Әдебиет тарихы- сөйтіп, жеке алғанда, бір елде, жалпы алғанда, бүкіл адам баласының тарихында көркем әдебиеттің қалай пайда болғанын, қайтіп қалыптасқанын, қандай жолдармен дамығанын зерттейді. Қай халықтың болсын, атамзаманындағы сәбилік шағында , жазу-сызуы жоқ кезінің өзінде ауыз әдебиеті өрбігені, одан ілгерілей келе жазба әдебиеті туып, дамығаны мәлім. - Әдебиет тарихы- сөйтіп, жеке алғанда, бір елде, жалпы алғанда, бүкіл адам баласының тарихында көркем әдебиеттің қалай пайда болғанын, қайтіп қалыптасқанын, қандай жолдармен дамығанын зерттейді. Қай халықтың болсын, атамзаманындағы сәбилік шағында , жазу-сызуы жоқ кезінің өзінде ауыз әдебиеті өрбігені, одан ілгерілей келе жазба әдебиеті туып, дамығаны мәлім.
- Әр халықтың осындай көркемдік сапарын саралайтын да, сын көзбен сұрыптайтын, сарапқа салатын да әдебиеттің тарихы. Сонымен қатар, бұл ғылым әр дәуірдің әдеби нұсқасына тарихи тұрғыдан қарап, оның сапасын сол тұстың сана сатысына, ой өрісіне байланыстыра тексереді. Олай етпей, ауыз әдебиетінің нұсқалары болсын, жеке жазушылар шығармашылығы болсын, әділ бағаланып, әдеби дамуындағы өзіне лайық орнын алу мүмкін емес.
- Әдебиет теориясының толғамдары әдебиеттің тарихын негізге алумен бірге, әдебиеттің сынымен де тығыз байланысып жатады.
Әдебиет сыны — әрқашан дәл өз тұсындағы әдебиеттің тірі процесіне белсене араласып, нақты әдеби туындыны жан-жақты талдау, оның идеялық көркемдік құнын белгілеу, өз кезеңінің эстетикасы үшін мәні мен маңызын анықтау арқылы, бір жағынан, жазушыға жазғандарының бағалы қасиеттерін, ерекшеліктері мен кемшіліктерін көрсетіп, оның шығармашылық өсуіне тікелей қолғабыс жасаса, екінші жағынан оқырмандарды оқығандарының байыбына барып, оны жете түсініп, дұрыс бағалауға баулиды. - Әдебиет сыны — әрқашан дәл өз тұсындағы әдебиеттің тірі процесіне белсене араласып, нақты әдеби туындыны жан-жақты талдау, оның идеялық көркемдік құнын белгілеу, өз кезеңінің эстетикасы үшін мәні мен маңызын анықтау арқылы, бір жағынан, жазушыға жазғандарының бағалы қасиеттерін, ерекшеліктері мен кемшіліктерін көрсетіп, оның шығармашылық өсуіне тікелей қолғабыс жасаса, екінші жағынан оқырмандарды оқығандарының байыбына барып, оны жете түсініп, дұрыс бағалауға баулиды.
- Бұл ретте, сыншыны жазушы мен оқырманның екеуіне ортақ – ара дәнекер десе де болар еді. Бірақ бұл аз. Сыншы – қалың оқырманның өскелең талабы мен талғамының жаршысы, әдеби құбылысты жалпы мемлекеттік мүдде тұрғысынан пайымдайтын қоғамдық ой-пікірдің озық өкілі.
- Олай болса, жалпы әдебиетті дамытудағы сыншының күші, жазушыға тигізер сынның ықпалы оның оқырманға тигізер әсеріне, қалың көпшіліктің көркемдік талғамын қалыптастыруға тығыз байланысты.
- Сын тек жазушы үшін ғана емес, оқырман үшін де жазылады. Оның көркем шығармаға қосалқы комментарий емес, өз алдына жеке шығарма болып табылатыны да сондықтан.
Достарыңызбен бөлісу: |