IV. Қорытындылау ( 5минут) Жаңа сабақты термин сөздерді талдау және сұрақ-жауаптар арқылы қорытындылау.
V.Үй тапсырмасы (5минут) Адам анатомиясы .А. Рақышев
VI.Бағалау. Білім алушылар сабаққа жауап бергеніне қарап бағаланады.
Оқытушы: Эрматов И. Х.
Дәрістік сабақ жоспары №23
Пән аты: Физиология, анатомия
Сабақтың тақырыбы: Аяқтың артерия қантамырлары.Сан,тақым,алдыңғы асық жілік,арттқы асық жілік артерия қантамырлары,оларды тұспалдау және бұтақтары.Табан артерияларының доғасы.Үлкен қанайналым шеңберінің вена қантамырлары жоғарғы және төменгі қуыс вена қантамырлары.Жеке мүшелердің қантамырлары құрылыс ерекшеліктері.Лимфа жүйесі.Лимфа капиллярлары, тамырлары және сауабы. Кеуде қуысының лимфа тамырлары. және олардың пайда болуы.Лимфа түйіндері, құрылысы мен қызметі.Беткейдегі және терең орналасқан лимфа түйіндері.Қан жасап шығарушы және иммундық жүйке мүшелері.Сүйек майы,айырша без,көкбауыр:құрылыстары және қызметтері
Сабақтың мақсаты:
1.Білім алушылардың анатомия пәнінен алып жатқан білімдерін жүйелеу.
2. Білім алушылардың анатомия пәні бойынша білімдерін кеңейту
Білімділік: студенттерді аяқ қан тамырларының анатомиясымен таныстыру. Сан, тақым артерияларының құрылысы мен қызметін ұғыну.
Тәрбиелік: студенттердің адамгершілік, қөзқарасын, эстетикалық қасиетін, өз пікірін қорғауды, тәртіп пен еңбекқорлық қабілеттерін дамыта отырып тәрбиелеу.
Дамытушылық: ойлау қабілетін дамыту, сыни тұрғыдан логикалық және клиникалық ойлау дағдыларын дамыту, топтың белсенділігін арттыру, өзін-өзі жетілдіруге үйрету. Түрлі жағдаяттар мен қосымша сұрақтар арқылы студенттердің нақты білімділігін айқындау.
Достарыңызбен бөлісу: |