Есте сақтап, жатқа меңгер! Уақыт пен кеңістік Көркем шығармада уақыт пен кеңістік тұтасып келіп, белгілі бір оқиғалар тізбегін оқырманға айқындап көрсетеді. Көркемдік уақыт – шығармада суреттелетін оқырман назарындағы уақыт. Кеңістік – көркем шығармаға тән категориялардың бірі, ол баяндаудың нақтылығы мен шындығын қамтамасыз етеді, қатарлас нәрселердің орналасу тәртібін көрсетеді. Шығармадағы оқиғалардың бір-бірімен байланысы әрі жүйеленген сюжеті арқылы сипатталады.
3- тапсырма Оқиға құрылымы бойынша уақыт пен кеңістік көрінісін талдаңыз.
Кері байланыс. «Зерде» Білім. Тақырып бойынша алған ақпараттарым.
Эмоция. Сабақтағы көңіл-күйім.
Баға. Өз жетістігіме беретін бағам.
Сын. Өз бойымда нені дамытуым керек?
Идея. Маған келген жаңа ой.
Кері байланыс. «Зерде»
Үй тапсырмасы
Шығармашылық жұмыс
Абайдың әке алдындағы және аналар құшағында өзін қалай ұстағанын салыстырыңдар.
Тексерілді: Р.Ержанова
Мұғалімнің аты-жөні:
З.Әмзеева
Пән/Сынып:
Қазақ әдебиеті, 11-сынып
Күні:
12.01.2023 ж.
Тарау немесе бөлім атауы:
Ғасырлық туынды
Сабақтың тақырыбы:
М. Әуезов «Абай жолы» роман- эпопеясы (1-кітап) жанры мен композициясы
Оқу мақсаттары:
11.1.2.1 әдеби шығарманың жанрлық ерекшелігін өзге жанрлармен салыстыра отырып талдау; 11.2.1.1 - әдеби шығарманың жанрына қарай композициялық ерекшеліктерін айқындау
әдеби шығарманың жанрлық ерекшелігін өзге жанрлармен салыстыра отырып талдайды;
Бағалау критерийі:
Оқиға желісіне композициялық талдау жасайды;
Оқиға құрылымы бойынша оқиға өткен уақытты көрсетеді;
әдеби шығарманың жанрлық ерекшелігін өзге жанрлармен салыстыра отырып талдайды;
Сабақтың барысы
Уақыты
Кезеңдері
Оқушының іс-әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
1 минут
Ұйымдастыру
3-5 минут Жаңа сабақ Мағынаны тану
Амандасу.
Сабақ тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Психологиялық ахуалды қалыптастыру.
Бір-біріне жақсы тілек тілейді.
Халқымыздың біртуар перзенті Қ.Сәтпаев: «Егер сен XIX ғасырдың II жартысындағы қазақ халқының өмірін, тіршілігін, тарихын, әдет-ғұрпын білгің келсе, Мұхтар Әуезовтің «Абай жолын» оқы. Ол – шын мәніндегі энциклопедиялық шығарма», - деп бағалаған. Ойтүрткі сұрақтары: М.Әуезовтің «Абай жолы» шығармасы жанрлық ерекшелігіне қарай неге роман-эпопея деп аталады?
Оқушылардың жауаптары ескеріледі
Сабақ үстіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекеті, оқушылар зейінін жандандыру, балалардың ұжымдық іс-әрекеті бақыланады.
суреттер, кесте, презентация, электронды құралдар, т.б
1-тапсырма. Роман, роман-эпопеяға тән 3 ерекшелікті атаңыз.
Роман
Роман-эпопея
1.
1.
2.
2.
3.
3.
Біліміңді арттыр, өзіңді тексер:
Роман-эпопеяға тән ерекшелік
1.Бүкіл бір дәуірді кеңінен қаптып бейнелейтін кеңтынысты, сан-саналы эпикалық шығарма.
2. Белгілі бір немесе бірнеше тарихи дәуірдің типтік оқиғаларының кең көлемде суреттелуі. Бірнеше ұрпақ өкілдерінің іс-әрекеттерін ортақ идея мен бір тақырыптың арнасында, көркемдік тұтастықта баяндайтын прозалық кесек туынды.
3.Жарты ғасырлық немесе бір ғасырлық қоғамдық өзекті мәселелерді қозғап, халықтың тұрмысы мен тіршілігінен сыр шертеді. Сондай-ақ кейіпкер сипаты байсалды түрде дараланады.
2-тапсырма. Оқиға желісіне композициялық талдау жасаңыз, оқиға құрылымын мазмұндаңыз
1.Оқиғаның басталуы.
