлік дарытты,өлең формаларын жетілдірді.
Музыкалық үзіліс.Ақын өлеңін сазымен орындау (үзінді).
Бағалау.
Үй тапсырмасы. 1. Өлеңді мәнерлеп оқу (үзінді жаттау).
2.Кесте үлгісі беріледі (жоспар бойынша жұмыс).
3.Шығармашылық жұмыс (ой толғау жазу).
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Қазақ әдебиетіндегі «Ана құдіреттілігі» тақырыбы.
Сабақтың мақсаты: білімділік - оқылған шығармаларын (Міржақып Дулатұлы «Шешенің балаларын сүюі,Мұқағали Мақатаев» «Аққулар ұйықтағанда», Төлеген Айбергенов «Ана», Қарауылбек Қазиев «Менің шешем», Шыңғыс Айтыматов «Найман-Ана») арқау ете отырып,тақырыбын меңгерту,білімдерін пысықтау; дамытушылық – көркем шығармаларды жүйелі талдата,жанама ойын жетілдіре отырып,шығармашлыққа баулу; тәрбиелік – ананы қадірлей білуге,ана армандаған азамат блып қалыптасуға,елін сүюге тәрбиелеу.
Сабақ 45 минутқа лайықталған.
Көрнекі құрал: графопроект.
Мұғалімнің ұйымдастыру формасы
|
Сабақтың мазмұны (барысы)
|
Оқушы-ның іс-әрекеті
|
|
1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу
|
|
Оқушылардың назарын өзіме аудара отырып,сабақтың тақырыбымен таныстыру.Сабақ-тың мақсатын жариялау
|
Кім сендерді,балалар,сүйетұғын
Қуанышыңа қуанып,қайғыңа күйетұғын?
Түн ұйқысын төрт бөліп,кірпік қақпай
Анаң байғұс дамылсыз жүретұғын.
Тақырыпты меңгерте отырып,оқушылардың білімдерін пысықтау,шығармашылық қабілетін дамыту.
|
Топ-топқа бөлініп, құралдарын ретке келтіріп, сабаққа дайындалуы
|
Сабақтың түрі:
Сұрақ-жауап түріндегі ойын сабағы
«Бақытты сәт»
|
Ойын 4 кезеңнен тұрады.Бірінші кезеңі
«Ширату кезеңі» деп аталады.Шарты: әр топтан бір оқушы тұрып,он сұраққа жауап береді.Ашық тест түріндегі бұл кезеңге міндетті деңгейдің сұрақтары топтастырылады.
І. «..А» тобының сұрақтары
1. «Шешенің балаларын сүюі» өлеңі қандай үлгіде жазылған?
2.»Иә,көз-қорқақ,қол – батыр.
«Біссімілла,береке...» деп жұмысына кіріскен ана.
3. «Алыста жүрсең,анаңа хат жаз» деп ескертетін ақын.
4. «Найман-Ана» шығармасын кім аударды?
5.Айдын еркесі аққуды ана неге атты?
6.Т.Айбергенов «Ана» өлеңінде кімдер үшін ұяттан қызарады?
7.Найман-Ана өз ұлын таныған кездегі алғашқы қимылы.
8.Шығармадағы сюжеттен тыс нәрселер.
9.Т.Айбергеновтің қазақ поэзиясына қосқан жаңалығы.
10.Соғыс жылдарында елде еңбек еткен аналарға қандай жеңілдіктер берілді?
|
|
«Ширату» кезеңінің сұрақтары
Ашық тест
Міндетті деңгей сұрақтары топтастырылған
|
І. «Ә» тобының сұрақтары
І. «Оян,қазақ!» өлеңдер жинағы қай жылы басылып шықты? (1909ж.)
2. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы ананың қателігі неде?
3. «Сендік қуат мың есе артық жердің тарту күшінен» деген сөзді қалай түсінесің?
4.Қажырлы,еңбекқор асыл ана қай шығармада көрініс тапқан?
5.Поэма дегеніміз не?
6. «Найман Ана» үзіндісін қандай шығарманың түріне жатқызар едің?
7. Адам баласының парызы не?
8.Найман-Ана қандай сұмдыққа лағынет айтты?
9.Жалқау болсаң,жаман болсаң анаң неге қамығады деп ойлайсың?
10.Анасын теңдесі жоқ құдіретке балаған ақын.
ІІ кезең: «Қоржыннан асық алып,сұраққа топпен дайындалып жауап береді.Қоржындағы сұрақтар лайықты деңгейдің негізінде топтастырылған.
|
|
|
ІІ.Қоржындағы сұрақтар
|
|
|
№1 Екі топқа ортақ сұрақ
|
|
Кеспе қағаздың тақтадан үлгісін көрсету
Қазақ тілімен байланыстыру
Үзінді беріледі, тақтамен жұмыс
Тақтаға талдау үлгісі беріледі.
(Үзінді беріледі)
Топтың алдына «ана» модулі беріледі
Бағалаушы топқа ІІ кезең бойынша қорытынды жасау тапсырылады.
Ән сабағымен байланыстыру
Қосымша деректерін пайдаландыру
Үй тапсырмасы бойынша рецензиясын тексеру
Үйге тапсырма
Ой толғау тақырыптарын тақтаға жазып қою
|
Үй тапсырмасы бойынша көркем шығарманың тілін меңгерту мақсатында кеспе қағаздар жасау тапсырылған.Міне соған байланысты «А» тобына: «Найман-Ана» үзіндісінен тұрақты сөз «қарау түрлеріне» байланысты және «жүрек сөзіне» байланысты сөздерге талдау жасау. «Ә» тобына: «Найман-Ана» үзіндісінен уақытты білдіретін сөздерге,қимыл түрлеріне байланысты сөздерге талдау жаса.
№2. Ана-Бейітті халық неліктен соншама қасиет тұтады?
№3. «Менің шешем» әңгімесіндегі баланың қыңырлығына көзқарасың
№4. «Шешенің балаларын сүюі» өлеңін мәнерлеп жатқа айт.
№5. «Ана» өлеңін өлең құрылысының элементтеріне талда.
№6. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасына кешенді талдау.
№7. Мына модуль бойынша Міржақып,Мұқағали, Төлеген,Қарауылбек,Шыңғыс шығармаларындағы ана образына талдау жасаңдар.
ІІІ. Кезең сергіту мақсатында алынған «Әнмен әуездеу» кезеңі.
Шарты: Шәмшінің «Ана жыры» әнін мен бастаймын,ал екі топ кезектесіп келген жерінен іліп әкетуі тиіс.Бұл – бірінші шарты.Ал екінші шарты: ақындардың қосымша ана туралы өлеңдерін қарастырып,жинақтау тапсырылған,міне сол қолдарыңдағы тауып келген «Ана» туралы өлеңдеріңе келістіріп ән айтасыңдар.
Бірінші «А» тобы.Екінші «Ә» тобы.
IV кезең. Жоғарғы шығармашылық деңгей.
Сабағымызда тілдік талдау,көркемдік ерекшелігіне талдау,құрылымдық талдау жүргізудегі мақсатымыз шығарма жайында өз пікірімізді қалыптастыру,рецензия,пікір жазуға,зерттеу жұмыстарына дағдылану болып табылады.Міне,сондықтан сабақтың нәтижесін көру үшін бірінші сұрақ үй тапсырмасы бойынша болмақ.
Үйге 1) «Найман-Ана» шығармасы бойынша пікір жазу тапсырылған.Қане,соны талқылайық. «А» тобын, сосын «Ә» тобын кезектестіріп пікір айтқызу.
2) Жаңа ғана әр шығармадағы ана бейнесіне талдау жасаңдар.
Ал өткен сабақтарда ойларыңдағы ана бейнесін қағазға түсіріп мынадай суреттер салыңдар.
«Анаңды жырға қосыңдар» деген де тапсырмалар болды,қорытындылай келе «А» тобына: «Ананың мейір-махаббаты» тақырыбында ой толғаңдар (өз өлеңдеріңді эпиграф етіп алсаңдар болады). «Ә» тобына: «Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы» тақырыбына ой талдау.
Қорытынды. Бағалаушы топ IV кезеңнің ұпайын айтып барып,барлық кезең бойынша қорытынды жасап,жеңімпаз топты анықтайды.
|
Оқушы тақтаға шығып талдайды.
Оқушылар алдарына берілген модуль бойынша талдау жүргізеді.
Бағалаушы топ ұпайын шығарады
Әуенін әсерлей,нақшына келтіріп айтуы Сөзіне әуені сәйкес келуі
Дәптерлерінен
өзіндік пікірлері.
Топтаса отырып ойтолғау жазу.
|
Үйге :1. «Ана құдіреттілігі» тақырыбында шығарма жазу.2.Өз беттерінше «Қонақтар» әңгімесін оқу.
|
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8
Сабақтың мақсаты: Қадыр Мырзаәлі. «Кәрі Қыран»
Сабақтың мақсаты: 1) ақын өмірі мен шығармашылығынан мәлімет бере отырып ақын өлеңінің идеясын,мақсатын ұғындыру; 2) оқушылардың поэзияға деген қызығушылығын арттырып,сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту; 3) сұлулық пен еркіндікті танытуға,адамгершілік пен намысшылдыққа,қайсарлыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті,шығармалар жинағы,үнтаспа,слайдқа жазылған тақырыпқа сай суреттер,қанатты сөздер,бүркіт жасы туралы плакаттар,тірек сызбалар.
Пәнаралық байланыс: ән,бейнелеу өнері,биология,халықтық педагогика.
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасы («Қоңыр күз еді»).
1.Қасым неге күзді еске алып отыр?
2. «Әкең сұраса да берме,ешбір жанға көрсетпей оқы» дегені қай шығарма?
3.Алматыға келгенде жазушымен кездессем деген үміті неге үзілді?
Жаңа сабақ.
Міне,балалар,адам тәлім мен тәрбиені тіл арқылы алады.Қазақ халқы ежелден шешендікке әуес,тіл өнерін жетік білген халық.
Тіл – біздің күретамырмыз.
Тіліміз бен дінімізді сақтамасақ,ұлт болудан қаламыз.
Ана тілінің қайнар бұлағынан сусындайын деген кісі сол тілде жазылған әдебиетті құмарта оқиды.
Қазақ деп белі қайысқан,қаңтарда туған қыран Қадыр Мырзаәлі 1935 жылы Орал облысы Жымпиты ауданында дүниеге келген.мектеп бітірісімен Қазақтың мемлекеттік ұлттық университетінің филология факультетіне оқуға түседі.
Енді мына өлең жолдарын естеріңе түсіріп көріңдерші.
Екі шектің бірін қатты,
Бірін сәл-пәл кем бұра.
Нағыз қазақ қазақ емес,
Нағыз қазақ – домбыра, - деп қазақтың қара домбырасын шырқау биікке көтеріп тастаған да Қадыр ағамыз болатын.
Жайлауында жүрген жігіт бағып қой
Дос келді деп жасап жатыр анық той.
Алғаш рет көріп тұрсың сен оны,
Нағыз қазақ осы міне танып қой.
Қазақ осы
Дала дейтін,
Күн дейтін,
Қазақ осы
«Өнер алды-тіл» дейтін.
Қазақ осы
Қарасың ба,
Ақсың ба,
Қоңырсың ба,
Жатырқауды білмейтін.
Қадыр Мырзаәлі – халық даналығының білгірі.
Жалпы Қадыр өлеңдерінсіз 1960-70 жылдардағы қазақ поэзиясын көз алдымызға елестету мүмкін емес.
(тақырып сөз)
А) Интервью
Қыран дегенде көз алдарыңа не елестейді?
Ә) БҮҮ әдісі бойынша тірек сызбаның бірінші бөлігін толтыру.
1.Қыранға қатысты қазақта қандай кәсіп бар? 2. Қайда тіршілік етеді,немен қоректенеді?
