Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі дыбыстары, түрлері, жасалуы. Дыбыстардың құрамы Сабақтың жоспары



бет75/76
Дата30.03.2023
өлшемі218.7 Kb.
#471372
түріСабақ
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76
ҚЗҚТН-прак.-30сағ.

Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері
Жайылма сөйлемдерде тұрлаулы мүшелерден басқа оларды айқындайтын тұрлаусыз мүшелер де болады, олар толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш. Олар бас мүшелердің маңына, алдымен соларды және бірін-бірі анықтап, пысықтап тұрады. Мысалы: Көк жүзінің шарбы бұлты әлдеқайда тарап жоқ болып жатыр. (Б.Майлин). Бұл сөйлемдегі тұрлаусыз мүшелер бастауышқа және баяндауышқа қатысты болып тұр: көк жүзінің шарбы деген сөздер(анықтауыштар) бұлтты деген зат есімнен болған бастауышты анықтайды; ал әлдеқайда (пысықтауыш) сөзі тарап жатыр деген етістіктерден болған баяндауышты пысықтайды.
Анықтауыш сөйлемдегі зат есімнен не зат есім орнына жұмысалған басқа есімдерден болған мүшелерді түрлі жағынан сипаттап тұрады. Сөйлемде бастауыш, толықтауыш, т. б. қызметтерде жұмсалатын әр заттың өзіне тән, кейде көп затқа ортақ сапалары болады. Бір затты басқа заттардан сондай сапаларына қарай айырып танимыз. Сөйлемде заттардың әр түрлі сынын, сапасын білдіретін сөздер көбінесе анықтауыш (атрибут) қызметінде жұмсалады; олар заттың түсі, түр - тұрпаты, көлемі, салмағы, саны сияқты сапаларын білдіреді де, анықтайтын сөзімен тығыз байланыста айтылады. Мысалы, таяқ деген – жалпылауыш зат есім. Оның ұзын, қысқа, жуан, жіңішке, ақ қара, имек, қисық, қайқы бас тәрізді көптеген сыны болуы мүмкін. Солардың біріне бірнешеуі бір сөйлемде осы заттың анықтауышы болып, сөйлемде айтайын деген айқындай түседі. Қисық ағаш, қысқа жіп дегендер – сын есіммен зат есімдерден құралған анықтауыштық тіркестер. Бұйра толқын ойнақшып тұр. Жасыл жапырақ сыбдыр қағады деген сөйлемдердегі анықтауыштар мен анықтауыш сөздер де сын есім мен зат есімдерден құралады.
Қазақ тілінде анықтауыштардың көпшілігі анықтайтын зат есімдерінен оқшауланбай, олар (анықтауыш пен анықталатын сөздер) фразалық (ритмикалық) бір екпінге бағынып, екпін жағынан бір түйдек (комплекс) болып тұрады. Мысалы, семіз қой, гүлденген өмір сияқты анықтауыштық тіркестегі сөздер жұбын жазбай қабыса байланысады да, тиісті грамматикалық тұлғалар тек анықталатын зат есімдерге жалғанады.
Анықтауыштар сөйлемде заттың әр түрлі белгісі болып, бағыныңқы мүше ретінде жұмсалғанымен, олар анықтайтын затына, сонымен қатар түгел сөйлемге көрік беріп, әсерлі етіп тұрады. Сондықтан олар әдебиетте көрікті ойдың көркем бояуы қызметінде де жұмысалады. Бұйра толқын, асау Терек (Абай), алтын күн, жазық дала, жұмысақ жел, т. б. Бұл сияқты эпиттердің поэтикалық тілде көркемдік мәні зор: Жалпы ереже бойынша анықтауыштар зат есімдерден болған мүшені анықтайды. Кейде ол зат орнына жұмсалған есімді, сан есімді де анықтауы мүмкін: Асқар мен Ержан далаға шықса... көзілдірікті, қылышты біреу арбадан түсіп жатыр екен. Есік алдында Олжабек мінген торы қаңтарулы тұр екен.
Жай сөйлемді жайылмаға айналдырып, оның іргесін әрі қарай кеңіте беруге діңгек болатын тұрлаусыз мүше - толықтауыш. Ол өзі бағынған сөзбен граматтикалық байланыста тұрып, табыс, шығыс, барыс, көмектес, кейде табыс жалғаулардың бірінде жұмсалады. Қысқасы, толықтауыш қимыл процессінде объектісі болатын мүше. Толықтауыштар мағынасына, синтаксистік қызметіне және тұлғасына қарай екі топқа бөлінеді: тура толықтауыш, жанама толықтауыш.
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшесінің бірі – пысықтауыш. Ол да анықтауыш сияқты, басқа сөздің, әйтеуір бір сапасын, ерекше белгілерін білдіру үшін жұмсалатын бағыныңқы мүше. Солай болғандықтан, пысықтауыш анықтауышқа ұқсас. Ол екеуінің елеулі айырмашылығы бар: заттық ұғымы бар сөздердің – зат есімдердің, субстантивтенген басқа есімдердің - әр алуан сапасын, меншіктілік-тәндік қатынасын білдіру үшін жұмсалса, пысықтауыш, негізінде, заттың қимылдық сапасының сапасын, белгісін (признак) білдіреді. Басқаша айтқанда, анықтауыш зат есімнен болған мүшені анықтайды. Сондықтан көбінесе анықтауыш қызметіне жұмсалатын сөздер етістікке қатысты болып етістіктен болған мүшені “анықтаса”, оларды пысыықтауыш деп айтамыз. Мысалы, найзадай шоқылар дегенде, назадай – анықтауыш, (бірдеңе ) найзадай қадалды дегенде – пысықтауыш. Сол сияқты, ол – жақсы оқушы дегенде, жақсы – анықтауыш, ол жақсы оқыды, жақсы сөйлейді дегендерде – пысықтауыш. Үйге үш кісі кірді дегенде, үш – анықтауыш. Үйге бүгін ол үш келді дегенде, үш – пысықтауыш.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет