Сұрақтар
|
Жауабы
|
1
|
Ою-өрнек дегеніміз латынның қай сөзіне келеді?
|
Латынның орнамент деген сөзінен алынған. Орнамент әшекейлеу, әсемдеу деген мағынасына келеді.
|
2
|
Композиция дегеніміз не?
|
Ою - өрнекті бір заттың бетіне реттеп орналастыру
|
3
|
Симметрия дегеніміз не?
|
Ою- өрнектің екі жағының бірдей болуы – симметрия заңы
|
4
|
Колорит деген не?
|
Ою- өрнектердегі бояу түрлерінің бір-бірімен үндесіп, жарасым табуы
|
5
|
Ритм дегеніміз не?
|
Ою - өрнекте бір элементтің қайталанып отыруы
|
6
|
Оюдың пайдасы бар ма?
|
Жүйке қызметін жақсартып, ойды бір жүйеге келтіреді. Математикалық білімді жетілдіреді, түстерді таңдауға үйретеді.
|
Көркем еңбек
|
Мектеп: «Айдарлы ОМ МДШО» КММ
|
Күні: .
|
Мұғалімнің аты-жөні: Каримжанова Жумагул Абдикаримовна
|
Сынып: 8 сабақ
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар:
|
Бөлім:
|
Сәндік-қолданбалы өнер
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Жұмыстардың көрмесі
|
Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары
|
8.3.1.1-Онлайн платформадағы ауқымды аудитория алдында дайын жұмыстарды қорғау және оны ұсыну (онлайн форумдар, әлеуметтік желілерде)
|
Сабақтың мақсаты:
|
- көрмеге арналған өз жұмыстарын дайындауға алдын-ала дайындық жасайды;
- жасалу кезеңдерін түсіндіре отырып, өз жұмысын көрсетеді;
- өзінің және сыныптастарының жобалық бұйымының шығармашылық идеясын талдап, түсініктеме береді.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі
|
Педагогтың әрекеті
|
Оқушылардың әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру
|
Сәлемдесу.Түгендеу.
*мұғалім оқушыларды белсенді оқу іс-әрекетіне және жаңа білім алуға бағыттайды;
оқу барысында ынталандыру үшін жағдай жасайды:
«Көлеңке» ойыны
Әр оқушыға таза ақ А4 форматтағы парақ беріледі. Ойын тәртібі: берілген қағазды умаждап, қарама қарсы қабырғаға оның көлеңкесі түсетіндей етіп, табиғи немесе жасанды жарық көзіне қарсы орналастыру қажет. Көлеңке сұлабасының неге ұқсайтынын сипаттау қажет.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау Оқушылар өздігімен сабақ тақырыбы мен мақсатын айтады. Бұл ақпаратты альбомға немесе жұмыс дәптеріне жазады.
|
Оқушылар амандасып ,бір-біріне сәттілік тілейді.
Ойлану арқылы оқушылар қайталау сұрақтарына жауап береді
|
өзін-өзі бағалау.
|
Оқулық,
құрал-жабдықтар
|
|
Шығармашылық жұмыс.
Оқушылар бұрынғы құрамдағы топта жұмыс жасауына болады. Әр топқа қағаз парағы беріледі. Мұнда оқушылар шығармашылық жұмыс таныстырылымын ұйымдастыру бойынша өз идеяларымен бөліседі, ойланады. Оған қандай ақпараттық дереккөздерді қолдануға болатынын талқылайды: Жұмыс барысында оқушылар ақпаратты іздеу түріне байланысты өзге топтармен немесе жұптасып бірігуіне болады . Немесе олар өз орнында қалып, қажеттілігіне қарай, зерттеу материалдарын көрші топтарға беруіне болады.
«Қазақ ұлттық киімдерінің сән көрсетілімі» бейне ақпаратты көру
жобаның тақырыпқа сай болуы;
сәндік безендіру түстерінің тақырыпқа сай болуы;
жұмыстың ұқыптылығы;
шығармашылық бұйымның функционалдығы.
таныстырылым жасаудың дескрипторын талқылау:
|
Достарыңызбен бөлісу: |