Сабақтың тақырыбы: Білім күні. Бейбітшілік сабағы Сабақтың мақсаты



бет7/11
Дата19.06.2016
өлшемі3.66 Mb.
#148241
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер.

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың мазмұны

І. Ұйымдастыру:

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ІІ. Мақсат қою: тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау. Ағаштың айналасын сақина мозаикамен сәндеу.Мозаикалық жол.

Ағаштың айналасын сақина мозаикамен сәндеу.Мозаикалық жол жайлы түсінік беру. Қауіпсіздік ережесін сақтау. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.


ІІІ. Жаңа сабақ:Ағаштың айналасын сақина мозаикамен сәндеу.Мозаикалық жол.

1. Тастан құралған мозаикалар үй құрылыстары мен жолдарды безендіруге пайдаланылады.



Мозаика дегеніміз әр түрлі ұсақ тастардан, қағаз қиындыларынан, шыны сынықтарынан құралатын өрнек немесе сурет.Мұндай сақина мозаика баққа сән беріп тұрады. әрі арам шөпті өсіртпейді.

2. Мозаикалық жол жайлы түсінік беру.

3. Қауіпсіздік ережесін сақтай білуге баулу.



ІҮ. Білімді бекіту:

Тастардан құралған мозаикалар не үшін қажет?

Мозаика дегеніміз не?

Оны не үшін жасаймыз?

Мозаикалық жолмен қай жерлерді сәндейміз?




Ү. Сабақты қорытындылау: Біз нені үйрендік?
Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Өзін-өзі тану

Күні: 26.09.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Арайлап атсың әр таңым

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: әр түрлі көңіл күйді сезіне білуге және мәдениетті қарыс қатынас  жасауды үйрету

Дамытушылық мақсаты: сыныптастарымен, үлкендермен, жақын адамдарымен жағымды қарым қатынастарын дамыту

Тәрбиелік мақсаты: өзін және айналасындағы адамдарды сыйлау және қуанта білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: буклет
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат.

Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Әңгімелесу

Өмір деген жарыста,

Шаттанғын, дос, қалыспа!

Өзіңнің, өзгенің көңіл күйін қалай көтеруге болады деп ойлайсыңдар?

   


Жаңа ақпарат

Тиін мен қасқыр

Тиін бұтақтан-бұтаққа секіріп жүріп, ұйықтап жатқан қасқырдың үстіне құлап түседі. Қасқыр ұшып тұрып, оны жемекші болады.

– Қоя бер мені! – деп, тиін жалына бастайды.

– Жақсы, қоя берейін, бірақ осы тиін біткен неге сонша көңілді боласыңдар, соның себебін айтшы маған. Мен үнемі жабығып жүремін, ал сендер төбемізде асыр салып ойнайсыңдар да жүресіңдер.

– Ең әуелі мені ағаштың басына жібер, сол жерде тұрып айтайын, әйтпесе сенен қорқамын, – деп жауап береді тиін оған.

Қасқыр тиінді қоя береді. Ол ағаштың басына шығып алып:

– Сен өзің зұлымсың, содан ылғи жабығасың да жүресің... Ал біз болсақ, қайырымдымыз, ешкімге жамандық жасамаймыз, сондықтан үнемі көңілді боламыз, – дейді.

·        Тиін неліктен үнемі көңілді жүреді?

·       Жақсы көңіл күйде жүру үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек?


Жүректен жүрекке

Жақсы көңіл күй:

1.     тез түсінісуге септігін тигізеді;

2.     өзара достасуға көмектеседі;

3.     сыйластыққа негіз болады.
Көңілді балалар әні

Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз.

Біз талапты жас ұлан,

Үлгі аламыз жақсыдан.

 

ҮІ. Қорытынды бөлім.



Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
Оқушылардың  еңбегін мадақтау. 

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Қызықты грамматика

Күні: 22.09.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Мен және менің досым

Сабақтың мақсаты: Дыбыс пен әріптің ерекшеліктерін түсіндіру. Дауыссыз

дыбыстардың түрлерін ажырату

Ой өрісін, есте сақтау, байланыстырып сөйлеу дағдысын арттыру.

Көркем де сауатты жазуға баулу.



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: тақырыптық суреттер, қима қағаз

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, талдау, ізденіс, комментарий.

Пәнаралық байланыс: ана тілі
Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

Класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.


II. Ой қозғау.

Дыбысты не істейміз?
IV. Мақсат қою кезеңі

Дыбыс пен әріптің айырмашылығы қандай?

Олай болса бүгінгі сабағымызда дауыссыз дыбыстарды ажырата білуді үйренеміз.
V. Жаңа тақырып

Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр.
Кестемен жұмыс

1-тапсырма Әйнекшеге қ, ғ әріптерінің тиістісін қойып жаз.

2- тапсырма Берілген сөздерге ы әрпін қосып жаз. Қалақ, жаңғақ,ттарақ, құдық.

3- тапсырма Сөздерді топтап жаз:

Лашын, рәміз, разы, леген, рауан, лайық, резеңке, ләйлек.

Р

л



4- тапсырма Балықшы деген тақырыпқа мәтін құрастырып жаз.
VI. Жаңа материалды пысықтау

  • Бүгін нені өттік?

  • Сабақ түсінікті болды ма?


VII. Бағалау. Кемшілігін жетістігін ескеріп бағалау.

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Логика негіздері

Күні: 21.09.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Бірдей заттарды тап

Сабақтың мақсаты:

Геометриялық фигураларды ажырата білуге, суреттің жетіспейтін бөліктерін зейін қоя отырып таба білуге үйрету. Танымдық қабілеттерін, байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Алғырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: түрлі пішіндер, суреттер

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ- жауап, ойын, көрнекілік

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру Оқушыларды сабаққа даярлау
ІҮ. Білімді қабылдауға дайындау

Ми гимнастикасы.

Ширату.

Көктайғақта таймау үшін, аттың тұяғына қағылатын темір ...................... таға

Жарысқа түсетін жүйрік жылқы .................................сәйгүлік

Гүл шырынынан ара арқылы алынатын шипалы тәтті тағам.................. бал

Ұсақтап туралып, майға қуырылатын ет................................. қуырдақ
Ү. Жаңа білімді меңгерту»

№ 1 суреттерге зер салып, әр қатарда артық фирура болса, сызу

Жауабы: дөңгелек пен шаршы. Үшбұрыштың көлемі әртүрлі, бірақ олар үшбұрыштар.
№2 Фигураларды түсті қарындашпен бояу. Бос орынға көшіру.
Көңілді үзіліс.

Көгілдір аспанда күлімдеп,

Ғарышкер зымырап барады.

Ал төменде орман, алаң

Жерге кілемдей төселді.

Қимылмен жасау.
№3 сөздерді оқып өз қалауынша бір әріп қосып сөз жасау

Жауабы: ерік- берік , серік, керік



Мойын бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.
№4

Айнұр мен Асқардың 8 ойыншығы бар. Әпкесі тағы 2 ойыншық берді. Барлығы қанша ойыншық болды? 10


№5 Өрмекшіге өрмекке жетуге көмектесу.
Графикалық диктант

Бастапқы нүктеден1 тор солға, 1 тор жоғары, 1 тор жоғары, 1 тор оңға, 1 тор жоғары, 3тор солға, 1 тор төмен, 1 тор оңға, 1тор төмен,1 тор солға,2 тор төмен, 1 тор солға, 1 тор жоғары, 1 тор солға, 1 тор төмен,6 тор оңға, 4 тор жоғары. поезд


ҮІ. Білімді бекітуОқушыларды мадақтау

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Логика негіздері

Күні: 26.09.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Бірнеше айырмашылықты тап

Сабақтың мақсаты: Геометриялық фигураларды ажырата білуге,

суреттің жетіспейтін бөліктерін зейін қоя отырып таба білуге үйрету. Танымдық қабілеттерін, байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Алғырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: санау материалдары

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ- жауап, ойын, көрнекілік
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру

Оқушыларды сабаққа даярлау


ІІ. Білімді жан-жақты тексеру

« Сәйкестікті тап» ойынын ойнату арқылы білімдерін тексеру
ІІІ. Білімді қабылдауға дайындау

Ми гимнастикасы.

Ширату

Оқымысты, ғұлама- Ғалым

Адамды тамақтандырады,бірақ өзі ештеңе жемейді. Ол не? Қасық

Сенбіден кейін үш күн өтті. Ол қай күн? Сәрсенбі

Тіл алғыш бала Елгезек

Екі ұл бала есік алдында кездесіп қалды. Егер біреуі 2 жаста, екіншісі 7 жаста болса, кім жол береді? 7 жаста. Екі жастағы бала енді ғана жүріп жүр.
ІҮ. Жаңа білімді меңгерту

№ 1 тапсырма арқылы түсіндірме жүргізу.

Әр пішіннің жаңа орнын табу. Үшбұрышты сары, дөңгелекті көк, шаршыны жасыл төртбұрышты қоңыр және сопақшамен бояу.
№2 Шаршының ішінен А, В, С пішіндерін тап. А пішінін көк, В пішінін қоңыр, ал С пішінін жасыл түске бояу. Олардың орналасуын талдап ,түсіндіру.
Ү.Көңілді үзіліс.

Балалар өздерін толқында шайқалып жүрген жапырақ сияқты сезінеді. Көздерін жұмып тұрып, толқында шайқалып тұрғандай қимыл жасайды.

№3 Айманның жоғалтып алған кілтін табу, оны бояу.



Жауабы: Айман екінші топтамадағы үшінші кілтті жоғалтып алды.
№4 Әріптер мен цифрларды пайдаланып, сөздерді жасыру.

А у қ т н ы р л д

Жауабы дуал- 9218

Анар – 1 5 1 6

Дана- 91 5 1

Көзге арналған жаттығулар.
ҮІ. Білімді меңгергендерін тексеру

Графикалық диктант

Бастапқы нүктеден1 тор қиялап солға төмен, 1 тор қиялап солға жоғары, 1 тор жоғары, 1 тор қиялап оңға төмен, 1 тор қиялап оңға жоғары, 4 тор төмен, 1 тор қиялап оңға жоғары, 2 тор жоғары, 1 тор оңға, 2 тор төмен,1 тор қиялап оңға төмен,5 тор жоғары, 1 тор қиялап оңға жоғары,2 тор төмен, 1 тор қиялап солға төмен, 1 тор қиялап солға жоғары, 1 тор солға, 1 тор қиялап төмен.


ҮІІ. Білімді бекіту Оқушыларды мадақтау

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Музыка

Күні: 21.09.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы : Музыка бейнелейді «Ақсақ құлан»

Сабақтың мақсаты : Оқушыларға тақырыпты меңгерту ,қызығушылығын арттыру және әнді үйрету

Сабақтың міндеттері : «Ақсақ құлан» әнімен танысу,мәтінін жаттау

Дамытушылық : Оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамыту, ән иірімдерін дұрыс ести білу,методикалық ерекшеліктерін сезіну.

Сабақтың түрі : Жаңа сабақ

Көрнекіліктер : үнтаспа,оқулық,суреттер
Сабақтың барысы : Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушылармен сәлемдесіп ,сыныпты түгендеу.

2.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

3.Оқушылардың назарын сабаққа аударып, сабақтың ерекшелігі мен мақсатын

таныстыру.


Үй тапсырмасын тексеру
Ақсақ құлан тұрмыс-салт жырларының көне түрінің бірі. Әлемде Ақсақ құланды айтпайтын халық жоқ. Халық педагогикасының мәйегіне айналған Бесік жырында халықтың төл тарихының, дәстүрлі мәдениетінің, ежелгі наным-сенімінің, дүниетанымының көрінісі бар. Ақсақ құлан барша халық ұлттық тәрбиенің кәусар бұлағы деп таниды. Әлем халықтарының Бесік жырылары әр елде әр түрлі аталғанымен, атқаратын міндеті, мазмұн байлығы, поэтикалық құрылымы мен саз-әуені жағынан үндесіп жатады. Бесік жырының басты қызметі — бесік тербелісіне ыңғайлас сазды әуен, ырғақты сөзбен баланы тыныштандыра отырып, оның жан жүйесі мен санасына ұлттық тәрбиенің алғашқы нәрін сіңіру. Ақсақ құлан баланың сәби кезінде, яғни 1 — 5 жас аралығында, бала жанына жағымды әуенмен айтылады, әуен-сазсыз Бесік жырының мәні де, сәні де келмейді. Қазақ Бесік жырының үлгілерін алғаш Ә.Диваев хатқа түсіріп, 1905 ж. жариялаған. Содан бері там-тұмдап жиналып келе жатқанымен, халық жырларының асыл үлгілері әлі де толық хатқа түсе қойған жоқ.
Музыка тыңдау: «Ақсақ құлан» әнін тыңдау
Қорытынды : Әнді үйрену , мәтінін жаттау,хормен айту.
Бағалау : Үй тапсырмасын орындап, жаңа сабаққа бел-

сене қатысқан оқушыларға баға қою



Үйге тапсырма : Тақырыпты оқып келу,әнді үйрену

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Музыка

Күні: 28.09.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы Музыка бейнелейді: «Жетім бала»

Сабақтың мақсаты Оқушыларды «Жетім бала күйімен таныстыру

Дамытушылық Оқушыларды әуен,дыбыс сезіну қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік мәні Оқушыларды бірін-бірі тыңдай білуге ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі Жаңа сабақ

Көрнекілігі Оқулық, үнтаспа,суреттер
Сабақтың барысы

Ұйымдастырушылық кезең

1.Оқушылармен сәлемдесіп ,сыныпты түгендеу.

2.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

3.Оқушылардың назарын сабаққа аударып, сабақтың ерекшелігі мен мақсатын

таныстыру.


Жаңа сабақты меңгерту

Жетім - ата-анасының екеуi де немесе жалғыз басты ата-анасы қайтыс болған бала болып табылады. Сондай - ата-ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айырылуына, ата-анасы хабар-ошарсыз кеттi деп танылуына, олар өлдi деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлетi шектеулi) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның iшiнде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерiнен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған бала.
Жетімдік – баланың психикалық дамуына қатты әсер етеді. Ата-анадан айрылған және интернат жағдайына түскен балалардың жалпы психикалық жағдайы төмендейді, өзін-өзі реттеп-бағыттауы бұзылады, көңіл күйі жабырқау болады. Балалардың басым көпшілігінің өмірге құштарлығы жоға-лады, өзіне-өзінің сенімсіздігі күшейіп, бойын үрей билей бастайды. Эмоционалдық-танымдық тал-пынысы төмендейді де, интеллектуалдық дамуы тежеледі.
Музыка тыңдау: «Жетім бала» аңызын тыңдау
Қорытындылау: Сұрақтар қою,күйді қайталап тыңдау
Бағалау : Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Музыка

Күні: 26.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Әсем әнге билейміз.

Сабақтың мақсаты: Қазақтың би өнерімен таныстыру.

Білімділік: Бидің музыка жанрындағы қолданылатын орны мен маңызы.

Ән үйрену-орындау: «Кел билейік» Әні:Б.Байқадамов, сөзі:М.Әлімбаев.

Тәрбиелік: Би ырғағына ьбаулу арқылы эстетикалық тәрбие беру..

  1. «Ойыншықтар» әні—орындауға

  2. «Кел билейік» әні—үйренуге.

  3. «Қос алқа» күй----тыңдауға.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен сәлемдесіп ,сыныпты түгендеу.

2.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

3.Оқушылардың назарын сабаққа аударып, сабақтың ерекшелігі мен мақсатын

таныстыру.

Жаңа тақырыпты меңгерту, әңгіме әдісі арқылы.

Қазақта би өнері Х1Х- ғасырдың аяғында пайда болып, ХХ- ғасырдың басында өсу жолына түсті. Ол дегеніміз Қазақта би мүлдем болмаған деген сөз емес. Тек ата бабаларымыз көшпенділік дәстүрде жүріп биге аса көңіл бөлмеген. Қазақ билері өзге ұлт билерінен кем емес.



Қысқа және ұзақ дыбыстар.

Табиғатта дыбыстар өте көп. Судың сылдыры, желдің гуілі, құстардаың дауысы, араның ызылы т.б Осы дыбыстардың созылатыны бар созылмайтындарыда бар. Мысалы тоқылдаған дыбыс, партаны тықылдатсақ ол созылмайды. Ысқырып дыбыс шығарсақ ол созылады. Ағаш кесетін араны майыстырып қозғасақ уілдеген ұзақ дыбыс шығарады. Осы сияқты мысалдар көп. Міне осы әр түрлі дыбыстардың әуезді жиынтығы музыка деп аталады. Ал қысқа және ұзақ дыбыстардың алмасып келіп отыруын ырғақ дейміз. Бір екі әннен мысал келтіреміз.





Музыка тыңдайық:

1-сабақта: «Қос алқа» күйі. Не туралы? Күйдің шығу тарихымен танысады. Күйді Құрманғазы мен Дәулеткерейдің кездесуі және күйдің шығуы туралы баяндалады.

2 сабақта: «Вальс» Музыкасын жазған Қ. Шілдебаев. Оқушылар вальс ырғағын твңдай отырып шапалақ қағады. Оқулық бойынша вальс екпініне түстер таңдайды.

Ән орындайық: «Кел билейік» Әнін Б. Байқадамов.,

Әнді орындамас бұрын мәтінін мәнерлеп оқып беремін. Әннің екпіні орташа. Алдымен жай екпінде орындап үйреніп, кейін жылдамдық қосуға болады. Ән көңілді, әрі жігерлі орындалады. Әннің қайырмасы өте мәнерлі болып келеді.



Сабақтың екінші сағатында: Би өнеріндегі Қазақ бишілері туралы толық айтылады. Шара Жиенқұловадан қазіргі бишілерге дейін әңгімелеу қажет.

Үйге тапсырма: Оқулық тағы суреттер бойынша әңгімелеу. «Алғашқы қоңырау» әнінің сөзін жаттау.

Бағалау: Балалардың барлығы ән айтқаны үшін марапатталады.

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Музыка

Күні: 02.11.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Әсем әнге билейміз..
Сабақтың мақсаты:

Білімділік мәні : Оқушыларды бидің түрлерімен таныстыру.

Дамытушылығы: Музыканы естей отырып, билердің түрін ажырата білуге үйрету.

Тәрбиелік мәні : Әдемілікке, әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ түсіндіру , әңгімелеу, шығармашылыққа баулу .
Сабақ жоспары:

Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен сәлемдесіп ,сыныпты түгендеу.

2.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

3.Оқушылардың назарын сабаққа аударып, сабақтың ерекшелігі мен мақсатын

таныстыру.
Сабақтың барысы:

Әртүрлі музыка адамға түрлі көңіл күй сыйлайды. Әнді шалқыта айтамыз, кейбір музыканы тыңдап отырып ,ойланамыз. Сондай – ақ көңілді музыкаға би билегіміз келіп тұрады.


Би –музыка ырғағына сай қимылмен биленетін өнер түрі. Би өнері түрлі ырғақта болады. Асықпай билейтін,тез және адымдап орындалатын билер.
Вальс – жұптасып билейтін бидің түрі.Оны айнала билейді. Вальсті «би патшасы» дейді.
Полька – көңілді және қарқынды билейтін би түрі. Көбіне оны жылдам музыкамен орындайды.
Қара жорға – қазақ халқының ұлттық биі.

Қорытындылау:
1.Музыка әлемі қандай дыбыстардан тұрады?

2 Қандай билердің түрін білесіңдер?

3.Вальс қандай би?
Үйге тапсырма. Әндердің сөздерін еске сақтап, жаттап ке

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Музыка

Күні: 19.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Музыка сөйлейді.

Сабақтың мақсаты: Балаларға ұстаз мамандығының

маңызын түсіндіру



Дамытушылық: Оқушылардың өз ойларын еркін жеткізебілу қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік мәні: Оқушыларды бірін бірі тыңдай білуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Көрнекілігі : Үнтаспа , суреттер, оқулық

Сабақтың түрі : Жаңа сабақ
Сабақтың барысы:

Ұйымдастырушылық кезең



Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен сәлемдесіп ,сыныпты түгендеу.

2.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

3.Оқушылардың назарын сабаққа аударып, сабақтың ерекшелігі мен мақсатын

таныстыру.
Жаңа сабақты хабарлау

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы музыка жайнда болмақ. Бұл сабақта музыканың жанрларымен танысамыз.


Жаңа білімді меңгерту

Адам өміріндегі ең қымбат жаның бірі –ұстаз.

Өткені ол оның көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп,

қияға қанат қақтырады.Сондықтанда болар, кейбірдарынды ойшылдарда ,көп төсін шарлаған ғарышкерлер де, жүрек жұтқан батырлар да, қарапайым еңбек адамдары да, тіпті жас ұрпақты тәрбиелеп жүрген педагогтардың өздері де ұстазды пір тұтып, ерекше қадірлейді.

Ұстаздарға

Білім берген балаға

Сәуле құйған салаға

Мұғалімге бас иер

Данышпанда, дана бар

Құтты болсын қуаныш

Шаттық берсін тасыңыз

Деніңіз сау боп, ұстаздар

Жүзге жетсін жасыңыз
Ұстазым

Ақ ниеті төгілген

Шуақ төккен мейірімді көзіңнен

Қандайда бір орындалсын арманың

Тілегім осы шәкірттік адал көңілмен

Ұстазым бір өзіңсің қамқоршым

Бір өзіңсің жанашарым ұстазым

Осы күнге біліміңмен әкелген

Осы күнге қадіріңмен жеткізген

Талпын деп бізді алға жетелеген

Өзіңнен өсіп- өніп мен көтерілем

Сондада ұстазымды ұмытпаспын



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет