Басталуы
5 минут
|
Сәлемдесу.
Оқушыларды жылқының түрлерімен топқа бөлемін.
Психологиялық ахуал қалыптастыру: Сынып реттілігін қадағалау.
Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау. Оқушыларды жылқы үрлеріне қарай топқа бөлемін. 1-топ «Құлын», 2-топ «Жабағы», 3-топ «Тай» , 4-топ «Құнан»
Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!
Ұйымшыл боламыз десек 2 рет
Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!
Уй жұмысын қорытындылау.
Қызығушылығын ояту.
Тік көтеріп құйрығын
Шауып келді жүйрігім.(жылқы)
Қамыс құлақ тостаған тұяқ
Мінсең қанат, еті тамақ(жылқы)
Үш тілде айту:
Құлын-жеребенок- foal
|
1-топ:
Құлын
2-топ:
Жабағы
3-топ
Тай
4-топ
Құнан
Интервью әдісі
|
Жаңа білім
10 минут
|
Мағынаны тану
Ботай мәдениеті ежелгі адамның алғаш рет жылқыны қолға үйреткендігімен әлемге әйгілі. Бұл мәдениеттің өмір сүру уақытыV-IV ғасырларда өтті. Зерттеулердің тарихи маңызы-жылқыны алғаш рет қолға үйретудің жер жүзінде ең басты орталығы Қазақстан болып саналуында. Ботай әлемдегі-ертедегі Еуразия жылқы өсірушілерінің ғажайып қонысы.Ботай-Солтүстік Қазақстанды мекендеген тайпалар қонысы. Мұнда 60000 сүйек пен тастан жасалған балталар мен пышақтар, жебе және найза ұштары, сүйектен жасалған инелер, қыштан жасалған ыдыстар ,ат әбзелдері табылған. Топтастыру стратегиясы:Мұғалім: алдымен жылқы туралы не білеміз, соны айтып шығайық. Қазақстанда жылқының 16 түрі өсіріледі. Әр түліктің өзінің пірі болады. Жылқының пірі кім? Жылқыны бағатын адамды кім дейміз.Олай болса жылқы атасы Қамбар ата мен жылқышы екен. Жылқының қазақ тарихында алатын орны ерекше.Шетсіз- шексіз далада адам жаяу жүре алмайды.Ал астында аты бар адам қашқанда құтылып, қуса жетеді. Сол себепті «Жылқы- ер қанаты » деген сөзі жылқының адам өміріндегі орнын көрсетеді.Жылқы жас ерекшелігіне қарай атаулары: құлын, жабағы, тай,құнан, дөнен деп аталады.
|
Оқулықпен жұмыс
|
Ортасы
10 минут
|
Топпен жұмыс.
1-топ. Сиыр атасы, Жылқы атасы, Түйе атасы, Қой атасы қалай аталады?
2-топ. Жылқы туралы қандай жұмбақ,ертегі,өлеңдер білесіңдер?
3-топ. Жылқы туралы мақал мәтелдер айту.
4-топ. Жылқымен ойналатын ойындарды атау.
|
Достарыңызбен бөлісу: |