Б) Қыранға қандай құстар жатады (тақтаға іліп толықтыр)
В) Сонымен қатар қазақ бүркіттің жасына қарай әр түрлі ат беріп отырған:
1 жас – балапан; 2 жас – жас түбіт; 3 жас – тірнек; 4 жас – жас түлек; 5 жас – мұзбалақ; 6 жас – көк түбіт; 7 жас – қана.
Енді балалар назарымызды мәтінге аударамыз.
«Рольдегі оқушылар»
Қазір өлеңді үш бөлікке бөлеміз де, «рольдегі оқушылар» әдісімен жұмыс істейміз.Әр топтың әрбір мүшесі өзіне тиісті тапсырманы орындайды:
1-оқушы – мәнерлеп оқиды; 2-оқушы – мазмұнын айтады; 3-оқушы – көркемделген сөздерді табады; 5-оқушы – жоспар (соңында).
Сонда әңгіме қыран мен мұзбалақ жайында екен.
«Мұзбалаққа» түсінік беру.
Екеуін салыстыру (4 қасиеті)
өжет қырағы осал жас
қайсар сақ тәжірбиесіз аңғал
Енді БҮҮ кестесін толтырамыз.
Сабақты бекіту.
-
«Қыран қияда өледі» дегенді қалай түсінесіздер?
-
Қыран неге намыстанды? (Қыран қартайса,тышқаншыл болады)
-
«Найзағайдай жарқылдап ғұмыры өтті»,қалай түсінесіз?
-
Қыранның соңғы шешіміне не себеп болды?
Соңғы сөзді мен айтайын (дәптермен жұмыс).
Қыранша өмір сүргенің – қандай бақыт,
Қандай бақыт – қыранша өле білген!
Осы жолдар төңірегінде ойланып көрейікші,автор нендей ойды айтпақшы. (оқыту)
Шынында осы өлең жолдарындағы «қ» әрпі аса бір қайсарлықты,қырағылық пен қайтпас қажырлықты көрсетіп тұр.Қыран – қасиетті құс,текті құс.Қазақ неге қыранды жеті қазынаға жатқызады.Бұл оның киесін танытқандай.
Алтайдың «Ақиығы», «Ақ шегір» деп атауы да тегін емес.Бірақ қалың жұртты қайран қалдырып,талайларды таңдай қақтырған осы наз өнердің соңғы кезде біртіндеп сиреп бара жатқаны,қайталанбастай болып жоғалып бара жатқанның куәсі болып отырмыз.
Керек десеңіз тәуелсіз еліміздің туында осы қыран бейнеленген.Бұл еркін,ешкімге тәуелсіз елміз дегенмен қатар қайсармыз,мәртпіз,намысшыл халықпыз дегенді білдіреді.Туымыз тұғырлы,еңсеміз биік болсын!
(кітап көрмесі туралы)
Табиғат ана осы құсқа қырағылық қасиетті аямай берген.
Үй тапсырмасы.
«Тауға ұшам,қуат алып қыранның қанатынан ...» тақырыбында эссе,өлең жазу,мазмұнына сәйкес сурет салу.
Бағалау.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Төлеген Айбергеновтің «Бір тойым бар» өлеңі
Сабақтың мақсаты: білімділік - ақын өмірі мен шығармашылығынан мағлұмат беру,өлеңді оқыта отырып идеялық мазмұнын ұғындыру; дамытушылық - өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып поэзиялық шығармаларды талдау дағдысын қалыптастыру,тілін дамытып,мәнерлеп оқуға баулу; тәрбиелік - жас ұрпақ бойына ұлттық құндылықты сіңіру,ұлы мұраттар жолында еңбек етуге,ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білім қалыптастыру сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,ойтолғау,шығармашылық ізденіс.
Сабақтың көрнекілігі: ақын бейнесі,жыр жинақтары бойынша көрме,естеліктер,ақынның өзіндік бес ерекшелігі, аудио және бейнетаспа т.б.
Сабақ келбеті.
Үй тапсырмасы.
Поэзия! Менімен егіз бе едің,
Сен мені сезесің бе,неге іздедім?
Алауратқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім, - деп жырлаған Мұқағалидың поэзиялық шығармаларының бірі – «Аққулар ұйықтағанда» дастаны.
Ал енді осы дастан бойынша берілген үй тапсырмасына көңіл бөлейік.
Жылқышы мен ананың диалогы.
(Нұрғиса Тілендінің «Аққу» күйінің әуенімен рөлге бөліп ойнайды.)
.
-
Жалпы бұл поэмадан біз қандай тағылым алдық?
-
Шығарма идеясы аққуды атпаудан әлдеқайда кең.тек аққуды емес,табиғатты сақтаңдар,әдемілікті көре біліңдер,әсемдікті аялаңдар дейді. Бүгін әсемдікті сақтауға үйретсек,ертең ізгілік үшін күресуге дайын боламыз.Адам да табиғаттың бір бөлшегі.Демек,табиғатты сақтауға үйрену – адамгершілікке,ізгілікке бастайтын алтын баспалдақ.
Мұқағали поэзиясы – мөлдір де таза,сарқылмас поэзия.Сіздер өлең табиғатын терең түсіну үшін поэзиялық шығармаларды көбірек оқығандарыңыз жөн.Мұқағалидың
«Наурыз айы туғанда
Той болушы еді бұл маңда.
Сақталушы еді сыбаға
Сапарға кеткен ұлдарға.
Наурыз айы туғанда» деп басталатын «Наурыз думан» атты өлеңі де бар.Алда Нурыз тойы келе жатыр.Баршаңызды Наурыз тойымен құттықтаймын!
Жаңа сабақ.
Халық мұндайда «Той тойға ұласын!» деп жатады.Ендеше бүгінгі сабағымыздың өзегі де той жайлы болмақ. бүгінгі қарастыратын өлеңіміз «Бір тойым бар» деп аталады.Өлеңнің авторы жайлы айтар болсақ.
«Ол» деп отырғаным – Төлеген Айбергенов,асқақ үнді ақын,біртума талант.
Мен марттағы найзағай күркірімін,
Құрамнғазы күйінің бір тілімін.
Менің жаным саясын паналаған
Дүниедегі бар қыздың кірпігінің, - деп өзі жырлағандай,сегізінші наурыз – қазақ поэзиясы үшін де үлкен мереке,жыр мерекесі.
Өмірдерек
Төлеген Айбергенов 1937 жылы 8-наурызда Қарақалпақстанда туған.1959 жылы Ташкенттегі Низами атындағы пединститутты бітірген соң туған жерінде мұғалім болып жұмыс істейді.Оның найзағай отындай жарқ еткен
жырлары поэзия әлеміне жарық жұлдыз болып қосылды.
- Ал енді,балалар,Төлеген жайлы естеліктер не дейді? Олармен өзіміз танысып,ойларымызды ортаға салайық.
Әр топ араларыңыздан жетекші сайлаңыздар.Сонан соң топ жетекшілері естеліктерді өз тобымен оқып,өзге топтармен ой бөліссін.
І топ. Бала кезіндегі досы Сапар Өтемісовтың естелігі.
Мен Төлегенмен бастауыш класта бірге оқыдым.Бір жапырақ қара нанды бөліп жеп,бір ауаның кәусарын бөле жұтқан жеріміз – жер сұлуы Бостандық еді.Әлі есімде ол – кез соғыстан кейінгі жылдар еді.Төлегеннің әкесі сырқат,төсек тартып жататын.Мектеп ауылдан едәуір қашықтау орналасқандықтан менің етікші болып істейтін әкем екумізді мектепке есек арбамен жеткізіп тастайтын.Бірде Төлегеннің аяғындағы бәтеңкесінің ұлтаны ақтарылып,әбден тозығы жеткендіктен аяғына ілуге келмей қалды.
Оны байқап қалған әкем қолына тебен алып,аяқ киімін жамай бастады.Ал менің көне де,жаңа бәтеңкем бар болатын. «Бір бәтеңкемді берсем бе екен?» деп көп толғандым.Бірақ құрттайымыздан жоқшылық көріп өскен соқыр көңіл қимады.Жүрегімді шымшылап,намысымды қамшылап маза бермейтін сол бәтеңке маған мәңгілік өкінішке айналды.
Достарыңызбен бөлісу: |