Бөлім
|
ҚОРШАҒАН ОРТА
|
Педагогтің аты-жөні
|
|
Күні
|
|
Сынып: 2
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
2-сабақ. Құс ұясын бұзбайық!
|
Оқу бағдарламасына
сәйкес оқыту мақсаттары
|
2.2.4.1 суретті жоспар және тірек сөздер/сұрақтар негізінде шағын мәтінді мазмұндау;
2.2.2.1 сюжетті сурет негізінде сөйлеу (2–3 сөйлем).
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар жасай алады: сұрақтар негізінде шағын мәтінді мазмұндайды, сурет бойынша сөйлемдер құрайды.
Оқушылардың көбі жасай алады: сурет бойынша сөйлемдер құрайды.
Оқушылардың кейбірі жасай алады: тірек сөздер/сұрақтар негізінде шағын мәтінді мазмұндайды.
|
Сабақтың барысы:
|
Сабақтың кезеңі/уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы (5 мин)
|
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Көңіл күйді анықтау.
|
Бір параққа өзінің көңіл күйін табиғат құбылыстары арқылы келтіретін сурет салады: (Күн, бұлт, жаңбыр, қар, ... т.б). Олар суреттерін бір-біріне көрсетеді. Оларға сабақтың аяғына
дейін көңіл күйлерін көтеріңкі деңгейге жеткізу жұмысы тапсырылады.
|
ҚБ: мадақтау
|
Күн, бұлт, жаңбыр, қар суреттері
|
Сабақтың ортасы (35 мин)
|
Жаңа сөздер: шыбық, балшық, жұмыртқа, жапырақ.
|
Жаңа сөздерді қайталайды, есте сақтайды.
|
|
жаңа сөздер, суреттер
интербелсенді тақта,
бейнесюжет
|
|
Дәптердегі №1 тапсырма. 1-тапсырма. Оқиық.
Өлеңді оқы, сұраққа жауап бер.
2-тапсырма. Тыңдайық. Анықта.
Қарлығаш ұя салыпты.
Жылан қарлығаштың ұясына шығады.
Қарлығаш көкектен көмек сұрапты.
Қарлығаш құмырсқадан көмек сұрапты.
Қарлығаш қарғадан көмек сұрапты.
Қарлығашқа дәуіт көмектесіпті.
3-тапсырма. Айтайық. Ертегі мазмұны бойынша суреттердің ретін тап. Сурет
бойынша мазмұнын айт.
Дәптердегі №2 тапсырма. 4-тапсырма. Жазайық.
Сөйлемдерді толықтырып жаз.
Керекті сөздер: ұя, бұзуға, балшықтан.
|
Дәптермен жұмыс.
Мәтінмен жұмыс.
Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқиды.
«Қарлығаш пен дәуіт» фильмін көреді. Сөйлемдердің қайсысы дұрыс емес екенін айтады.
Дескриптор:
– суретпен жұмыс жасайды.
Сергіту сәті.
Жел улейді – у-у-у,
Қатты жел соқты – гу-гу-гу, Құйын келіп биледі – зу-зу-зу,
Жапырақтар қол соқты – ду-ду-ду.
Топтық жұмыс.
«Ертегі құрастыру» әдісі.
Бастаушы ертегінің бірінші сөйлемін айтады. Қалғандар бір-бір сөйлемнен өздері қалауынша ертегінің сюжетін құрастырады.
Қатысушылардың қиял жүйріктігі, тіл
байлығына қарай түрлі ертегі құрастырылып шығады.
Дәптермен жұмыс.
Жазылым тапсырмасын орындайды.
Дескриптор:
– ертегі мазмұны бойынша суреттердің ретін табады;
|
«Эмоциялық бағалау»
(Шіркін! Алақай! Қап!)
ҚБ: бірін-бірі бағалау
ҚБ: «Отшашу» әдісі
|
бейнебаян
|
|
|
сурет бойынша мазмұнын айтады;
сөйлемдерді толықтырып жазады;
қажетті сөздерді қолданады.
|
|
|
Сабақтың соңы (5 мин)
|
Кері байланыс. «Табыс баспалдағы».
|
Сұрақтарға жауап беру арқылы баспалдақтың әр сатысына көтеріледі.
|
|
|
Бөлім
|
ҚОРШАҒАН ОРТА
|
Педагогтің аты-жөні
|
|
Күні
|
|
Сынып: 2
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
3-сабақ. Табиғатты қорғайық!
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
2.1.2.1 күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздерден құралған қарапайым фразалардың мағынасын түсіну;
2.2.2.1 сурет бойынша сөйлеу.
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар жасай алады: таныс сөздерден құралған қарапайым фразалардың мағынасын ашады, сурет бойынша сөйлейді.
Оқушылардың көбі жасай алады: таныс сөздерден құралған қарапайым фразалардың мағынасын ашады.
Оқушылардың кейбірі жасай алады: сурет бойынша сөйлейді, мәтін құрайды.
|
Сабақтың барысы:
|
Сабақтың кезеңі/уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы (5 мин)
|
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
«Шаттық шеңберін» жасау.
Кәне, кәне, тұрамыз, Үлкен шеңбер құрамыз. Күннен жылулық алып,
Апайларға сыйлаймыз.
|
Оқушылар алақандарын ашып, «үффф» деп үрлейді.
|
ҚБ: ынталандыру
|
|
Сабақтың ортасы (35 мин)
|
Жаңа сөздер: сенбілік, қоқыс, сындырма, жинау.
1-тапсырма. Тыңдайық.
Көзін аш бұлақтың, Сарқырап су ақсын. Қарасын күлімдеп
Көктегі шуақ Күн.
|
Жаңа сөздерді қайталайды, сөйлем құрайды.
Сұраққа жауап береді. Көктем айының белгісі не?
|
«Эмоциялық бағалау!»
|
сюжетті сурет
|
|
2-тапсырма. Оқиық.
«Серпілген сауал» әдісі
Мәтіннің түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасына
сұрақтарды лақтырыңыз.
Балалар табиғатқа қандай көмек жасады?
|
Мәтінмен жұмыс.
Сұрақтарға толық жауап береді.
Дескриптор:
өлеңді мұқият тыңдайды;
көктем айының белгілерін атайды;
мәтінді оқиды;
сұраққа жауап береді.
|
|
сұрақтар тұрағы
|
|
Сергіту сәті.
Тербеледі ағаштар, Алдымнан жел еседі. Кіп-кішкентай бөбектер Үлкен болып өседі.
|
|
|
Дәптердегі №1 тапсырма.
3-тапсырма. Айтайық. Суретке қара. Бірнеше сөйлем құрап айт.
Үлгі: Алмас жер қазды.
|
Дәптермен жұмыс. Топтық жұмыс.
Суретпен жұмыс.
Топқа бөліп, әр топқа сурет бойынша бірнеше сөйлем айтқызады.
|
ҚБ: бірін-бірі бағалау
|
интербелсенді тақта
|
4-тапсырма. Жазайық. Дәптердегі
№2 тапсырма.
Көп нүктенің орнына тиісті жалғауды жалғап жаз.
Ағашты сындыр...! (-ма/-ме) Көп сөйле...!
Қоқысты шаш...! (-па/-пе) Сабаққа кешік...!
Жерді қаз...! (-ба/-бе) Терең суда жүз...!
|
Жазылым тапсырмасын орындайды.
Дескриптор:
суреттегі балалардың іс-әрекетін айтады;
мәтін құрап айтады;
жалғауларды дұрыс жалғап жазады.
|
|
|
Сабақтың соңы (5 мин)
|
Кері байланыс. Суреттерді таңдау.
|
Бүгінгі сабақта болған көңіл күйді бет әлпеті салынған суреттерді таңдайды.
|
|
|
Бөлім
|
ҚОРШАҒАН ОРТА
|
Педагогтің аты-жөні
|
|
Күні
|
|
Сынып: 2
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
4-сабақ. Таза аула
|
Оқу бағдарламасына
сәйкес оқыту мақсаттары
|
2.1.2.1 күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздерден құралған қарапайым фразалардың мағынасын түсіну;
2.2.2.1 сурет бойынша сөйлеу.
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар жасай алады: таныс сөздерден құралған қарапайым фразалардың мағынасын ашады, сурет бойынша сөйлейді.
Оқушылардың көбі жасай алады: таныс сөздерден құралған қарапайым фразалардың мағынасын ашады.
Оқушылардың кейбірі жасай алады: сурет бойынша сөйлейді, мәтін құрастырады.
|
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңі/уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы (5 мин)
|
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
«Шаттық шеңберін» жасау.
|
Алақандарын ашып, «үффф» деп үрлейді. Кәне, кәне, тұрамыз,
Үлкен шеңбер құрамыз. Күннен жылулық алып,
Апайларға сыйлаймыз.
|
ҚБ: ынталандыру
|
топ құру
|
Сабақтың ортасы (35 мин)
|
Жаңа сөздер: ауланы тазалау, ағаш отырғызу, қоқыс жәшігі, лақтыру.
1-тапсырма. Айтайық.
«Сұрақтар алаңы» ойыны. Оқушылар сурет бойынша сұрақтар құрастырады. Нәтижесін өзара бағалайды, салыстырып қорытынды шығарады.
Кім? Не? Қашан? Неге?...
Дәптердегі №1 тапсырма. 2-тапсырма. Тыңдайық.
Балалар сенбілікке шықты. Олар мектеп ауласын тазалады. Алуа қоқыс жинады. Жандос пен Әмір ағаш отырғызды. Әлия
гүлдерге су құйды.
|
Жаңа сөздерді қайталап, мағынасын ашады.
«Тазала» сөзіне қанша сөз тіркесін айта алатынын тексеру: ауланы тазала, үйді тазала, кілемді тазала, киімді тазала.
Топтық жұмыс.
Сурет бойынша жұмыс жасайды.
Дәптермен жұмыс.
Іс-әрекет, қимылды білдіретін сөздерді табады.
Дескриптор:
сурет бойынша сұрақтар құрастырады;
сұрақтарға жауап береді;
|
ҚБ: бірін-бірі бағалау
|
сюжетті сурет
интербелсенді тақта
|
|
тапсырма. Оқиық.
«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.
«Мұғалімге жеделхат» тақтасына оқушылар стикер жапсыру арқылы орындалады.
Оқушылар әңгімеде айтылған ойды жалғастырады.
Дәптердегі №2 тапсырма.
тапсырма. Жазайық.
Суретке ат қой. Сурет бойынша мәтін құрастырып жаз.
|
мәтінді мұқият тыңдайды;
іс-әрекет, қимылды білдіретін сөздерді табады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |