Абайдың үйіне келген қонақтар
Бір күні Ұлжанның үйіне Байкөкше деген жыршы мен Барлас деген ақын келеді. Бұл екеуінің әңгімесі мен жырлары Абайға ұнағаны соншалық, олар ауылда бір айдай қонақ боп жатады. Кейін кетер кезінде Абайдың өтініші бойынша Ұлжан екеуіне сыйын беріп, шығарып салады. Қонақтардың арқасында сауыққан Абай шешесіне риза болып, оны қатты құшақтап, алғысын білдіреді.
|
|
Есте сақтап, жатқа меңгер!
Уақыт пен кеңістік
Көркем шығармада уақыт пен кеңістік тұтасып келіп, белгілі бір оқиғалар тізбегін оқырманға айқындап көрсетеді. Көркемдік уақыт – шығармада суреттелетін оқырман назарындағы уақыт. Кеңістік – көркем шығармаға тән категориялардың бірі, ол баяндаудың нақтылығы мен шындығын қамтамасыз етеді, қатарлас нәрселердің орналасу тәртібін көрсетеді. Шығармадағы оқиғалардың бір-бірімен байланысы әрі жүйеленген сюжеті арқылы сипатталады.
3- тапсырма
Оқиға құрылымы бойынша уақыт пен кеңістік көрінісін талдаңыз.
|
Достарыңызбен бөлісу: |