Дескриптор
- Сыйлық сыйлау мәдениеті адамдар қарым-қатынасына әсеріне талдау жасайды;
|
ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады
ҚБ «Ең үздік жауап»
ҚБ «Алақан-жұлдыз»
ҚБ «Ең ұтымды жауап»
|
Ақпараттық мәтін
Үлестірмелі қағаздар
Суреттер
Тірек-сызбалар
Кесте
|
Қорытынды
|
Кері байланыс
Жалғастырыңыз:
Маған ... қызықты болды
Бұл ... қиындық туғызды
Осы ... мені ойландырды
|
Тақырып бойынша не білетінін, , не білгенін жазады
|
Оқушылар бағалайды
|
А4, конспект
|
Үй тапсырмасы
|
Ой түйін
|
|
|
|
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлім:
|
Жеке адамның өзін-өзі ұстау әдебі.
|
Педагогтің аты-жөні
|
Ыбырай Мерлан Мырзабайұлы
|
Күні:
|
26.11.2021
|
Сынып:
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Басқаның дамуына ықпал ету,басқаларға қызмет етуге бағытталу
|
Сабақтың мақсаты
|
Басқаның дамуына ықпал ету көмек қолын соза алып ,мотивация беруге ,басқаларға қызмет етуге бағытталу
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:
|
Интеллект пен эмоционалды интеллектінің арасындағы айырмашылықты ажырату, білім алу үдерісіндегі алатын орнын анықтау және дамыту жолдарын меңгеру
|
Құндылықтарға баулу
|
Құндылықтар:
-өзгенің еңбегін құрметтеу
-патриотизм
-ұлттық сана-сезім
-ынтымақтастық
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру
кезеңі
|
«Шаттық шеңбері» әдісі негізінде бір-біріне жақсы тілектер айтады.
|
Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу
|
ҚБ «Мадақтау»
|
Тақырыптық суреттер
|
Жаңа сабақ
|
1. Ұйымдағы басшылық
Басшылық басқарудың маңызды компоненті болғанына қарамастан, лидерлер (жетекші қызметкер) үнемі тиімді басқарушы бола алмайды. Лидердің тиімділігі олардың басқаларға ықпал, әсер ету деңгейімен өлшенеді. Кейде шешімді лидерлік ресми ұйымға да кедергі келтіруі мүмкін. Мысалы, бейресми ықпалды лидер ұжымның нашар жұмыс істеуіне және өнімнің сапасының төмендеуіне әсер етуі мүмкін.
Файли, Хаус және Керр басқару мен басшы қызметкер арасындағы айырмашылықты көрсетті.
Басқару - бағыныштыларды өздеріне арналған тапсырмалар мен міндеттерді орындауға мәжбүр ететін ой және дене үрдісі, ал лидерлік болса, керісінше, бір адамның басқаларға ықпалы, әсер ету үрдісі, деп атап көрсеткен.
Басқарушы ұйымның басшылығына алдын-ала қарастырылған ресми әрекет-өкілеттіліктерді беру арқылы келеді. Лидер болса, ресми емес әрекеттердің нәтижесінде, өз еңбегімен, өз абыройымен жетеді.
Ұйымның басшысы - лидер, сонымен бірге, ол өз бағыныштыларын тиімді басқаратын адам, оның мақсаты – ұйымға берілген жұмысты, тапсырманы орындауға басқаларды бағыттау, оларға ықпал, әсер ете білуі.
Лидерлік, жетекші қызметкерлік – бұл ұйымның мақсаттарына жету жолына бағыттау арқылы жекелеген адамдармен топтарға ықпал және әсер ете білу қабілеті.
Әсер, ықпал, және билік.
Ықпал - жеке бір адамның, келесі бір адамның мінезіне, басқалармен қарымқатынасына, сезіміне өзгеріс еңгізетін қандай да бір мінез-құлық әрекеті. Мұндай ықпал ету құралдары ретінде: өтініш, құлаққа сыбырлау немесе ең соңғы саты - қорқыту жатады. Бір адам басқаларға тек қана идеяларының көмегімен ықпал етуі мүмкін. Басшы өзінің лидерлігімен ықпал әсерін тиімді әсер ету үшін билікті пайдаланады және оны дамытады.
Қоғамда билікке теріс сезім әрекеттері қалыптасқан. Лорд Эктон ол туралы былай деген «Биліктің аздыру тенденциясы бар, ал шексіз билік шексіз аздырады». Көптеген адамдар билік ұғымын зорлық, күш көрсету және агрессиямен байланыстырады. Билік – бұл басқалардың мінез құлқына әсер ету мумкіндігі. Басқаруда билік болмаса, ұйымның жұмысы алға баспайды, тәртіп нашарлайды.
Билік балансы
Көптеген адамдар билік бір адамға екінші бір адамның сезімдері, ойларына қарамастан, ықпал етуге мүмкіндік береді деп ойлайды. Бұл дұрыс емес. Ұйымдағы билік тек ішінара иерархиямен анықталады. Белгілі бір жағдайдағы бір адамның билігінің мөлшері оның ресми өкілеттіліктерінің деңгейімен емес, басқа адамға тәуелділік дәрежесімен анықталады.
Басқа адамның тәуелділігі не ғұрлым жоғары болса, со ғұрлым адамның билігіде үлкен болады. Мұны мына формуламен көрсетуге болады: билік берілген А адамның Б адамға ықпалының денгейі Б адамның А адамға тәуелділігінің де деңгейінде де болады. Бұл билік балансы деп аталады.
Бағыныштылар билігі
Басшылардың өз бағыныштыларына билік жүргізетін себебі бағыныштылар жалақы, жұмыс ғимараттары, қызметте өсу, өкілеттіліктерді кеңейту мәселелерге келгенде басқарушыға тәуелді болып қалады. Бірақ кейбір жағдайларда бағыныштылар басшаларға билік жүргізуі мүмкін. Мысалы, шешім қабылдауға қажетті мәліметтер мен ақпараттар басқа адамдармен бейресми қарым-қатынастар сияқты мәселелерде басшы бағыныштының көмегімен ықпалына жүгінеді.
Бағыныштылар билігінің жүзеге асуына әсер ететін факторларды қорыта келіп Д. Меканик былай дейді: «Бір адам басқа бір адамға қаншалықты тәуелді болса, соншалықты сол адамның билігіне бағынуға мәжбүр болады». Басшы әрқашанда билік балансының сақталуына әсер етуі тиіс. Себебі ұйымның мақсатына жетуі бағыныштыларға тікелей байланысты.
|
Ақпараттық мәтінмен жұмыс
|
Достарыңызбен бөлісу: |