2.Дамуы мен байланысы.
3.Шиеленісі.
4.Шарықтау шегі.
5Оқиғаның шешімі.
Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру
Қ/Б
Дескриптор: 1.Роман, роман-эпопеяны бір-бірінен ажырата алады;
2.Романға тән ерекшілікті атайды;
3.Роман –эпопеяға тән ерекшелікті атайды.
Дескриптор: 1.Шығарма мазмұнын біледі;
2.Оқиға желісіне композициялық талдау жасайды.
3.Оқиға құрылымын мазмұндайды.
Талдау
Өзіңді тексер
Оқиғаның басталуы.
Оқудан ауылына қайтқан бала Абай
Дамуы мен байланысы.
Әкесінің жиынына қатысқан Абай
Оқиғаның шиеленісі
Қодар мен Қамқаға берілген жаза
Шарықтау шегі
Абайдың ауырып қалуы
Оқиғаның шешімі
Абайдың үйіне келген қонақтар
Оқиға құрылымына жеке-жеке тоқталайық: 1.Оқудан ауылына қайтқан бала Абай Жол бойы Абай ауылына асығып, үлкендердің мазасын алады. Оның қайта-қайта алға озып кете беретініне екі ересек ештеңе істей алмай, дегеніне көніп, өздері де жылдам жүруге мәжбүр болады. Үш күндік жолдың, әсіресе, соңғы күні қызықты өтеді. Аттылар Есембайдың жырасы деп аталатын ұрылар жататын жерге жақындағанда, үлкендер Абайға:
Жанымыздан алыстама, мұнда қарақша көп, астындағы атыңды тартып алады, - дейді. Бірақ жас бала олардың айтқанын тыңдамай, шауып кетеді.
2. Әкесінің жиынына қатысқан Абай Майбасардың атшабары Қамысбай келіп, Абайды әкесі шақырып жатқанын айтты. Абай қонақ үйге қарай беттеді. Келсе, іште Құнанбай, Майбасар мен Жұмабайдан басқа осы тобықты ішіндегі рулардың белгілі адамдары отыр екен. Олар: Көтібақ руының рубасы Байсал, Жігітек руының рубасы Бөжей, Бөкенші руының рубасы Сүйіндік, Көкше руының рубасы Қаратай. Арасында жас жігіт Байсалдың немере інісі Жиренше тағы бар. Бұл жиынды Бөкенші руының кірмелеу туысы саналатын Борсақ руының адамы Қодар деген қарашаның мәселесін талқылау үшін жинаған еді.
3.Қодар мен Қамқаға берілген жаза Құнанбай үйінде болған жиыннан кейін рубасылар мен елдің игі жақсылары Қарашоқы деген жерге жиналып, Қодар мен Қамқаны сол жерге алдыртады. Қодар жігіттерге кәдімгідей қарсылық танытқан, бірақ көптің аты көп, ақыры оны байлап, Қарашоқыға алып келген. Қамқа діттеген жерге жақындағанда өзіне жабылған жаланы естіп талып қалады. Қодар болса, Құнанбай бастаған топқа қарап «Мен көк ит болсам, сендер көп итсіңдер. Ақ-қарамды тексермедің бе, өңкей қан жұтқан қара бет!»-деп айқайлайды. Бірақ оларға ешкім араша түсе алмайды. Жігіттер сүйреп атасы мен келінін бір атанның екі жағына байлап, дарға асады. Атан қайта шөккеннен кейін Қодар әлі де тірі болғандай еді, оны Құнанбай құздың басынан тастауды бұйырады. Кейін жиындағы адамдарға өлікке тас лақтыруды тапсырады.
Абайдың ауырып қалуы
Қарашоқыға Абай мен Жиренше келеді. Олар жиын туралы аңшылықта жүріп, аяқ асты естіген. Ести сала осы маңға шауып келген. Құнанбайдан араша сұрап, Қодар мен Қамқаны аман алып қалуды ойлаған еді. Бірақ үлгермеді. Абай әкесінің қатыгездігін көріп, ауылына қарай шауып кетеді. Жол бойы ол ересектердің әрекеті туралы ойланып, ұзақ жылайды. Осы оқиғадан кейін Абай ұзақ ауырады. Төсектен тұра алмай жатады. Бұл уақытта ол әжесінен көп жыр-дастан, ертегілер, елде болған түрлі оқиғаларды естиді. Арада бір айдай уақыт өткенде ғана Абай өз-өзіне келе бастайды. Бұл кезде ел жайлауға көшіп келген еді.