Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі
|
Педагогтың әрекеті
|
Оқушылардың әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
Сәлемдесу.Түгендеу. Т5 ережесін ұстану.
Жағымды психологиялық ахуал орнату.
«Кім жылдам?» ойыны
Берілген уақыт ішінде әр топ жобалық бұйымды сәндеуге байланысты сөздер мен сөз тіркестерін мүмкіндігінше көбірек жазуы қажет, мысалы, сәндеу материалдары, жасау техникасы т.б. бисер, фольга, меруерт, ызба, бау, кесте, жапсырма және т.б. Әр топ кезекпен өз сөздерін айтады, қай топта сөздер көп айтылса, сол топ жеңімпаз болып саналады. Бұл ойынның парақтарын оқу бөлмесінің қабырғасына орналастыруға болады, қажет болған жағдайда оқушылар оған назар аударып, бұйымды сәндеу туралы ақпарат алады.
Сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау
Қазақ ұлттық бас киімдері мен камзол суреттеріне қарап, осы сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды.
|
Оқушылар амандасып ,бір-біріне сәттілік тілейді.
Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі
|
Қалыптастырушы бағалау: Өзін-өзі бағалау.
|
оқулық
Қазақтың ұлттық бас киімдері мен камзол әртүрлі сәндеп бейнеленген
киімдер фотосурет- тері
|
Жаға білім
|
Сұрақ:*Этностильдегі бұйымды әртүрлі материалдармен қалай сәндеуге болады?
*Жобалық бұйымды сәндеудің қандай әдіс-тәсілдерімен түрлендіруге болады?
*Сәндеу кез келген бұйымның функционалдық сапасын жақсарта ала ма? Неліктен?
*Ұсынылған безендіру нұсқаларын қарастырыңдар, оны өзіңнің киізден жасалған бұйымыңды сәндеуге қолдануды ұсыныңдар.
Сәндеу (әрлеу) кезінде бұйымда әртүрлі әрлеу элементтерінің шамадан тыс көбейіп кетпеуі үшін, белгілі бір шаманы сезіну қажет.
- Суреттерде бұйымды сәндеудің (әрлеу) қандай түрлері көрсетілген.
Бұйымды сәндеу (әрлеу) түрлері:
Кесте – әрлеудің бұл түрін қолдана отырып, мата фактурасын, формасы, бұйым конструциясын, сонымен бірге фасоны мен адамның жасын ескеру қажет. Кестелеу үшін әртүрлі материалдарды: акрильді жіптер, бисер, стеклярус, жібек таспа, мулине жібі және т.б. қолдануға болады.
Ызбамен әрлеу – сәндеудің кең таралған түрі, ол алуан түрлі, түрлі түсті, бір түсті, көп түсті, мысалы, жаккардты ызба және т.б. болуы мүмкін.
Жапсырма - онымен кез келген бұйымды, мысалы, фетрден жасалған жеке ою-өрнек элементтерінің әртүрлі нұсқаларымен сәндеуге және оны бұйымның таңдалған тұсына жапсыруға болады.
Ылғалды-жылумен өңдеу – бұйымға белгілі бір пішін және эстетикалық түр беру үшін орындалады. ЫЖӨ үтікпен немесе арнайы үтіктеу тақталарында преспен орындалады \
1-кезең. Бұйымды сәндеуге арналған эскиз жасау.
2-кезең. Бұйым жасауға қажетті материалдар, құралдар, жасау техникасын таңдау.
3-кезең. Қолмен және машинамен әртүрлі әрлеу тігістерін жүргізе отырып, бұйымды өңдеу және сәндеу жұмыстарын орындау.
|
Әр топ оқушылары бұл жайлы өз ойларын айтады және оны сыныптастарына ұсынады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |