Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын) Сабақтың мақсаты



бет20/37
Дата30.05.2024
өлшемі0.9 Mb.
#502115
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   37
Тәрбие сағаты №18

«Экология өмірдің соғып тұрған жүрегі!»

Күні




Класс жетекші:




Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

Экология және біз

Сабақтың мақсаты:

табиғат әсемдігін көре білуге, оны аялауға, қорғауға тәрбиелеу, экологиялық білімділік, ойлау қабілетін, сауатты сөйлеу дағдысын дамыту.

Құндылықтарды дарыту

Ішкі тыныштық

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары



Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)



Жалпы, табиғат — тіршілік атаулының құтты қоныс-мекені, тіршіліктің түлеп өсуіне қажетті нәрі, жер бетіне көрік берген сәні.Халық ұғымында табиғат деген сөз жер, аң, туған жер, атамекен сөздерімен қатар тұрады. Олай болса, бүгінгі дөңгелек столымыз да табиғат туралы болмақ. Қазақстан табиғатының өлшеусіз байлығын игере отырып, бізді қоршаған ортаның бүтіндігін сақтау да республикамыздағы ең күрделі мәселелердің бірі. Көшпелі тұрмыс кешкен қазақтар өзінің барлық ақыл ойын табиғатпен байланыстырған. Ал қазір сол көшпелі қазақтардың ақыл ойын біз сақтап отырмыз ба? Міне бүгінгі талқыланатын мәселеміз осы.

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.


Компьютер



Сабақ басы (13 мин)



Экология қазіргі дәуірде адамзатты толғандырып отырған маңызды проблемаға айналды. Табиғатты, қоршаған ортаны жою арқылы бүкіл қоғамды, тіршілікті жойып жіберуге болатынын көптеген елдер түсіне бастады. Біздің өмір сүріп отырған дәуірімізде техникалық құралдармен қаруланған кейбір елдер мен адамзат баласының жер планетасын аз уақыттың ішінде құртып жіберуі онша қиындыққа түспейді. Сондықтан бүкіл әлем халқының ортақ үйі жер планетасын – адамзат баласы біріге отырып экологиялық апатқа қарсы тұрып, жер анамызды сақтап қалу бүгінгі таңдағы ең маңызды мәселе.

Оқушыларға бейнежазба көрсетіледі

презентация

Ортасы (20 мин)



Табиғат қоршаған орта емес, табиғат біздің өзіміз. Өзіңді өзің алдау, өз болмысың алдында арам болу даму перспективасын жоғалтумен тең екендігін саралау парыз. Адалдық ғылыми категориядан гөрі адами тіршіліктің қазығы екендігін ұққан абзал. Адалдықтан бастау алмаған жерде адамзаттың мәуелі өмір қияндарын айшықтауда кешірілмес өкінішке соқтыратынын ғасырлар дәлелдеген шындық.

Экологияны ластаушы


Оқушылар екі топ бөлініп жауап береді



презентация

Соңы



Сайып келгенде айтарымыз – қандай жұмыс атқармасақ та қоршаған ортаға абайлап қарап, оны қорғауға күш салу басты бағытымыз болып қала береді. Қашан да болмасын табиғатты аялай білейік. Ол өктемдікті көтермейді.
Бүгінгі экологияны ластамау «Табиғатты қорғау – адамзаттың парызы»


презентация

Бекітілді ___________


Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты №19

«Табиғатты қорғайық»

Күні




Класс жетекші:




Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)




Сабақтың мақсаты:

Ойлау қабілетін, жалпы дүниетанымын, ғылыми көзқарасын дамыта отырып,



Құндылықтарды дарыту

өз елінің қамын ойлайтын, табиғат байлығын көз қарашығындай қорғайтын азамат болуға тәрбиелеу.

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд, тапсырмасы бар үлестірме қағаздар, топтардың аттары жазылған көрсеткіштер, фламастер, ақ қағаз,

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары



Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)



Тәрбие сағатының жүру барысымен және мақсатымен таныстыру. Оқушыларды төрт топқа бөліп отырғызу. Оқушылардың ішінен 3 оқушыдан тұратын «Эксперт» тобын құрып, олардың міндеттерін түсіндіру. Қалған оқушыларды басқа топтарға бөлу. Ол үшін оқушыларға ақын, жазушы, жыршылардың суреттері, калькулятор, шот, компьютердің суреттері және қайшы, желім, жіп, ине салынған суреттер көрсетіледі. Оқушылар өдеріне ұнаған суреттерді таңдайды, соған байланысты топтарға бөлінеді: «Шығармашыл» , «Үнемшіл» , «Өнер» топтарына бөлініп отырады.



Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.


Компьютер


Сабақ басы (13 мин)



Экологиялық экспресс ұйымдастыру.
«Танысу» аялдамасы. Глобусты бір – біріне бергенде өзінің аты – жөнін және немен айналысатынын айтып, келесі оқушыға береді. Глобусты ұстап айтуды мұғалім өзінен бастайды. Сол кезде «Эксперт» тобы оқушылардың Жер шарын қалай ұстағанға мән береді. Глобус мұғалімге қайтып келгенде, «Біз жерде өмір сүреміз.



«Қасірет» аялдамасы. «Арал тағдыры», «Семей полигоны».
Қазақстанның экологиялық картасы көрсетіледі.
-ХХІ ғасырда бүкіл дүниежүзін елендеткен екі өзекті мәселе алаңдатып отыр,бірі-ядролық қарусыздандыру да,екіншісі-табиғаттағы болып жатқан дағдарыс. Қазіргі біздің республикамыз атмосфераның ластануы жөнінен бүкіл дүниежүзі бойынша алдыңғы орынға шығып отыр.

Компьютер

Ортасы (20 мин)



«Шығармашыл», «Өнер», «Үнемшіл » топтарының тапсырмаларын беру.
«Шығармашыл» тобына тақпақтарды беріп, мәнерлеп оқуды, аңыз әңгімені аяқтауды және осылар бойынша қандай ой түйгенін білу.
«Өнер» тобына қалдық заттарды беріп, ойыншықтар жасауды сұрау, жасау себептері мен мақсаттарына көңіл бөлу.
«Үнемшіл» тобына жанұяның бір күнгі үйден шығатын қоқыстарын есептеуін, олардың азайту жолдарын сұрау, ұсыныстарын білуге тапсырмалар беру. Қазақстанның экологиясын бүлдірмеу үшін қандай ұсыныстар айтылатынын білу.



«Ұлттық – тәлім тәрбие» аялдамасы.
«Шығармашыл» тобының қазақтың экологиялық тыйым сөздері, мақал – мәтелдері, нақыл сөздері бойынша жарысын және аңыздар мен салт – дәстүрлеріне Наурыз мейрамын мысалға алғанын тыңдау.



Компьютер

Соңы



Қазіргі кезде экологиялық мәселелер өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселердің біріне айналды. «Табиғат, Табиғат – Ана» деген сөз асқақтаған ұғым. Жаңа экологиялық мәдениет осыны мойындауы тиіс.Табиғатқа деген ілтипат бұл адамға көрсетілген құрмет. Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың жаңа жолына түскенде экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы зор болса, экологияландырылған білімді ұрпақ қажет.




слайд

Бекітілді ___________
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет