Сабақтың тақырыбы: ет кабинетіндегі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасының ережелері



бет3/7
Дата02.07.2016
өлшемі0.53 Mb.
#173022
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Операциялық жүйелер топтамасы

Дербес компьютер үшін операциялық жүйелердің бірнеше әр түрлі жұптары даярланған: Microsoft MS DOS фирмасының операциялық жүйесі Windows (95,98,ME,NT,2000, XP, Vista ), Linex Apple фирмасының дербес компьютерлерінде MAC OS операциялық жүйесінің әр түрлі версиясы қолданылады. Серверде көбіне Windows NT/XP және UNIX операциялық жүйелері пайдаланылады.

Операциялық жүйе топтамасының маңызды белгілерінің бірі ЭЕМ ресурстарын басқару ерекшелігі болып табылады. Бұл бәрінен бұрын көпмақсаттылықты қолдау. Бір мезгілде орындалатын процестердің санына байланысты операциялық жүйелер екі топқа бөлінеді:


    1. біртапсырмалы

    2. көптапсырмалы

Біртапсырмалы операциялық жүйелердің пайдаланушыға бір программаны жүктеуге мүмкіндік береді.

Көптапсырмалы операциялық жүйелер пайдаланушыға бір мезгілде бірнеше программаны жүктеуге мүмкіндік береді.

Топтаманың келесі белгісіне көпқолданушы режимді қолдау жатады. Оның екі түрі белгілі.


  1. Бірпайдаланушы

  2. көппайдаланушы

Бірпайдаланушы операциялық жүйелер компьютерде бір ғана пайдаланушыға жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

Көппайдаланушы операциялық жүйе қуатты компьютердің көмегімен бір мезгілде бірнеше пайдаланушының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар операциялық жүйелердің командалық және / немесе графикалық интерфейсі бар.

Графикалық интерфейсті операциялық жүйелерде командаларды пайдаланушы тышқанның көмегімен енгізе алады, ал командалық жол режімінде командаларды клавиатураның көмегімен енгізеді.

Біз қазіргі кезде кең тараған Windows операциялық жүйесімен танысуды жалғастырамыз. Windows сөзі ағылшын тілінен аударғанда «терезелер» деген ұғым береді.

Windows –графикалық (терезелі) операциялық жүйе. Экранда график түрінде ОЖ-ні басқару элементтері бейнеленген және пайдаланушы оның қосымшаларындағы қажетті элементті тышқанның көмегімен таңдай алады.


IV. Сабақты бекіту.

  1. Қандай операциялық жүйелерді білесіз?

  2. Көптапсырмалы операциялық жүйелердің біртапсырмалы операциялық жүйелерден айырмашылығы қандай?

  3. Көппайдаланушы операциялық жүйелердің бірпайдаланушы операциялық жүйеден негізгі айырмашылығы неде?


Үйге тапсырма: Операциялық жүйелер топтамасы
Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау,

бағалау.


САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

_______________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________200 ж
Пән аты: Информатика

Класы: 8«А», 8«Б», 8 «В»

Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйелерді баптау

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың операциялық жүйе және оның түрлерін типті операциялық жүйе туралы және оның баптауды, файлдар мен қапшықтарды іздеу туралы білімдерін қалыптастыру.

Тәрбиелігі: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.

Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.

Сабақтың барысы:

а) ұйымдастыру кезеңі

б) сабақ сұрау

в) бағалау

г) жаңа сабақ

д) бекіту

е) үйге тапсырма

ж) қорытынды

Қоңырау соғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Операциялық жүйелерді баптау

Windows операциялық жүйелерінің сипаттамаларын кез келген компьютерде өзгертуге болады. Пайдаланушының көрсетуімен сипаттамаларды өзгерту операциялық жүйелерді баптау деп аталады.

Шартты түрде баптауды үш топқа бөлуге болады:


  1. Буманың терезесінің параметрлерін баптау;

  2. негізгі менюді баптау;

  3. басқару тақтасының көмегімен жүйені жалпы баптау.

Бума терезесінің параметрлерін баптауды Түрі-Параметрлер ... командасы бойынша орындауға болады. Осыдан кейін экранда екі немесе үш қосымша беттен тұратын диалогтік терезе ашылады.

Бума (Папка) қосымша бетінен сіз бір бумадан екінші бумаға өту үшін экранда буманы «алмастыру» режимін таңдаудың батырмалар жұбын көресіз.

Қарап шығу (Просмотр) қосымша бетінде көрінбейтін файлдарды бейнелеуге тыйым салуға болады және ол бума терезесі басында файлдың (буманың) толық адресін бейгнелейтін жалаушларды қосады және өшіреді.

Келесі Параметрлер қосымша беті файлдардың жаңа типтерін (жаңа кеңейтулер) қосуға мүмкіндік береді.

Негізгі менюді және Тапсырмалар тақтасын баптауды Негізгі меню (Баптау – Тапсырмалар тақтасы) немесе Тапсырмалар тақтасы (Панель задач) контекстік менюінің Қасиеттер командаларының көмегімен орындайды. Екі команда да екі қосымша беттен тұрады, солардың көмегімен қажетті параметрлерді өзгертуге болатын бір ғана диалогтік терезені шақырады.

Жалпы (Общие) қосымша беті келесі режімдерді қосатын 5 жалаушадан тұрады:



  1. Барлық терезелердің үстінен орналастыру (Расположить поверх всех окон)- тапсырмалар тақтасы қосымшалардың барлық терезелерінің үстінде орналасады;

  2. Экраннан автоматты түрде өшіру (Автоматически убирать с экрана ) – тапсырмалар тақтасы оның орнына тышқанды көшіргеннен кейін ғана пайда болады;

  3. Негізгі менюдегі ұсақ белгілер (мелкие значки в главном меню) – негізгі меню ұсақ белгіленіп, олар өте аз орын алады;

  4. Сағатты бейнелеу (Отображать часы) – Тапсырмалар тақтасына сағат индикаторы орнатылады;

  5. Қысқартылған менюді пайдалану (Использовать сокращенные меню) – менюді ашқанда соңғы пайдаланған командалар пайда болады.

Қосымша (Дополнительно) қосымша бетінің көмегімен қосуға, өшіруге, апаруға және негізгі меню пунктеріне жаңа ат қоюға болады.

Жүйені жалпы баптау Басқару тақтасы арнайы бумасының көмегімен орындалады.

Басқару тақтасы бумасының терезсінде сіз мына жазулар мен көптеген белгілерді көресіз. Экран, Шрифтер, Күні мен уақыт, Клавиатура, Тышқан (Экран, Шрифты, Дата и время, Клавиатура, Мышь) және т.б.

IV. Сабақты бекіту.


  1. Басқару тақтасы бумасының міндеті мен атқаратын қызметін айтыңыз.

  2. Windows жұмыс үстелінің фондық суретін қалай орнатуға болады?


Үйге тапсырма: Операциялық жүйелер топтамасы
Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау,

бағалау.


САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

_______________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________200 ж
Пән аты: Информатика

Класы: 8«А», 8«Б», 8 «В»

Сабақтың тақырыбы: Файлдар мен бумаларды іздеу

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға файлдар мен қапшықтарды іздеу туралы білімдерін қалыптастыру.

Тәрбиелігі: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.

Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.

Сабақтың барысы:

а) ұйымдастыру кезеңі

б) сабақ сұрау

в) бағалау

г) жаңа сабақ

д) бекіту

е) үйге тапсырма

ж) қорытынды

Қоңырау соғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Файлдар мен бумалар

Мынадай жағдайды елестетіңіз, сіз жақсы көретін кітабыңызды жоғалтып, оны еш жерден таба алмадыңыз. Бірақ сіз оны ата-анаңыздан сұрауыңызға болады, мүмкін анаңыз оны басқа жерге қойған шығар. Сол сияқты компьютерде де қандай да бір файлды жоғалтып алуға болады, бірақ компьютер оны қайда қойғанын айта алмайды. Бұл жағдайда көмекке Іздеу (Пойск) немесе Табу (Найти) командалары келеді.

Іздеу командасы компьютерде кез келген файлды тез тауып бере алады. Ол үшін обьектіні, оның атын, құрылу датасын, өлшемін білу керек.

Команданы шақыру үшін мына әрекеттерді орындау қажет.



  1. Жіберу батырмасына шертіңіз

  2. Табу пунктін таңдаңыз

  3. Файлдар және бумалар пунктін таңдаңыз

  4. Файлдар және бумалар атын іздеу өрісінде файл атын немесе файл атының фрагментін енгізіңіз

  5. Мәтінді іздеу өрісіне мәтін фрагментін енгізуге болады;

  6. Қайдан іздеу өрісінен іздеу жүргізілетін диск немесе басқа обьекті таңдауға болады.

  7. Табу батырмасына шертіңіз.


IV. Сабақты бекіту.

  1. Іздеу командасы не үшін қолданылады?

  2. Қандай белгілер бойынша Іздеу командасы арқылы обьектіні табуға болады?


Үйге тапсырма: Файлдар мен бумалар

Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау,

бағалау.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»



_______________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________20 ж
Пән аты: Информатика

Класы: 8 «А», 8 «Б», 8 «В»

Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік вирустардан қорғау

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Компьютерлік ақпартты қорғау, ДК-ді қорғау ерекшеліктері. Компьютерлік вирус, Антивирустық құралдар туралы білімдерін қалыптастыру.

Тәрбиелігі: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру

Сабақтың түрі: практикум элементтерінің көмегімен десонстрациялау, баяндау арқылы

түсіндіру.



Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, интерактивті тақта, электронды оқулық .

Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымадстыру кезеңі

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Компьютерлік вирустардан қорғау

Қазіргі уақытта компьютерге кез келген операциялық жүйеден жұғатын және желілер арқылы таралатын көптеген вирустар белгілі. Компьютерлік программаларға қатысты «вирус» атауы өздігінен көбею қабілетіне ие белгілері бойынша биология пәнінен белгілі.



Компьютерлік вирус - өздігінен көбеюге қабілетті арнайы программалар, ол компьютер жадысында сақталатын программалар мен файлдарды құртуы, жоюы және компьютерді істен шығаруы мүмкін.

Мекендеу ортасына қарай вирустарды былай бөлуге болады:





Файлдық

Жүктейтін (загрузочный)

Макровирустар

Бұл қолданбалы программалардың ішіне енгізіліген программалық кодалық блоктар. Вирустық кода программа жүктелгенде жіберіледі

Негізгі жүктейтін жазбаға немесе жүктейтін секторға вирус жұқтырады. Операциялық жүйе жүктелгенде жұқпалы тасушыдан вирус жұғады.

Word құжаттары және Excel электрондық кестесі құжаттарына вирус жұқтырады. Жұғу құжат файлын ашқанда орындалады.

Компьютерді және файлды сақтау үшін пайдаланушы компьютерлік вирустардан қорғанудың негізгі әдістерін білу қажет.

Вирустардан қорғану үшін компьютерге орнатып және оны оқтын-оқтын жаңалауды қажет ететін вирусқа қарсы арнайы программалар

Файлдық
IV. Сабақты бекіту.



1. Антивирустық программа дегеніміз не? Ол неге қарсы арналған? (не үшін керек?)

2. Антивирустық программалардың негізгі типтерін атаңдар.

3. Ақпаратты компьютерлік вирустардың қорғау шараларын атап шығыңдар.

4. Ақпаратты сығу дегеніміз не?

5. Файлдарда архивтеу не үшін қолданылады?

6. Архивтік файл дегеніміз не?

7. Қандай архивтер көп томды деп аталады?

8. Архивтен алу дегеніміз не?



V. Үйге тапсырма беру: Компьютерлік вирустардан қорғау
VI. Оқушыларды бағалау.

САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

_______________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________200 ж
Пән аты: Информатика

Класы: 8«А», 8«Б», 8 «В»

Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың алған білімдерін бақылау

Тәрбиелігі: Жауапкершілікке баулу, дәлдікке үйрету.

Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп,

пәнге деген қызығушылығын арттыру.



Сабақтың түрі: бақылау.

Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.

Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

2-бөлім. Компьютердің арифметикалық негіздері, 1-бөлім. Ақпарат және информатика.

3-бөлім. Компьютердің логикалық негіздері бойынша тесттік жұмыс.

1. «Ақпарат» латынның .... деген ұғымдарды білдіреді.

А) информатика

Ә) аналық тақша, жүйелік блок

Б) түсіндіру, баяндау, мәлімет

В) мақсат, міндет

2. Қазіргі кезде ақпарат түсінігін айқындаудың кең тараған қанша теориясы бар?

А) 5


Ә) 3

Б) 4


В) 2

3. Кибернетиканың атасы Ноберт Винер ақпаратқа мынандай анықтама берді.

А) Ақпарат, бұл-сыртқы дүниеден біздің оған бейімделуіміздің, сезімдеріміздің бейімделуінің процесінде алынған мазмұнды көрсету.

Ә) Ақпарат, бұл – айналадағы дүние туралы анықталмағанды анықтайтын мәліметтер

Б) Ақпарат, бұл –сигнал, хабарлама арқылы берілген білім.



4. Ақпарат ұсыну қандай негізгі тәсілдермен туындайды?

А) техникалық, математикалық, бейнелік

Ә) аналық тақша, жүйелік блок

Б) символдық, мәтіндік, графикалық

В) мақсат, міндет.

5. Информатикаға анықтама бер?

А) информатика – ақпарат алу, жіберу, өңдеу, сақтау ұсыну процестерін зерттейтін ғылым

Ә) информатика – ол адамның өз іс-әрекетінде ақпарат жиымдарын пайдалануы

Б) информатика –мақсат, міндет

В) информатика – ақпарат алу, жіберу, өңдеу, сақтау, ұсыну процестерін зерттейтін математикалық ғылым.

6. Санау жүйесі деп нені айтады?

А) Сандарды атау және жазу ережелері мен оқылуы

Ә) сандарды атау және жазу ережелері мен әдістерінің жиынтығын зерттейтін ғылым.

В) сандарды атау және жазу ережелері мен әдістерінің жиынтығы



7. Позициялық санау жүйесінің позициялық емес санау жүйесінен айырмашылығы неде?

А) санның әрбір цифрының мәні оның алатын орнында

Б) санның әрбір цифрының алатын орнында

В) санның цифрының жазылуында



8. Позициялық санау жүйесінің негізі деп нені айтады?

А) онда қолданылатын цифрлар атын

Ә) онда қолданылатын цифрлар санын

Б) онда қолданылатын цифрлардың орнын



9. Санды екілік жүйеден ондық санау жүйесіне қалай ауыстырады?

А) екілік санды коэффициент цифрлармен екінің дәрежелерінің көбейтінділерінің көбейтіндісі түрінде жазып, осы қосындыны табу керек.

Ә) екілік санды коэффициент цифрлармен екінің дәрежелерінің көбейтінділерінің айырымы түрінде жазып, осы қосындыны табу керек.

Б) екілік санды коэффициент цифрлармен екінің дәрежелерінің көбейтінділерінің бөлінді түрінде жазып, осы қосындыны табу керек.

В) екілік санды коэффициент цифрлармен екінің дәрежелерінің көбейтінділерінің қосындысы түрінде жазып, осы қосындыны табу керек.

10. Оналтылық санау жүйесінде санды жазу үшін қандай цифрлар қолданылады?

А) 1,2,3,4,5,6,7,8,9, A,B,C,D,E,F

Ә) 0,2,3,4,5,6,7,8,9, A,B,C,D,E,F

Б) 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9, A,B,C,D,E,F

В) 0,1,2,3,4,5,6,7,9, A,B,C,D,E,F

11. Бүтін ондық сандарды екілік санау жүйесіне ауыстыру үшін қандай ереже қолданамыз?

А) санды бөлінді сол саның қалдығына болғанша бөле беру ережесі

Ә) санды бөлінді 1 болғанша бөле беру ережесі

В) санды бөлінді екіден кіші болғанша екіге бөле беру ережесі



12. Пікір дегеніміз не?

А) жалған немесе ақиқат болуы мүмкін қандай да бір пайымдау

Ә) жалған немесе ақиқат болуы мүмкін қандай да бір жоба

Б) жалған немесе ақиқат болуы мүмкін қандай да бір мақал

В) жалған немесе ақиқат болуы мүмкін қандай да бір ғылым

13. Қандай пікірлер жалпы деп аталады?

А) обьектілер немесе құбылыстар тобының қасиеттерін көрсететін пікірлер

Б) обьектілер немесе құбылыстар тобының қасиеттерін сипаттайтын пікірлер

В) обьектілер немесе құбылыстар тобының қасиеттерін зерттейтін пікірлер



14. Логикалық көбейту деп нені айтады?

А) Және жалғаулығының көмегімен қарапайым екі айтылымның бір құрамдасқа бірікпеуі логикалық көбейту коньюнкция деп аталады;

Ә) Және жалғаулығының көмегімен қарапайым екі айтылымның бір құрамдасқа бірігуі логикалық көбейту коньюнкция деп аталады.

Б) немесе жалғаулығының көмегімен қарапайым екі айтылымның бір құрамдасқа бірігуі логикалық көбейту дизьюнкция деп аталады;



15. Дизьюнкция дегеніміз не?

А) немесе жалғаулығының көмегімен қарапайым екі айтылымның бір құрамдасқа бірікпеуі логикалық көбейту изьюнкция деп аталады.

Ә) Және жалғаулығының көмегімен қарапайым екі айтылымның бір құрамдасқа бірігуі логикалық көбейту дизьюнкция деп аталады;

Б) Немесе жалғаулығының көмегімен қарапайым екі айтылымның бір құрамдасқа бірігуі логикалық қосу дизьюнкция деп аталады.



16. Логикалық терістеу деп нені айтады?

А) Қарапайым А айтылымына емес шылауын қосу логикалық терістеу деп аталады.

Ә) Қарапайым А айтылымына басқа сөзін қосу логикалық терістеу деп аталады.

Б) Қарапайым А айтылымына жоқ сөзін қосу логикалық терістеу деп аталады.


Кілті

Сұрақтың номерлері

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

жауаптары


Б

Ә

А

Б

А

В

А

Ә

В

Б

В

А

Б

Ә

Б

А


Сабақты бекіту
Үйге тапсырма: Оқулық : 1-3 бөлімдерді қайталау.
Сабақты қорытындылау: Оқушыларды бағалау.

САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

_______________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________200 ж
Пән аты: Информатика

Класы: 8«А», 8«Б», 8 «В»

Сабақтың тақырыбы: 7-бөлім.Мәтіндік, дыбыстық және графикалық ақпараттардың ұсынылуы. 7.1 тақырып.мәтіндік және дыбыстық ақпараттар туралы түсінік. Графикалық обьектілермен орындалатын операциялар.Түс және палитра компьютерлік графиканың қолданылу салалары.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік-Оқушылардың МӘТІНДІК,ДЫБЫСТЫҚ ЖӘНЕ ГРАФИКАЛЫҚ АҚПАРАТТАРДЫҢ ҰСЫНЫЛУЫ.МӘТІНДІК және ГРАФИКАЛЫҚАҚПАРАТТАРДЫҢ ҰСЫНЫЛУЫ ГРАФИКАЛЫҚ АҚПАРАТ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК,графикалық обьектілермен орындалатын оперециялар,түс және палитра комрьютерлік графиканың қолданылу салалары туралы білімдерін қалыптастыру;

2.Тәрбиелік-Жан-жақты болуға,өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық-Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі:Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау,баяндау арқылы түсіндіру.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:компьютер.оқулық,практикум,тақта.

Сабақтың өту барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

(Практикум жұмыстарын талқылау)

Өткен сабақтар бойыншақайталау сұрақтары:

1.Антивирустық программа дегенімңз не?Ол неге қарсы арналған?(не үшін керек?)

2.Антивирустық программалардың негізгі типтерін атаңдар?

3.Ақпаратты компьютерлік вирустардан қорғау шараларын атап шығарыңдар?

4.Ақпаратты сығу дегеніміз не?

5.Файлдарда архивтеу не үшін қолданылады?

6.Архивтік файл дегеніміз не?

7.Қандай архивтер көп томды деп аталады?

8.Архивтен алу дегеніміз не?

ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Мәтіндік дыбыстық және графикалық ақпараттардың ұсынылуы.

Мәтіндік режимде,әдетте экран әрбірінде 80 символы бар 25 жолға бөлінеді.Экранның әрбір позициясыеа арнайы құрылғы белгі генераторымен программаланған 256 символдың бірі енгізілуі мүмкін.Мәтіндік режимде құрастырылған қарапайым суреттерді және мәліиеттерді шығаруға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет