4 – тапсырма. Жеке жұмыс.
Мәтіндегі астарлы сөздердің мәнін түсіну, астарлы сөздермен мәндес мақал- мәтелдер, тұрақты тіркестер жазу. Тапсырма «Күннің шуағы» әдісі арқылы орыңдалады.
Дескриптор:
Сөздің астарын түсінеді.
Астарлы сөздермен мәндес мақал- мәтелдер, тұрақты тіркестерді жаза алады.
ҚБ Асық ұсыну арқылы бағалау.
5- тапсырма. Жеке тапсырма.
Эссе жазу.
Тақырыптан ауытқымай көркем тілмен жазу, ойын нақты дәлелдермен жеткізу.
Тақырыбы «Арсыз, қадірсіз бала»
Дескриптор:
Тақырыптан ауытқымай, ойын дәлелмен жеткізе алады.
Эссе құрылымын сақтап жаза алады.
ҚБ Бағалау парағы арқылы бағалату
№
|
Оқушының аты- жөні
|
Тақырыпашылған, дәлел бар
|
Сауат-ты жаза алған.
|
Бағалау
10 балл,
9 балл
«5»
8 балл,
7 балл
«4»
6 балл,
5 балл
«3»
4балл
«2»
|
|
|
|
|
|
|
Youtube.com
Қазақ әдебиеті оқулығы
9- сынып Алматы.
«Мектеп» баспасы, 2019 жыл
32-бет
Қазақ әдебиеті оқулығы
9- сынып Алматы.
«Мектеп» баспасы, 2019 жыл
32-бет
|
|
|
|
|
|
|
Сабақтың соңы
( 5 мин)
|
Кері байланыс
«Сабақтағы проблемалар» кестесі
Қиындықтар
|
Себебі
|
Ұсыныс, пікір, тілек
|
|
|
|
Үйге тапсырма: «Ата- бабадан қалған ескі жұртты бұзу» эссе жазу, үш санмен байланысты қасиетті ұғымдарға зерттеу жүргізу.
Рефлексия
«Табыс ағашы»
Орындалу шарты: әрбір жапырақтың өзіне тән түсі бар: жасыл – «барлығын дұрыс істедің», сары – «қиындықтар болды», қызыл – «қателер көп болды». Әр оқушы өз ағашын сәйкес жапырақтармен безендіреді. Қалаулары бойынша жапырақтарға өздерін толғандырған мәселе мен қиындықтарын жазу.
|
Қазақ әдебиеті оқулғы
9- сынып,
33-бет
|
Саралау-сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?
Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?
|
Бағалау –оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
|
1.Пәнаралық байланыс
2.Денсаулық және қауіпсіздік
3. АКТ-мен байланыс
4.Құндылықтармен байланыс.
|
Тақырып бойынша саралау шараларын қолдандым. Қолдауды көп қажет ететін «Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы тақырыпты өз бетінше ашуына, өмірі жайлы білуіне, Әнет бабаның «Не арсыз, не ғайып, не даусыз?..» шешендік сөзін оқуға, мазмұнын айтуға, сұрақтарға жауап бере алуына қолдау жасаймын.
Қолдауды аз қажет ететін оқушыларға шешендік сөздегі психологизмді анықтап, «Блум түймедақ» әдісі арқылы сұрақтар құрастыру, сұрақтарға жауап беру арқылы шешендік сөздің идеясын аша алуға мүмкіндік жасаймын.
Қолдауды қажет етпейтін шешендік сөздегі өзекті мәселені бүгінгі күнмен байланыстырып, эссе жазуына, өз болжамдарын ұсына алуына ықпал етемін.
|
Сабақ барысында әдеби шығармадағы психологизмді анықтай алған, автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жаза алған оқушыларды бағалауды жоспарлаймын. Әр тапсырмаларды орындап болған соң оқушылардың жетістіктерін мадақтау, қошеметтеу, «Геометриялық фигуралар», «Күлегештер бейнесі», «Асық ұсыну», «Бағалау парақшасы» сияқты қалыптастырушы бағалау түрлерімен бағалаймын.
|
1. Сабақта Қазақстан тарихы, қазақ тілі пәндерімен пәнаралық байланыс болды.
2. Оқушылардың денсаулығына кері әсер ететін тапсырмалар болмады, денсаулық және қауіпсіздік шаралары сақталды.
3.Сабақ барысында интербелсенді тақтамен жұмыс болды.
4.Сабақтың тәрбиелік мәні ретінде «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының құндылықтарының бірі – «Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы» басшылыққа алынды.
|
Рефлексия
Сабақтың оқу мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?
Бүгін оқушылар нені білді?
Сыныптағы ахуал қандай
болды?
Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен уақытты тиімді пайдалана алдым ба?
Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?
|
Сабақ барысында оқу мақсаты мен оқу міндеті орындалып, мақсатыма жеттім.
Әнет бабаның өмірі мен шығармашылығы туралы білді, «Не арсыз, не ғайып, не даусыз?..» шешендік сөзінің мазмұнын түсінді, шешендік сөздің идеясын ашты, бүгінгі күнмен байланыстырып, шығармашылық жұмыс орындай алды.
Оқушылар белсенділік танытып, ұйымшыл болды, бір- біріне көмек бере алды, тапсырмаларды тиянақты орындады.
Тапсырмаларды оқушылардың деңгейлері мен мүмкіндіктеріне қарай түрлендіріп беру олардың белсенділіктерін арттырып, тиімді болды.
Уақытты тиімді пайдалана алдым, себебі тиімді әдістер арқылы тапсырмаларды кедергісіз орындай алуына мүмкіндік бердім.
Сабақ жоспарына өзгерістер енгізбедім, өйткені мақсаттар мен бағалау критерийлері тақырыпқа сай құрылған, мен сабақ мақсатына жеттім.
|
Қорытынды бағалау
|
Қандай екі нәрсе табысты болды? (Оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)
«Блум түймедағы» мен «Ашық микрофон» әдістері нәтижелі болды.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды?
«Күннің шуағы» мен эссе жазу оқушылардың көркемдік тілі мен ойын шыңдады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |