Сабақтың тақырыбы: «Абай жолы» романы. Қайтқанда Оқу мақсаттары


Қодар мен Қамқаға берілген жаза



бет5/14
Дата12.02.2024
өлшемі135.03 Kb.
#491657
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
10.01.11-сынып .Қазақ әдеб.

Қодар мен Қамқаға берілген жаза







Абайдың ауырып қалуы







Абайдың үйіне келген қонақтар









Дескриптор:

  1. Оқиға құрылымы бойынша оқиға өткен уақытты көрсетеді;

  2. Оқиға құрылымы бойынша оқиға орын алған кеңістікті көрсетеді.



Талдау

Өзіңді тексер

Оқиғалар

Оқиға орын алатын уақыт

Оқиға орын алатын кеңістік

Оқудан ауылына қайтқан бала Абай

3 күндік жол

Жол бойы

Әкесінің жиынына қатысқан Абай

Ымырт шақ (кеш)

Қонақ (киіз үй) үй іші

Қодар мен Қамқаға берілген жаза

Көктем кезі

Қарашоқы деген жерде

Абайдың ауырып қалуы

1 айға жуық

Көлқайнарда

Абайдың үйіне келген қонақтар

Жазда

Жайлауда









Қорытынды

Кері байланыс. «Зерде»

  1. Білім. Тақырып бойынша алған ақпараттарым.

  2. Эмоция. Сабақтағы көңіл-күйім.

  3. Баға. Өз жетістігіме беретін бағам.

  4. Сын. Өз бойымда нені дамытуым керек?

  5. Идея. Маған келген жаңа ой.

Кері байланыс. «Зерде»






Үй тапсырмасы

Шығармашылық жұмыс


Абайдың әке алдындағы және аналар құшағында өзін қалай ұстағанын салыстырыңдар.






Біліміңді арттыр, өзіңді тексер:



Романға тән ерекшелік

Роман-эпопеяға тән ерекшелік

1.Адамның жан-дүниесін, болмысын, тұтастай өмір белестерін кең ауқымда суреттейтін проза жанрының бір түрі.

1.Бүкіл бір дәуірді кеңінен қаптып бейнелейтін кеңтынысты, сан-саналы эпикалық шығарма.

2.Сюжеттік құрылымы шытырман оқиғаларға толы әрі көлемді болып келеді.

2. Белгілі бір немесе бірнеше тарихи дәуірдің типтік оқиғаларының кең көлемде суреттелуі. Бірнеше ұрпақ өкілдерінің іс-әрекеттерін ортақ идея мен бір тақырыптың арнасында, көркемдік тұтастықта баяндайтын прозалық кесек туынды.

3.Жеке адам тағдыры арқау болады.

3.Жарты ғасырлық немесе бір ғасырлық қоғамдық өзекті мәселелерді қозғап, халықтың тұрмысы мен тіршілігінен сыр шертеді. Сондай-ақ кейіпкер сипаты байсалды түрде дараланады.


Шығарманың композициялық құрылысы – шығарманың сюжеттік дамуының кезең-кезеңдерін тәртіпке салып, реттеп, қиыннан қиыстырып тұратын нәрсе.

М.Әуезовтың ‘’Абай жолы’’ роман-эпопеясын әлем әдебиетті үлгілерімен салыстырып, шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын бағалау


Жаңа ғасырдың жарқын жолына қадам басқан ұрпақтың бүгінгіні танып білуі кешегі тарихымызды жете білуімен сабақтасатыны дәлелдене түсетін щығармаларының бірі-“Абай жолы”роман-эпопеясы. Елімді таныту барысында көкейімде “Өз елімді ұшпаққа, яғни әлемге қалай шығарамын?Әлемнің терезесі тең, қатарлы жұрттарының қатарына қалай қосамын?” деген хакім Абайдың ойын сан саққа бөлген мәселе мені де толғандыруда. Егер де Мұхтар атамыздың осы төл туындысы болмаса, сұрақтарыма жауап таппай дал болар едім.
Шығарма Абай жайлы болғанымен, оның бейнесі бүкіл қазақ қоғамының жарты ғасырлық даму жолындағы үдерісі, күресі, Абайдың өсу жолы арқылы халықтың рухани өсуі, кемелденуі қатар өріле тартымды бейнеленеді. Абай өмірінің әр кезеңі, рухани биіктік өлшемі сөз болады. ''Абай секілді ой-арманы азат, шетсіз ақындық, шексіз адамдық тұлғаның өзін қоршаған ескі заман жетегінде қалған топпен тартысқа түсуі және мұндағы сирек ұшырасатын жаңалық пен тазалық Абай бейнесін күллі дүниеге паш еткендей'', - деп айтқан Ш. Айтматовтың ой-түйінін қорытындылағанда, Абай ақындығының қос арнасы- ұлттық сөз өнерінің, орыс, батыс әдебиетінің әсері терең ашылатынын көреміз.
Шығармада екі түрлі Ресейдің келбетін танытатын бейнелер бар. Абай дүниетанымының қалыптасуына озық ойлы, халықшыл зиялы қауымның зор ықпалы болғаны өмір шындығына сәйкес көрсетілген. Билікте отырған билеушілер озбыр патшалық өкілді танытса, ал екіншісі Абай ойлас, орыс халқының адал ұлдарының ұнамды бейнесі көркем, тартымды суреттеледі.
Шығармада түрлі тақырыптар, таптық-кереғарлық тартыстар, әйел теңсіздігі тағы да басқа мәселелер көктей өте, іштей біріктірілген. Қазақ жұртының бір ғасырлық өмірін жан-жақты тұрмыс-салттық, әдет-ғұрыптық, наным-сенімдері, ұлттық құндылықтар мол суреттелген. Шығарма мызғымас салт-дәстүрдің, ұлттық құнылықтардың символы болған адамдармен әлемге паш етілді, дүйім жұртқа мәшһүр болды. Міне, сондықтан да ‘’Абай жолы ’’-қазақ әдебиетінің ғана емес, әлемдік әдебиеттің де үздік туындысы. Ол қашан да, қай кезеңде болсын, тарихи һәм көркемдік шығарма болып қала береді.
Роман жанрының барлық қасиеті үйлестірілген азаматтық пен күрескер қайраткерлігі біте қайнасқан шығармада психологиялық, әлеуметтік, саяси жанры бір арнада тоғысқан.
“Абай тынысы-заман тынысы, халық үні” деген Мұхтар Әуезовтың пікірін сол замандағы өмір құбылыстары Абайдың жарты ғасырлық өмірінің толық тұрмысын танытады, ол қазақтың дамыған жаңа ұлттық әдебиеті мен тілін байытуға үлес қосты. ’’Қалың елім, қазағым’’ өз халқының болашағына көп алаңдаған Абайдың азаматтық тұлғасы мен эстетикалық талғамын М. Әуезов суреттеп, қайталанбас бейнені жасауда Абайдың жүріп өткен жолы жарқын болашақтың кепілі іспеттес екендігін тағы да бір дәлелдеп өтті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет