Тапсырмалар оқушылардың жеке қабілеттеріне қарай жасалады. «Білсең тауып көр әдісі» арқылы үй тапсырмасын сұраймын.
«Стоп кадр» және «Кім тапқыр», «Кім шапшаң» әдістері бойынша берілген тапсырма барысында белсенді оқыту жүзеге асырылады, қабілеті жоғары оқушылар тапсырма орындауда тапсырма орындауға қиналатын оқушыларға көмектеседі. Есте сақтау, іздену, өз пікірін еркін айту дағдыларын қалыптастырып, қажеттілігіне қарай жетелеуші сұрақтар қойып, бағыт бағдар беру арқылы ынтасын арттырамын.
|
Оқушыларды оқуда жетістіктерге жетуіне және алға ынталандыруға ықпал ететін кері байланысты сабақтың әр бір кезеңінде жүргізіп отырамын. Сабақтың әр бір кезеңінде берілген кері байланыс оқушыларды алға жетелеп, сабақққа деген ынтасын, қызығушылығын арттырады Сабақтың соңында «Баспалдақ» әдісі арқылы кері байланыс жасаймын. Оқушылардың қай деңгейде екендігін және жеткен жетістіктерін әр тапсырмаға берілген дескриптор арқылы бағалаймын.
|
Оқушылар топқа бөлінгенде ережелерге бағынады.АКТ қөлдану кезінде техника қаупсіздігін сақтайды.
|