Сабақтың тақырыбы: Етістік



бет4/5
Дата22.02.2016
өлшемі1.23 Mb.
#95
түріСабақ
1   2   3   4   5

ІҮ. Оқулықпен жұмыс:

331 жаттығу: Демеуліктерді тауып, қай сөзбен бірге жұмсалғанын және оған қандай мән үстеп тұрғанын көрсетіңдер.
-ғой – кездесе береді ғой - нақтылау мәнді;

-ді - сөз еткен-ді - нақтылау мәнді;

-бе, -ба- сөйлегендіктен бе,

қырсығып қалдым ба - сұраулық:

-ау - басталыпты-ау - болжалдық;

-ше,ма - сенің бригадаңда ше

болмай ма - сұраулық;
-ақ - тез-ақ жетем деген - күшейткіш;

-да - орнына да келді - күшейткіш.


Ү.Біліміңді тексер:

(оқушыларға семантикалық карта немесе тақтаға сызба сызылады)
Семантикалық картаны толтырыңыздар:



Мысалдар

Септеулік

А

Жалғааулық

Ә

Демеулік

Б



Мен, бен, пен




+






Бірақ




+






Және, әрі




+






Үшін, тәрізді

+









Ба, бе







+



Дегенмен, әйткенмен




+






-ды, -ді,-ты, -ті







+



Түгіл, тұрмақ, тұрсын







+



-ақ, -ау







+



Сайын, сықылды

+









Біресе, бірде, кейде




+






әйтпесе, я болмаса




+






Ғана, қана







+



Немесе, я




+






әлде, я болмаса




+






Алда-жалда, егер де




+






Мейлі, құр




+






Туралы, сынды

+









Сөйтсе де, сонда да




+






Шамалы, шақты

+









Кейін, соң, бұрын, бері, әрі, гөрі

+









Дейін, шейін, қарай, таман, жуық

+









Байланысты, қатысты

+









Па, пе







+



Сондықтан

+









-мыс, -міс







+



Сияқты, тәрізді

+









Ғой, қой







+



Қатар, қабат

+









Себебі, сол үшін




+





ҮІ. Үйге:

Шылаулар туралы толық оқу, ережелерді қайталау.

332-жаттығу: демеуліктерді тауып, оларды мағынасына қарай талдаңдар.


Сабақ №17

Тақырыбы: Шылаулардың емлесі

Мақсаты:


  1. Шылаулар туралы білімдерін толықтыру, шылаулардың емлесі туралы жалпы түсінік беру.

  2. Шылаулар туралы алған білімдерін тиянақты талдай білуге бейімдеу, дағдыландыру, білім деңгейлерін көрсету.

  3. Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелілікке, өз беттерімен жұмыс істей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Әдісі: ойларын жүйелі жеткізу, сұрақ-жауап арқылы талдау, қайталау, тексеру, сергіту.
Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Кезекшінің мәліметін тыңдау, оқушыларды тәртіпке шақырып сабақтың мақсатымен таныстыру.


ІІ. Өткен тақырыптарға көз жүгірту, үй тапсырмасын тексеру:

  • Шылау дегеніміз не? Түрлері.

  • Шылаулардың сөз таптарынан айырмашылықтары.

  • Септеулік шылауларды ата, мысал келтір.

  • Жалғаулық шылаулар, мағыналық қатынастары.

  • Демеулік шылауларды ата, мысал келтір.

332-жаттығуды тексеру.
ІІІ Жаңа сабақ: Шылаулардың емлесі

  • Шылаулардың көпшілігі өздері қатысты сөзден бөлек жазылады;

  • Кейбірі дефис арқылы жазылады.

Мысалдар тақтаға жазылып, әрбір шылаулардың емелесі туралы айтылады.




Шылаулар

Емлесі

мысалдар

Және, мен /бен, пен/

Бұл шылаулар бірыңғай мүшелер мен ыңғайлас мәнді сөйлемдерді байланыстырып, қайталанбай қолданылады. Сондықтан байланыстырған сөздер мен сөйлемдердің арасына үтір қойылмайды.

Алыс пен жақынды жортқан білер. Әке мен шешенің еңбегін ұмытпа. Омар, Оспан және Ахмет-үшеуі сабақ оқып отыр.

Да (де, та, те)

Бұл шылаулар өзі қатысты сөздің соңғы дыбысына қарай үндестік заңы бойынша бірде да, бірде де, бірде та, бірде те болып өзгереді.

Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан

Де – демеулік,сен деген сөзге қатысты, күшейткіш мағына үстеп тұр, ал та –жалғаулық, ол тап, бар, қалан деген бірыңғай баяндауыштарды ыңғайластыра байланыстырып тұр.

Ма (ме, ба, бе, па, пе)

Сөйлемге сұрау мәнін үстеп, сұраулы сөйлеп жасайды. Олар өзі тіркескен сөзден бөлек жазылады.

Бұрын мұндай самғарлық күйіміз болды ма? /бұл шылаулар болымсыз етістіктің жұрнағымен ұқсас келеді/

-ақ, -ай, -ау, -мыс,-міс, -ды, ді

Өзі шылауында жұмсалған, яғни өзінен бұрын тұрған сөзбен дефис арқылы жазылады.

Өзің-ақ бар! Күннің суығын-ай! Орнын жаңа тауыпты-ау! Келісе келді-ау деймін. «Үйлесер едік» деп айтады-мыс. Осындай көп хабарға қанып келген-ді.



ІҮ. Оқулықпен жұмыс жасау.

337-жаттығу: Және, мен /бен, пен/ жалғаулықтарының қолданылу, сөздерді, сөйлемдерді байланыстыру ерекшеліктеріне бірнеше сөйлем ойлап жазып, талдаңдар.


Қыста және көктемде күн суық болады. Асан мен Үсен ауылдан адасып қалды. Алыс пен жақынды жортқан білер. Саят пен Алмас сабақтың соңынан үйге бірге қайтады.
339-жаттығу: Да, де, та, те шылауының әрі жалғаулық, әрі демеулік мәнінде жұмсалуына және жатыс септік тұлғасымен келуіне үш-үштен сөйлем ойлап жазыңдар. Талдап көрсетіңдер.
Анам мен әкем қонаққа кетті де, үйде өзім ғана қалдым.

Сыныпта оқыған әңгіме туралы қарындасыма айтып бердім.

Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан.
Ү.Сызбаны толтыру арқылы сабақты бекіту:


ҮІ.Үйге: Шылаулары бар білім, өнер туралы 5 мақал-мәтелдер теріп жазу, мағыналық, қызметтік ерекшеліктеріне талдау жасау.
Бағалау.

Сабақ №18
Сабақтың тақырыбы: Диктант

Мақсаты:

1.Жазба жұмысының мазмұнын меңгерту, абзацтарды анықтау.

2.Оқушының есте сақтауын, ұқыптылығын, сауатты жазуға дағдыландыру.

3.Сауатты, көркем әрі таза жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі жазу сабағы

Әдісі: Мәнерлеп оқу, түсіндіру.

Көрнекілік: Диктанттар жинағы, түсініксіз сөздерді тақтаға жазу.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру:

-Сәлемдесу;

-Кезекшінің міндеті, сабаққа келмеген оқушыларды белгілеу,

-диктант дәптерлері таратылып беріледі.


ІІ. Диктант мәтінін мәнерлеп оқу.

Мәтін:


Тапсырма: шылаулардың астын сызып, түрлеріне қарай ажыратып жаз.

Өзің таңдаған бір сөзге фонетикалық талдау жаса.


ІІІ.Диктант екі рет оқылады, түсініксіз сөздер тақтаға жазылады.
ІҮ. Сабақты бекіту: Оқушылар өздері диктант мәтінін тексеріп шығады, дәптерлері жиналып алынады.
Ү.Үйге тапсырма: Көмекші есімдер мен етістіктер, шылаулар туралы толық қайталау.
ҮІ.Бағалау. Диктант тексерілген соң, келесі сабақта оқушыларға бағасы айтылады.

Сабақ №19

Тақырыбы: Тіл мәдениеті туралы түсінік
Мақсаты:

1. тіл мәдениетіне ғылыми тұрғыдан жан-жақты түсінік беріп, ол туралы оқушы ұғымын кеңейту, сөз мәдениеті туралы түсінікті кеңейтіп, оның ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету; тілдің қызметі туралы түсініктерге де тоқталу.

2. оқушылардың ғылыми ойлауын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін, оқуға деген саналы түрдегі ықыласын, қоғаммен байланысын дамыту;

3. тіл білімінің мәнін, сөз әсерлілігін, тіл байлығын түсінуге, болашақта кәсіби бағдар алуға тәрбиелеу.



Күтілетін нәтиже:

  1. Сөздік қоры молайған, тіл мәдениеті, еркін сөйлеу дағдылары қалыптасқан, оқушы қызығушылығы оянады.

  2. Тіл білімін меңгеріп, тәжірибеде дұрыс қолдануды үйренеді.Ой-өрісі жан-жақты дамиды.


Сабақтың түрі: ойын сабағы.

Әдісі: түсіндіру, сөзді дұрыс қолдану, әңгімелесу, сұрақ-жауап.


Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

-сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын даярлау, сабаққа назарларын аудару.


ІІ. «Ойлан тап!» мына сұрақтарға тиісті тұрақты сөз тіркестерімен жауап беріңдер:

  • Адамның төбесі аспанға жете ме?

  • Сөйлегенде сөз ауыздан түсіп қала ма?

  • Бір қазанға сыймайтын қандай бастар?

  • Екі аяқ бір етікке сия ма?

Тұрақты тіркестердің мәнін ашыңдар:



Маңдай тер -адал еңбек

Тепсе темір үзеді -күштілік

Қолы алтын -шебер
ІІІ. Тіл мәдениеті туралы қысқаша түсініктер беру:

  • Тілдің екі түрдегі қызметі туралы;

  • Сөйлеу тілі мен жазба тілінің айырмашылықтары.

  • Әркімнің сөз қолдану ерекшеліктері;

  • Оқушылардың қазіргі таңдағы күнделікті ауызекі сөйлеу тілдеріне тоқталу.


ІҮ. Ойындар: Кім тапқыр?

Торкөздерді толтыр:



Т

А

Я

Қ

Тыңдамасаң күнде жейтін затың не?

А

Т

А

У

Ешқандай қосымшасы жоқ септік.

П

Е

Р

І

Жын-... сыңарын тап.

Қ

А

З

Ы

Жылқының етінен жасалады?

Ы

Д

Ы

С

... – аяқ сыңарын тап

Ш

Ы

Н

Ы

Әйнек сөзінің синонимін ата.

Т

А

Р

Ы

Тауықтың түсіне не кіреді?

А

Р

А

Й

Алтын ... газеттің атауы қалай?

Р

А

Й

Ы

Ауа ... тіркесінің сыңарын тап.



Б

А

Т

А

Жас үлкен адам не береді?

А

Л

М

А

Жемістің аты.

Й










Үнді дауыссыз дыбысының бірі.

Қ

А

Р

Т

Қария сөзінің синонимі

А

Р

Ы

Қ

Ауыл ішіндегі кішкене өзендер.

У










Бірде дауысты, бірде дауыссыз дыбыс.

Ы

Р

Ы

С

Береке сөзінің синонимі.

Ерекше торкөзден Тапқыштар байқауы деген сөз шығуы тиіс.


Ү. Жұмбақтар шешу.

Ж-дан басталса жыл мезгілі,

Қ-дан басталса, онда ол құс белгілі.

Ол қай сөздер?



Жауабы: жаз, қаз.
А дыбысымен айтылса, негізгі мүше,

А гер Е-ге алмасса,

Есептік сан есім, сұрауы – неше?

Бұл қай сөз?



Шешуі: карта, парта.
Басы ашық, аяғы қысаң,

Екі-ақ дыбыс, есеп қылсаң,

Саған да ол керек болар,

Өзен-көлге жақын тұрсаң.



Шешуі: ау
Фонетикалық екі ұғым бірі мен бірі сыбайлас,

Бірі айтылады да естіледі,

Екіншісі жазылады да көрінеді.

Шешуі:әріп пен дыбыс
ҮІ Берілген мақаладағы жасырын сөзді тауып, мақалды жалғастыру.


  1. Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас жарады).

  2. Бал тамған тілден ... (у тамған).

  3. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты ... (сөз бұзар).

  4. Жақсы сөз - ... (жарым ырыс)

  5. Қаһарлы сөз ... (қамал бұзар)

  6. Шебердің қолы ортақ, шешеннің ... (тілі ортақ).

  7. Жақсы байқап сөйлер, жаман ... (шайқап сөйлер).

  8. Бас кеспек болса да, ... (тіл кеспек жоқ).

  9. Дәлелсіз сөз ... (желмен тең).


ҮІІ. Үйге: 6 сыныпта өткен барлық тақырыптарды жүйелі түрде қайталау.

Бағалау.


Сабақ №20

Тақырыбы: Сөздің жасалу тәсілдері, тіл мәдениетімен байланыстылығы

Мақсаты:


1.Оқушыларға сөздің жасалу тәсілдері туралы қысқаша тоқталу. Сөзжасамның тіл мәдениетімен байланыстылығы.

2.Оқушылардың ана тіліне , әдебиетіне деген қызығушылығын ояту, арттыру.Ой –өрісінің жетілуі, шығармашылық қабілетінің артуы.

3. Тек қана жақсы қасиеттерді үлгі ету арқылы еліміздің жан-жақты мәдениетті болашағын тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: лекция сабақ

Әдісі: түсіндіру, баяндау, әңгімелесу


Сабақтың өту барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

-Оқушыларды түгендеу;

-Оқу құралдарын тексеру;

-Оқушыларды тәртіпке шақырып, сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылады.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
ІІІ Жаңа сабақ: Сөздің жасалу тәсілдері, тіл мәдениетімен байланыстылығы
Сөз түрлі бөлшектерден тұрады. Ол бөлшектердің өзіне тән мағынасы, белгілі бір қызметі болады.

Мысалы: /тақтаға жазылады/ жолдастыққа-деген сөз төрт бөлшектен тұрады:

жол-дас-тық-қа


  1. Жол -«салған із» немесе «сапар» дегенді білдіреді.

  2. Жол+дас- «серік» деген мағынаны білдіреді;

  3. Жолдас+тық –адамдар арасындағы қатынасты білдіреді.

  4. Жолдастық+қа - қа жалғауы сөзге жаңа мағына үстеп тұрған жоқ, басқа сөзбен байланысу қызметін атқарып тұр.


Сөздер тұлғасына қарай


Күрделі сөздер

кемінде екі түбірден жасалып, бір мағынаны білдіреді

Дара сөздер

жалғыз түбірден тұратын сөздер



Түбір сөз

Туынды сөз

Біріккен сөз

Қос сөз

Қысқарған сөз

Тіркескен сөз

сөздің бастапқы мағыналы бөлшегі


түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалады. үй+шік,өнер+паз, біл+ім

Екі н/е одан да көп сөз бірігіп, бір ұғымды білідіреді.

Сөздердің қайталанып н/е қосарланып айтылуынан жасалған сөздер.

Күрделі атаулардың қысқартылып жазылған түрлері

Екі н/е одан да көқп сөзждер тіркесіп бір ұғымды білдіретін күрделі сөздің түрі

Мысалы: үй, әке, бала

Мысалы: маңдай+ша,

Талды+қорған, қара+құрт, Екі+бас+тұз

Көре-көре, көзбе-көз

Үлкен+кіші. Ата-ана



ТМД-Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы, ҚарМУ-Қарағанды Мемлекеттік Университеті

Алматы қаласы, қара кер, ұзын бойлы, он бес, күні бойы, келіп отыр,тидеп айтты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет