Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі дыбыстары, түрлері, жасалуы. Дыбыстардың құрамы Сабақтың жоспары



бет5/76
Дата30.03.2023
өлшемі218.7 Kb.
#471372
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76
ҚЗҚТН-прак.-30сағ.

Буынның түрлері 
Буын құрамының түрліше болуына байланысты буынның қазақ тілінде үш түрі бар: ашық буын, тұйық буын, бітеу буын. 
Жеке дауыстыдан болған немесе дауыстыдан басталып, дауыстыға бітетін буын ашық буын деп аталады. Мысалы: а-ға, ба-ла... 
Дауыстыдан басталып, дауыссызға бітетін буын тұйық буын деп аталады. М-ы: ат, ақ, ін... 
Дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталған, екі жағынан дауыссызбен қоршалған дауыстысы бар буын бітеу буын деп аталады. М-ы: жоқ, зор, бұлт.. 
Сөз құрамындағы буындардың барлығы бірдей айтылмай,біреуі басқаларына қарағанда айқынырақ ажыратылып, көтеріңкі айтылады.Мұндай қасиетке екпін түскен буын ие болады.Осыған орай бұл буын екпінді буын деп аталады. 
1.Буынның біруі басқа буындардан айрықша күшті айтылуы лебізді немесе динамикалық екпін деп аталады.Динамикалық екпін фонациялық ауаның қарқыны буынның күшімен байланысты болады.(славян,герман,түркі т.б.тілдерге тән) 
2.Басқа буындардың ішінен бір буын айтылу тонының ырғағы арқылы ерекшеленіп дауыс шымылдығының дірілінің жиіленуіне негізделеді.Екпінің бұл түрі тоникалық немесе музыкальды екпін деп аталады (қытай,корей,жапон,литва). 
3.Квантитативті екпін (количество).Басқа буынның ішінен бір буын өзінің құрамындағы дауыстылардың созылыңқы айтылуы арқылы ажыратылады.
Екпін
Екпін, оның басты түрлері: ой екпіні және инверсия, көңіл-күй екпіні (эмфазалық екпін), сөз екпіні (словесное ударение) және олардың бір-бірінен айырмасы.Сөз екпіні оның
түрлері: үнді (тоникалық музыкалық), лебізді (динамикалық,экспираторлық. Лебізді екпіннің күшті,бәсең лебізді болып бөлінетіні: тіркес екпіні (фразалық неме-се комплексті); көмекші (квантитатив) екпін. Қазақтың төл сөздері мен халықаралық сөздердегі негізгі және квантатив сөз екпіндері. Лебізді сөз екпінінің тиянақты, тиянақсыз тұрақты, тұрақсыз түрлері. Қазақ тіліндегі сөздердің екпіні көбінесе тиянақты (соңғы буынға түсетіні). көбінесе тұрақты (омоним тұлғалы сөздерден басқалары) болып келетіні. Екпінді сөздердегі сөз екпінінің атқаратын лексика- грамматикалық қызметтері. Қазақ тілі сөздерінің екпінді қабылдамайтын элементтері.
Сөз құрамындағы буындардың айтылуы біркелкі бола бермейді. Ол буын басқаға қарағанда айқынырақ ажыратылып, көтеріңкі айтылады. Мұны екпін түскен буын дейміз. Екпін түскен буын басқа буындардан негізінен мынадай тәсілдерімен ажыратылады.
1) Буынның біреуі басқа буындардан айрықша күшті айтылуы арқылы ажыратылады. Екпіннің мұндай түрі лебізді екпін немесе динамикалық екпін деп аталады.
Динамикалық екпін фоноциялық ауаның қарқыны буынның күшімен байланысты болады. Да басқа буындардың ішінде бір буынның айрықша көтеріңкі айтылуына негізделеді. Екпіннің бұл түріне ие тілдер мыналар: славян тілдері (украин, орыс, белорус т.б), түркі тілдері (әжірбайжан, башқұрт,қазақ,қарақалпақ ж.т.б.) герман тілдері (ағылшын, неміс ).
Тіл тарихында динамикалық екпіннің музыкалды екпінді ығыстырып шығарып тастауы кездеседі. Мысалы, көне грек тіді музыкалды екпінге ие болса, жаңа грек тілінің екпіні-динамикалық екпін.
2. Басқа буындардың ішінде бір буын айтылу тонының ырғағы арқылы ерекшеленіп, дауыс шымылдығының дірілінің жиіленуіне негізделеді. Екпіннің бұл түрі тоникалық немесе музыкалды екпін деп аталады.
3.Басқа буындардың ішінен бір буын өзінің құрамындағы дауыстының созылыңқылыңқы айтылуы арқылы ажыратылады. Бұл квантивті екпіндеп аталады.
Екпіні жалжымалы тілдерде екпіннің грамматикалық та семантикалық қызмет атқаруы мүмкін.Бірде екпін сөздің семантикалық жігін ажыратса,бірде грамматикалық жігін ажыратып тұрады.Мысалы орыс тіліндегі мука-азап, мука - ұн және т.б.
Логикалық екпін. Сөзде белгілі бір буынның екпін түсіп ерекшеленеді айтылатыны сияқты кейде сөйлем бір сөзге түсіп айрықша назар аударылып, айтылатыны бар. Сөйлемдегі айрықша назар аударылып айтылатын сөзде ой екпіні болады.да, ол сөз басқа сөздерге қарағанда, ерекше әуенмен айтылады.Мұндай екпінлогикалық екпін деп аталады.
Түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде, логикалық екпін баяндауыштың алдындағы сөзде болады. Мысалы, Болат қаладан кеше келді деген сөйлемде логикалық екпін кеше деген сөзде болса, Болат кеше қаладан келді деген сөйлемде –қаладан деген сөзде тұрып логикалық екпін түскен сөз баяндауышқа жақындап, тікелей соның алдында тұруға ұмтылады.
Сөйлемнің айтылу сазына қарай логикалық екпіннің орны да өзгеруі мүмкін. Мысалы, лепті сөйлемдерде баяндауыш сөйлемнің басында қолданылып, оған айрықша назар аударылады да логикалық екпін сол баяндауыш болған сөзге түседі. Мысалы, Жасасын, Наурыз мерекесі.
Жазба тілде логикалық екпіннің қай сөзге түсіп тұрғаны контекстен, оның мазмұнынан аңғарылады. Ауызекі сөйлеуде логикалық екпін сөйлеушінің қай сөзге айрықша назар аударуды қажет санап тұрғанын аңғартып ажыратуға мүмкіндік береді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет