2.№ 7..94,95 жаттығулар.
№3,4- практикалық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Прогрессивті (Ілгерінді ықпал) және регрессивті (кейінді ықпал) ассимиляция (Дыбыс үндестігі).
Дауыссыз дыбыстар. Дауыссыз дыбыстардың жасалу жолдары. Оның жасалу орнына, жасалу тәсіліне және үн мен салдырдың қатысына қарай жасалуы.
№15. 97-98 жаттығулар.
Буын.Буын түрлері.Буын үндестігіне бағынбайтын сөздер мен қосымшалар. Екпін, оның түрлері. Интонация.
1.Буын (Силлабизм
Буын, оның дауысты дыбыстың буын ішінде алып тұрған орнына қарай бөлінетін буын құрайтын дауыстының акустикасына (жуан, жіңішке көтеріңкі, бәсең, айқын, күң- гірт т.б.) қарай бөлінетін түрлері. Қазақтың төл сөздерінің буын жөніндегі ерекше- ліктері. Сөздерді буынға бөлудің жолдары және қажеттілігі. Сөз ішіндегі дыбыстардың орнала-
суына қарай буынның бөлінетін түрлері. Сөздердің буын жігі мен морфемалық жігі; бұларды ажырата білудің практикалық маңызы. Буынның бір түрінің екінші түріне ауысуы (буын жылысуы,буын ығысуы т.б.) оның себеп тері. Буын жігінің ауыз- екі тілде бөлінуі мен жазуда бөлінуінің кейде сәйкес келетіні, кейде сәйкес келмейтіні, оның себептері.
Сөздің буын құрамы жайында әңгімелегенде, назар аударарлық жағдай – буындардың фонетикалық сипаты. Буынның тұрақталған тарихи фонетикалық сипатына қарап, сөздің байырғы түбірін сөздің негіз құрамынан ажыратуға болады.
Алтай тілдерінде, оның ішінде түркі тілдерінде, буынның негізгі екі түрі кездеседі:
1.Ашық буын
2.Бітеу буын.
Бұдан басқа , тек түркі тілдерінде ғана кездесетін буын түрі де бар.Алтай тілдерінде, соның ішінде түркі тілдерінде сөздің буын құрамы қандай фонетикалық сипатта болды? дейтін мәселе же-нінде әзір бір тоқтамға келу қиын. Алтай тілдері жайлы әде-биеттерде бұл мәселеге екі түрлі көзқарас бар. Екі көзқарас өкілдері де өз дәлелдерін, өз байламдарын ұсынады. Бұлардын әр қайсысына жеке-жеке тоқталған мақұл. Н. А. Баскаковтың айтуынша, осындай буындардан құралған сөздердің ішінде ең байырғысы бітеу буын түрі де, калғандарының бәрі осы түрдіц әр түрлі модификациясы1.- Бұл ретте қазіргі түркі тілдерінің құ-рамында сақталып қалған кейбір сөздердің ескі формалары жә-не көне дәуірде қолданылған жазу түрлерінің бәрі де сездің фо-нетикалық сипатын түгелдей бере алмағандығы еске алынады. Айталық, қазіргі түркі тілдерінін бірсыпырасында су, кейбірінде суғ түбірі кездеседі. Сол сияқты, йу, жуцйуғ, сы, сынцсырын т. б. Сонда осы көрсетілген сөздердің қай варианты ескі? Әрине, дауыссызға дауыссыз болғанда да тарихи «әлсіз» деп есептеле-тін дауыссыздарға біткен варианттарын ескі деп қарауға тура келеді. Олай болса, көне түркі тілі ескерткіштерінің кейбірінде кездесетін ды, су, бі (қазақ — бие), йу тәрізді дауыстыға біткен екі дыбысты түбірлерді жаңарған (әртүрлі фонетикалық өзгеріс-ке ұшыраған) түрі деп қарау әлдеқайда дәлелді болмақ.
О баста «әлсіз» дауыссызға біткен түбірлердің соңғы дауыс-сыз дыбысы не алдыңғы дауыстыға үласып созылыңқы дауысты құраған немесе түгелдей жойылып кеткен. Ал, созылыңқы дауыстылар кеп тілдерде әдеттегі дауыстыға айналған, немесе жойылып кеткен. Осыдан барып дауыссыз-дауысты дыбыстар-дан ғана құралған түбірлер пайда болған деп қарауға әбден бо-лады.
Яғни ле/те етіс-тігінің алғашқы түрі тей, же етістігінін. алғашқы тұлғасы жей. Олар ұйғыр, ноғай тілдерінде осы етістіктерден жасалатын қи-мыл есім формалары дейіш, жейіш түрінде, қазіргі түркі тілде-рінде айтылатын есімдік Махмуд Қашқари сөздігінде нен сол сияқты бірсыпыра түркі тілдерінде бу түрінде айтылатын есім-дік кейбір тілдерде (қазақ, қарақалпақ) бұл түрінде қолданы-латынын да дәлел ретінде келтіреді.
Сөз айтылғанда тұтас, бірден айтылмайды. Сөздердің айтылуында ауа толқыны үзіліп-үзіліп шығады. Бір сөздің ішінде ауа толқынына негізделген бірнеше бөлшек бола береді. Сөздегі бір дауыстының немесе дауысты мен дауыссыздың бөлшектеніп айтылуын буын дейміз, өйткені ауа сөздің құрамындағы дауыстыларды айтқанда еркін шығады да, дауыссыздарды айтқанда кедергіге ұшырайды. Сонда буын өкпеден келе жатқан фонациялық ауамен тікелей байланысты болады. Сондықтан сөздің буынға бөлінуі дауысты дыбысқа байланысты. Сөзде қанша дауысты дбыс болса, сонша буын болады, өйткені тек дауысты дыбыс қана буын жасай алады. Дауыссыз дыбыс буын жасай алмайды, ол дауысты дыбыспен бірге буын құрамына кіреді. Мысалы: қа-ла, ө-нер, жас-тық, та-ма-ша,т.б
Буынға тән негізгі белгілер: 1. буын болу үшін оның құрамында дауысты дыбыс болу керек және оның саны бір буында біреуден артық болмауы тиіс. 2. буында мағына болмайды. Кейбір сөздердің әрбір буыны лексикалық немесе морфологиялық мағынасы бар бөлшектерге тура келіп қалады. Мысалы: ат-ты-лар-ға деген төрт буынды сөздің бірінші буыны – ат (түбір), екінші буыны – ты – сын есім тудыратын жұрнақ, үшінші буыны – лар- көптік жалғау, төртінші буын – ға – септік жалғау. 3. қазақ тіліндегі байырғы сөздер бірыңғай не жуан буынды, немесе жіңішке буынды болып келеді. Қазақ тілінде жуан және жіңішке буынды (аралас буынды) орыс және өзге тілдерден енген сөздер кездеседі. 4. қазақ тілінің байырғы сөздері, буындары екі дауыссыздан басталмайды. 5. тіліміздің байырғы сөздерінің соңында еліктеуіш сөздерден басқа екіден артық дауыссыз дыбыс келмейді. Қазақ тіліндегі буынның дыбыстық құрамы төмендегідей болып келеді:
Бір дыбысты, екі дыбысты, үш дыбысты, төрт дыбысты. Ал орыс тілі арқылы енген сөздерде буын бес, алты дыбысты бола береді. Мысалы: спорт, пункт, спектр, спринт. Дыбысталу жағынан қарағанда сөйлеу жік – жігімен айтылған дыбыс шумақтарының тізбегінен құралады. Дыбысталудың шумағы өз ішінде кіші топтарға бөлшектенеді. Олар сөйлеудің фонетикалық единицалары ретінде қаралады:
1) фраза, 2)такт, 3) буын, 4) дыбыс немесе фонема.
Достарыңызбен бөлісу: |