Бүгінгі өткен Ш.Мұртазаға арналған тәрбие сағатымыздан біраз мәліметтер алдық. Сабағымызды қортындылай келе сұрақ-жауап. Ш.Мұртаза кім? Құрметті оқушылар бүгінгі тәрбие сабақа қатысқандарыңызға көп – көп рахмет! |
Бір-біріне өз ойларын білдіру.
|
|
|
Педагогтің аты-жөні
|
Есениязова С.О.
|
Күні:
|
|
Сынып: 2 «В»
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Ұлы қазақ ақыны,ағартушы Абай Құнанбайұлы.
|
Сабақ мақсаты
|
Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Сөз өнерінің қыр – сырымен таныстыру.Көркем сөйлеуге , өз бетімен іздене білуге , шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу. Оқушыларды туған жерге деген сүйіспеншілікке, Отан тыныштығын қорғауға, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру.
|
Сабақтың барысы.
|
|
Сабақтың кезең
уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурс
тар
|
Басы
|
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Жұмыс ережесін келісу
Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!
Уақытты үнемдейміз!
Нақты,дәл жауап береміз!
Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!
Сабаққа белсене қатысып, жақсы бағааламыз!
|
Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.
|
|
Психологиялық ахуал.
|
Ортасы
|
Құрметті оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатымыз « Ұлы қазақ ақыны,ағартушы-Абай Құнанбайұлы» шығармашылығына арналады. Бұл кеште Абайдың өлеңдері, әндері мен шығармаларының үзінділерімен танысасыздар. Абай философ ,заңгер ,ақын, аудмашы,сазгер,дара ойшыл ,кемеңгер ,Абай жазба әдебиетінің негізін салушы ,гуманист , қоғам қайраткері, әділ би, ағартушы-ұстаз. Абай қазақ тіліне А. С. Пушкиннің, Ю. М. Лермонтовтың, Л. Н Толстойдың, Салтыков –Шедриннің, Гетенің шығармаларын қазақшаға аударды.
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес.
Ол бірақ қайтіп келіп ойнап – күлмес.
Мені мен, менікінің айырылғанын,
“Өлді” деп ат қойыпты өңкей білмес.
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сыя ма, айтыңдаршы.
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған – дегендей бүгін біз артында өлмейтұғын сөз қалдырған ұлы ақын атамыз – Абай Құнанбайұлы туралы сөз қозғамақпыз.
Ал енді белсенді тақтаға назар аударайық Абай Құнанбаевтің өмірбаяны туралы видиосюжетті тамашалайық.
Абай – Ибраһим.
Абай 1845 жылы жылан жылында туылып, 1904 жылы 60 жасында Семей уезінің Шыңғыс болысында дүниеден қайқан. Негізгі аты – Ибраһим болса да, «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді.
Абайдың бар өмірі өзі туып өскен Шыңғыс болысы, қазіргі Абай ауданы, бұрынғы Семей облысында өтті.
Абай әке жағынан алғанда Тобықтының белгілі шонжары мен батыр биінен тарайды. Оның бабасы Тобықтының биі болған. Абайдың әкесі Құнанбай Қарқаралы округінің аға сұлтаны болған. Ал, шешесі Ұлжан Бошан руынан тарайды.
Әкесі - тілге шешен, ақылға бай, қатыгез, ал шешесі керісінше ағайын-туысқа қайырымды, мінезі жұмсақ, тілге бай адам болған.Міне, сәби шағынан-ақ Абай от пен судай екі ұдай, кереғар мінезді адамдар ортасында өмір кешті. Аяулы әжесі Зере мен анасы Ұлжанның жас бала қиялы мен санасының, мінез-құлқының қалыптасуына әсері мол болды. Ол екеуі айтқан ертегі, аңыз-әңгіме, күлдіргі, мысқыл, ел басынан өткен тарихи оқиғалар зерделі бала-Абайдың санасына біртіндеп сіңе берді. Осылайша, бала Абай өз халқының рухани ой қазынасына қанығып өсті.
Абай 10-12 жасында мұсылманша оқып, хат таниды. Ал, 12 жасында Семейдегі Ахмет Риза медресесіне оқуға түседі. Медреседе жүргенде 14 жасында 3ай орыстың «приходская школында» орысша сабақ оқыды.
Осы 4 жылдық медреседегі және 3айлық орыс мектептеріндегі оқуы аяқталып, 15 жасында үлкендерден білімі артып, ел ішіндегі жұртты өзіне қаратып, әкесіне көп көмегін тигізеді. Ел-жұрт оны би етіп сайлайды.
Абай орыстың ақын-жазушылары – Пушкиннің, Лермонтов, Крылов, Толстой, Тургеневтің еңбектерін оқыған. Олардың шығармаларын оқи отырып, оөық ойлы Абай орыс мәдениетін, өнерін, білімін үлгі еткен. Бұл да Абайдың даналығы.
Абай – ақын.
- Ұлы ақынның туған жері – табиғаты тамаша Семей жері, Шыңғыс тауының етегі. Осы туған жердің табиғаты, туған отбасы, заманы –барлығы Абайдың сезіміне, жүрегіне әсер етіп, оның ақындығына ықпал етті. Енді өзіміз білетін Абай атамыздың өлеңдеріне кезек берелік.
- «Қыс»
- «Жазғытұры»
- «Жаз»
- «Күз»
- «Ғылым таппай мақтанба»
- Көріп отырғандай ақын өз өлеңдерінде қараңғылық, надандық, кертартпалықпен күрескен, халық қамын ойлаған, жастарды білімге, еңбекке, өнерге шақырған.
Абай – сазгер.
|
Балалар өз ойларын білдіру.
|
Форма
тивті бағалау.
ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.
.
|
|
Соңы
|
Абай – дара, Абай – кемел, озат та,
Жол салады әр өлеңі ғажапқа!
Бар жазғаны даналық боп саналған,
Жалғыздардың жалғызы ол – қазақта.
Мыңмен жалғыз алысқан,
Арыстандай ер еді.
Әр ақынды кезеді
Абайдың өлең-өзені.
Осымен ашық тәрбие сағатымыз аяқталды,назарларыңызға рахмет.
|
Бір-біріне өз ойларын білдіру.
|
|
|
Педагогтің аты-жөні
|
Есениязова С.О.
|
Күні:
|
|
Сынып: 1 «В»
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Бүкіл дүниежүзілік денсаулық күні-2021ж
|
Сабақ мақсаты
|
1. Денсаулықтың адам өмір сүруі үшін аса қажеттілігін, оны сақтай білудің адам өміріндегі маңызы, микробтардың ағза қауіптілігін, кір қолдың қандай ауруларға ұшыратынын, жұқпалы аурулардан сақтану жолдарын түсіндіру.
2. Оқушыларды білімділікке, салауаттылыққа өмір сүруге баулу. Оқушылардың өз ойларын айта білуі, өздері ой - түйін жасай білу дағдыларын дамыту.
|
Сабақтың барысы.
|
|
Сабақтың кезең
уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурс
тар
|
Басы
|
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Жұмыс ережесін келісу
Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!
Уақытты үнемдейміз!
Нақты,дәл жауап береміз!
Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!
Сабаққа белсене қатысып, жақсы бағааламыз!
|
Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.
|
|
Психологиялық ахуал.
|
Ортасы
|
Адам денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл - күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі, балалар, сендердің қолдарыңда. Қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан — жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойласыңдар?
Оқушылар: Денсаулық
- Денсаулық – зор байлық. Денсаулық болса, бәрі де болады. Дені сау адамның көңілі шат, өмірі
бақытты.
Денсаулық -- тамақ
----------------- күш
----------------- тазалық
- Денсаулықтың досы – тазалық. Ол үшін біз жеке бас гигиенамызды таза ұстауымыз керек.
- Балалар, бүгін біздің сабағымызға ерекше бір қонақ қатысқалы отыр. Ол тазалықты өте жақсы көреді, және тазалық заттары оның достары. Оны кім деп ойлайсыңдар?
- Кірқоймас.
- Балалар, бүгін біздің тазалық туралы «Тазалық – денсаулық кепілі» тақырыбында тәрбие сағатымыз болатынын біліп, арнайы келіп отыр. Тазалықтың денсаулыққа қаншалықты пайдасы бар екендігін білетініміз туралы көрсетейік, ал ендеше.
Сұрақ - жауап әдісі.
• Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, адамның дені сау болу үшін қандай шарттар орындау қажет?
• Денесін, беті - қолын, киімін әрдайым таза ұстау керек.
• Жаттығу жасап, спортпен айналысу керек.
• Дәрумені мол тағамдарды, жемістермен көкөністерді жеу керек.
Ендеше балалар, бүгінгі тақырыбымыз «Тазалық – денсаулық кепілі» жайында не білеміз?
Оқушылар диалогы.
1. Неліктен жеміс - жидектерді жердің алдында ата - аналарың мен үлкендер «жуып же» дейді?
2. Сенің ойынша, тамақ ішерден бұрын қолды жуу шарт па?
Бұл әдет туралы ақын С. Қалиев
Микробтар қаскүнем,
Көрмесем де білемін.
Ішер кезде асты мен,
Қолды жуып жүремін,- деген екен. Сен де солай істейсің бе?
1. Ерте де қазақ жерінде қонақ келгенде құманға су құйып, кішкентай жез легенмен келіп, қолға су құйған. Сонда үлкен кісілер бұл үйдің баласына батасын берген. Мәселен, «Ғұмыр жасың ұзақ болсың, балам!» — деп айтқан.
2. «Тазалық – денсаулық негізі,
Денсаулық – байлық негізі»,- дейді халқымыз. Бұл нақыл сөзді бекер айтпаған.
1 - оқушы: Нұрайым: Бетті, қолды сабындап,
Жиі жуу пайдалы - ақ.
2 - оқушы Ақарыс: Нан ұстасаң, қол жумай,
Нанға жұғып, ішке еніп,
3 - оқушы Дильназ Ө.: Микроб жақсы көреді,
Кәмпит - сәмпит шайнасаң.
Тұра алмай дамылдап,
Микробтар тайғанап.
Микробтар көңілі жай,
Отырады түстеніп.
Жылдам өсіп - өнеді,
Ауызыңды шаймасаң.
|
Балалар өз ойларын білдіру.
|
Форма
тивті бағалау.
ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.
.
|
|
Соңы
|
Қымбатты оқушылыр! Тәрбие сағатына белсенлі қатысқандарыңызға көп – көп рахмет. Қош, сау болыңыздар!
|
Бір-біріне өз ойларын білдіру.
|
|
|
Педагогтің аты-жөні
|
Есениязова С.О.
|
Күні:
|
|
Сынып: 1 «В»
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Бейбіт күннің қаhарманы ұлы Ғ.Байтасов.
|
Сабақ мақсаты
|
Оқушыларға халық қаһарманы Ғ. Байтасов өмірі мен өнегелі ісін жас ұрпаққа насихаттау, елі үшін туған есіл ердің ерлігін ұлықтау арқылы бейбіт өмірдің мәнін ұғындыру.
Жеке тұлғаның зияткерлік дамуын өз бетінше іздену, оқу арқылы қалыптастыру, жеке тұлғаның зерттеушілік және шығармашылық қабілетін дамыту.
|
Сабақтың барысы.
|
|
Сабақтың кезең
уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурс
тар
|
Басы
|
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Жұмыс ережесін келісу
Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!
Уақытты үнемдейміз!
Нақты,дәл жауап береміз!
Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!
Сабаққа белсене қатысып, жақсы бағааламыз!
|
Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.
|
|
Психологиялық ахуал.
|
Ортасы
|
– Бұл күні елді үрейге бөлеген жиһадшы М. К. Қариев қару – жарақ дүкендерінің біріне қарақшылық шабуыл жасап, ақыр соңында өзін – өзі жарып жіберді. Сол кезде жол полициясының взвод командирі, капитан Ғазиз Байтасов қылмыскерді өз денесімен жауып, ерлікпен қаза болды.
Естеріңізде болса, М. Қариев, ең бірінші, Мазда – 626 көлігінің иесі Закировқа қарақшылық шабуыл жасап, қорқытып, көлігін тартып алады. Осыдан кейін қару – жарақ дүкеніне шабуыл жасап, күзетші В. Федорченконы өлтіріп, Н. Е. Оразбасовты ауыр жарақаттады. Сосын жартылай автомат және «Сайга» қаруын иемденіп, тайып тұрды. Өзін аңдып жүрген екі полиция сержанты П. К. Аямқұлов пен Н. А. Бәйсейітовты өлтіріп, олардың табельдік қаруын алғаннан кейін Қариев өзінің тұрғылықты жеріне барып, РПГ – 26 гранотометын алып шығады. Одан кейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменті ғимаратының қабырғалары мен терезелеріне атады. Бұл жерде адам өлімі орын алмаса да, ғимарат біршама қирады. Ал сағат 12: 45 – тің шамасында Қариев полиция патрулінің екі қызметкерін жарақаттап қашады. Өз кезегінде жол полициясы қызметкерлері оны жаралап, қолға түсіруге ұмтылған кезде, Қариев гранатаны алып шығады да, іске қосады. Оны көрген капитан Г. Байтасов қылмыскерді өз денесімен жауып, ерлікпен қаза болды. Полиция сержанты С. С. Алашов болса, қатты жарақаттанды.
Бүгінде Тараздағы теракті кезінде қаза болған құқық қорғаушылардың құрметіне естелік тақталар орнатылды. Ал капитан Ғазиз Байтасовтың құрметіне бюст қойылып, қала көшелерінің бірі батырдың есімімен аталды. Сондай – ақ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен мәңгілік ұйқыда жатқан капитан Ғ. Байтасовқа «Халық Қаһарманы» атағы берілді.
ІІІ. Слайдпен жұмыс «Ғазиз Байтасов – ел үшін туған есіл ер»
– Ғазиз Байтасов 1971 жылы 3 сәуірде Жамбыл облысы Байзақ ауданы Түймекент ауылында дүниеге келген. Атпал азамат көзі тірі болғанда 43 жасын ағайын – туыс, достарымен атап өтер еді. Көзі тірісінде өз ісіне деген адалдық, қызметіне деген жауапкершілік үлгісін танытқан Ғазиз құзырлы орын саласында еңбек ете жүріп 28 рет марапатқа ұсынылыпты. Күні – түні таңдаған кәсібінің ауыртпалығын аса ұқыптылықпен сезініп, отбасы мен бауырларына деген қамқорлығын әсте еш төмендетпеген Ғазиздің азаматтық тұлғасы бүгінгі ұрпаққа ұлағат.
Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран. жүктеу
|
Балалар өз ойларын білдіру.
|
Форма
тивті бағалау.
ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.
.
|
|
Соңы
|
– әскерге барып Отан алдындағы борышын өтеу.
– туған жердің табиғатын қорғау
– адал еңбегіңмен еліңнің көркеюіне үлес қосу
– білімгерлердің қазіргі міндеттері – білім алып, елінің болашағын жақсарту, дамыту үшін білім алу.
– еліміз үшін күрескен батыр бабаларымызды құрметтеу , олардың ерліктерін ұмытпай дәріптеу.
Әскери міндетке жауапкершілікпен қарау;
Туған жерге деген ыстық сезім;
Ата- баба өсиетіне адал болу;
Өз Отанын күшті, айбынды ету, гүлдендіруге ұмтылу;
Бойындағы күш- қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесі үшін жұмсау;
Балалар осымен бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды.
|
Бір-біріне өз ойларын білдіру.
|
|
|
Педагогтің аты-жөні
|
Есениязова С.О.
|
Күні:
|
|
Сынып: 2 «В»
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Ұлттық мұражайға саяхат
|
Сабақ мақсаты
|
- Мектеп мұражайының қызметімен танысу;
|
Сабақтың барысы.
|
|
Сабақтың кезең
уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурс
тар
|
Басы
|
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Жұмыс ережесін келісу
Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!
Уақытты үнемдейміз!
Нақты,дәл жауап береміз!
Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!
Сабаққа белсене қатысып, жақсы бағааламыз!
|
Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.
|
|
Психологиялық ахуал.
|
Ортасы
|
қушылар, бүгінгі сабағымызда «Туған ел» бағдарламасын іске асыру мақсатында Мектеп мұражайына саяхатқа шығамыз. Биыл мектебіміздің 100 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өткелі отыр.Жүзжылдық тарихымыз туралы сыр шертетін мұражайдың тарихы,қызметі,мақсаты туралы білетін боламыз.
|
Достарыңызбен бөлісу: |