Сабақтың тақырыбы: Етістік



жүктеу 1.04 Mb.
бет5/5
Дата22.02.2016
өлшемі1.04 Mb.
1   2   3   4   5

Сөз мәдениеті  — әдеби тілдің ауызша түрлеріне тән нормаларын игеру, тілдік амал-тәсілдерді айтылатын ойдың мақсатына сай орнымен қолдана білу, сөйлеуде мәдениеттілік, әдептілік таныту. 

Сөйлеуде диалектизмдерді, қарапайым, дөрекі сөздерді, варваризмдерді қолдану, орынсыз көп сөйлеу, бір пікірді қайталау беру, өзіне өзі сілтеме жасау, асқақтап сөйлеу, дене қимылдарын араластыра беру Сөз мәдениетіне жатпайды.

 Кірме сөздерді орынсыз жұмсай беру, сіреспе құрылымдарды қолдану Сөз мәдениетіне нұқсан келтіреді. 
Сөздердің байланысу тәсілдері


  1. Аналитикалық тәсіл – сөйлемдегі сөздердің қосымшасыз, орын тәртібі, интонация және шылаулар арқылы байланысуы.

Мысалы, Тамаша өмір, шаттық жыр, қала, дала, ой мен қыр (Жамбыл);

  1. Синтетикалық тәсіл – сөздердің қосымшалар арқылы байланысуы.

Мысалы, Жаздың көркі енеді жыл құсымен. Жайраңдасып жас күлер құрбысымен (Абай).

Оқулық бойынша 347 –жаттығуды орындау:

Мәтінді мәнерлеп оқыту, Ақыл-білімді ауыр, оқу-ғылымды терең, адам өмірін ыстық, тәкаппардың көңілін биік деудің мәнісін түсіндіріңдер.

348-жаттығу: Мәтінді түсініп оқыңдар.

Сырымға қойылған сұрақтарда «мұраты не?» деген сөздің мағынасын ашыңдар.

Үйге: Көркем әдебиеттен немесе «Ел аузынан» айдары бойынша шағын мәтіндер тауып әкеліп, мәтін құрамындағы кірме сөздерді, тұрақты тіркестерді, көнерген сөздердің мағыналарын ашып салыстыру.

Сабақ №22

Тақырыбы: Жұрт алдында сөйлеу мәдениеті

Мақсаты:

  1. Оқушыларға жұрт алдында сөйлей білуге дағдыландыру, сөйлеуге үйренудің жолдарын меңгерту.

  2. Оқушыларды жүйелі сөйлей білуге, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.

  3. Қазақ тіліне деген құрмет, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге және адамгершілік, ізгілік тәрбиелерін беру.

Сабақтың түрі: тақырыпты меңгерту.

Әдісі: Қолданылған әдіс-тәсілдер: “Негізгі идеяны суреттеу”, эссе жазу, әңгімелесу, сұрақ-жауап, мәтіндермен ауызша жұмыс т.б.



Көрнекіліктер: Жұрт алдында сөйлеу мәдениетін қалыптастыратын кеңестер жазылған плакат, ақ парақтар.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру:

Оқушылардың сабаққа қатысу туралы кезекшінің мәліметін тыңдау.

І. Қызығушылықты ояту

Жұрт алдында сөйлеу мәдениетін қалыптастыратын кеңестерге тоқталу.

Психологиялық жаттығу жұмысы. РЕЛАКСА ЦИЯ.
Релаксация

(Психологиялық жаттығу)

Балалар, әрқайсымыз өзімізге ыңғайлы, жайлы жер тауып отырайық. Басымызды сәл бұрып, қолымызды тіземізге, бар зейінімізді маған аударып, көзімізді жұмайық. Қол аяғымызға жайлы, жағымды энергия берілуде. Денемізден ток жүріп өткендей, аздап ысып келеді. Рахаттану сезімін басымыздан кешкендейміз. Осы қалпымызда 10 секунттай отырамыз. Мен кері санағанда ойымызды жинақтап, көзімізді ашуға даярланамыз. 10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1, 0. Енді бәріміз бастапқы қалпымызға келеміз. Көзімізді ашамыз.


Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру жолдарын оқушылармен бірлесе отырып айқындау.

1. Психологиялық дайындық.

2. Ақпараттар жинау.

3. Сөйлеу техникасына төселу.

4. Жазбаша мәтін құрастыру. Бірақ мүмкіндігінше қағазға қарамай сөйлеуге дағдылану.

5. Шешендік сөздер, мақал-мәтелдерді орынды қолдана білу.



ІІ. Мағынаны тану.

НЕГІЗГІ ИДЕЯНЫ СУРЕТТЕУ” СТРАТЕГИЯСЫ.



356-жаттығу:5-6 оқушыдан бірігіп, өздеріңді толғандыратын бір мәселе төңірегінде “Негізгі идеяны суреттеу” стратегиясы бойынша жұмыс жасайды.
Әр топ өзіне тақырып таңдайды.

  1. Сыйлы оқушы деген кім?

  2. Егер мұғалім болсам…

  3. Қай оқулық ұнайды?

  4. Мектеп өмірі қайтсе қызықты болар еді?

Жеке, көршісімен ой бөліседі, топқа салады.

Спикер шығып қорғайды. 1 ұсыныс, 1 пікір.


ТАПСЫРМА:

Топ мүшелерінің өз тақырыптарын қорғау кезінде қолданған 1 мақал-мәтел немесе қанатты сөзін тақтаға жаздырып, сөз таптарына талдау жасату.


Ойашар.

Түрлі түстер тесті

Авторы М.Лютер

Оқушыларға алдын ала дайындалған түрлі түстегі кеспе қағаздар таратылады. Әрбір оқушы өзіне ұнаған түсті таңдайды.

Қазіргі сәтте қандай көңіл – күйде отырғандарын анықтау.
Негізгі түстер:

Көк тыныштық, қанағаттанарлық.

Жасыл - өзіне сенімділік, табандылық.

Қызыл – күштілік, агрессия, қозу.

Сары – белсенділік, көңілділік, қарым-қатынасқа ұмытылу.
Көмекші түстер:

Қара, Қоңыр, Күлгін, Қызғылт қорқыныш, қорқынышты бастан өткізу, дабыл, негізінен адам бойындағы негативті (жағымсыз) жағдайларды көрсетеді.
ІІІ.Ой толғаныс.

354-жаттығу

Оқушылар, сендерге бір күнге ғана жетерлік уақыт ішінде бір сиқырлы күш бітсе, мәселені неден бастар едің?



Эссе жаздыру.

“Бүкіл әлем тек сенің иелігіңде болса…”



Қорытынды:

Сабақты қорытындылау.



Бағалау.

Бағалау парағы.

Топтағы оқушының аты

Бағалау критерийлері

356-ж спикер

356-ж тақтамен жұмыс

356-ж толықтыру

(ұсыныс, пікір)



356-ж топта өз ойын ортаға салу

354-ж

Қосымша

Қорытынды баға

1.Аяулым

*

5

5

5

5

*

5

2. Диас

-

4

3

3

4

-

3

3. Дамир

-

3

4

4

4

*

4

Үйге тапсырма:

200 бет. 355-жаттығу

1. Өздерің ұнататын өнер түрі туралы шағын шығарма жазыңдар.

2. Мәтіндегі сөздердің мағыналы, жүйелі, әсерлі болуына көңіл бөліңдер.

3. Биылғы өткен грамматикалық тақырыптардың пайдасы тиді ме? Өзіңе есеп бер.

Сабақ №23


Сабақтың тақырыбы: Диктант

Мақсаты:

1.Жазба жұмысының мазмұнын меңгерту, абзацтарды анықтау.

2.Оқушының есте сақтауын, ұқыптылығын, сауатты жазуға дағдыландыру.

3.Сауатты, көркем әрі таза жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі жазу сабағы

Әдісі: Мәнерлеп оқу, түсіндіру.

Көрнекілік: Диктанттар жинағы, түсініксіз сөздерді тақтаға жазу.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру:

-Сәлемдесу;

-Кезекшінің міндеті, сабаққа келмеген оқушыларды белгілеу,

-диктант дәптерлері таратылып беріледі.


ІІ. Диктант мәтінін мәнерлеп оқу.

Мәтін:


Өзің таңдаған бір сөзге фонетикалық, фонологиялық, морфологиялық талдаулар жаса.
ІІІ.Диктант екі рет оқылады, түсініксіз сөздер тақтаға жазылады.
ІҮ. Сабақты бекіту: Оқушылар өздері диктант мәтінін тексеріп шығады, дәптерлері жиналып алынады.
Ү.Үйге тапсырма:Қайталау.
ҮІ.Бағалау. Диктант тексерілген соң, келесі сабақта оқушыларға бағасы айтылады.

Сабақ №24

Тіл ұстарту

Мақсаты:



1.Мәтін бойынша берілген грамматикалық тапсырмаларды орындауы. Мәтінмен жұмыс кезінде өз бетімен жұмыс жасауы.

Қолданылған әдіс-тәсілдер: Ассоциаця құрастыру, мәтінмен жұмыс, бес жолды өлең құрастыру.

Көрнекіліктер: Мәтіндер, сауалнама, ақ плакаттар, түрлі-түсті маркерлер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

І. Қызығушылықты ояту.



Батыр деген сөзді естігенде естеріңе не түседі?










Бүгінгі сабақта Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ жауынгерлерінің ерлік істері туралы еске түсіріп, батыр ұл – қыздарымыз туралы әңгімелейтін боламыз. Олар: Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Талғат Бигелдинов.


ІІ. Мағынаны тану.

Мәтінмен жұмыс.
PS /мәтіндер жеке қағаздарда басылып топ мүшелеріне таратылады/

1 – топ

Бауыржан Момышұлы

Бауыржан Момышұлы екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, Халық Қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы.

1941 жылы екінші дүниежүзілік соғыс басталысымен, Бауыржан Момышұлы даңқты генерал-мойор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады. Батальон, полк командирі қызметтерін атқарады. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады.

Соғыс кезінде жеке басының қаһармандық ерлігімен, жаужүректігімен, батырлығымен және ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен ерекше көзге түседі. Бірнеше рет жау қоршауынан жауынгерлерін аман-сау алып шығады. Мәскеу түбіндегі шайқастағы ерлігі сол кездің өзінде Одақ көлеміне аңыз болып жайылады. Бауыржан Момышұлының батырлығы жөнінде белгілі орыс жазушысы Александр Бек “Волоколамское шоссе” (қазақшасы “Арпалыс”) хикаятын жазды. Бұл шығарма кейіннен бірнеше тілге аударылды.

Ол соғыс кезінде “Красная Звезда” газетінде былай деп жазды: “Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам – опасыз, оңбаған адам. Өз елінің бағасын білген пенде ғана басқа елді қадірлей алады. Өйткені халықтардың туыстығы алдымен адамдардың өз халқына сүйіспеншілігі арқылы ғана келеді. Мен өзге ұлттарды құрметтеуші, өз ұлтын сүюші адаммын.”

Бауыржан Момышұлы өз сарбаздарымен бірге “жаным - арымның садағасы”, халқым үшін қасықтай қаным пида деп жанып тұрған отқа талай түсті.

Соғыстан кейін Бауыржан атамыз әскери – педагогикалық жұмыспен айналысты. Демалысқа шыққаннан кейін біржола шығармашылық жұмыспен айналысты. Аты аңызға айналған батыр ұлын халқы ешқашан ұмытпайды.

2 – топ.

Қаһарлы күндерде

Ұшқалы он минуттай өтті. Төмендеуіме болады. Тұтқаны жайлап итердім. Жерге бес жүз метр… үш жүз метр, екі жүз метр қалған мезетте ұшақ жалт етіп бұлттар арасынан шыға келді. Тағы да төмен түстім. Қырық метр биіктікте ұшып генерал айтқан нысанаға тарттым.

Терең бір сай екен. Қыбыр еткен жан жоқ. Сайды өрлей бірнеше бомбаларды тастап-тастап жібердім. Гүрс-гүрс бірнеше рет жарылған дыбыс естілді де, тым-тырақай оңды-солды қаша жөнелген адамдар қарасы көрінді.

Қайтадан жоғары көтерілдім. Бұлт арасына еніп, бұрылып алдым да, енді колоннаға тап бердім. Екі танк пен бірнеше машиналар лапылдап жанып жатыр. Енді үйге қайтуға болады.

Төменде жапан дала, шошайған шөмелелер. Майдан шетінің қақ іргесінде жатқан мына шөмелелерді-ай! Астында талай пәлелер жатыр-ау жасырынып. Осылардың бірін атқылап көрейінші деп ұйғардым. Өздерінің тым-тырыс жатқан түрі жаман. Шүйіліп келдім де, зеңбіректен ұрғыладым. Мәссаған! Шөмеленің гүрс етіп жарылмасы бар ма? Екінші біреуін атып едім, жалп етіп шөп жерге түсті де, бірнеше адам айқайлап қаша жөнелді. Ендеше, жорамалым шынға айналды. Енді шөмелелердің үстінен қыдыра ұшып, үлкенді-кішілі бомбаларды тастай бердім. Шамасы, немістер шыдап жата алмаса керек, танктер шөптерін сыпырып тастай сала, беті ауған жаққа қарай шашыла жөңки қашты.

Ұшқыш Талғат Бигелдиновтің естелігінен.



3 – топ.

Шығыс жұлдызы

Әлия Молдағұлова бар атқыштар батальоны жау қоршауын бұзып, алға шықты. Шайқас барған сайын қыза түсті. Фашистер жанталасып үсті-үстіне зеңбірек оғын жаудырды. Көп кешікпей екі жақ бетпе-бет келіп қалды. Ұрыс қыза түсті, аямай атысты. Әлия сол қолынан жараланғанына қарамай, жаумен қасық қаны қалғанша, батырларша соғысты. Бір кезде окопқа тасаланып жатқан неміс офицері он тоғыз жасар талдырмаш, ер жүрек қыз Әлияға тап берді. Әлия оны басынан асырып лақтырып жіберді де, сұм жауды шалқасынан түсірді. Автоматын кезеп, ата жауды құртуға айналғанда, фашист Әлияны пистолетпен атып қалды.

Қапылыста қазаға ұшыраған Әлияны майдандас жолдастары “Шығыс жұлдызы” деп атады.

Ер жүрек, мерген қыз, Шығыс жұлдызы Әлия майданда болған аз уақыт ішінде жүзге тарта фашистерді жер жастандырды.

Әлияның ерлігі жоғары бағаланып, 1944 жылы 4 шілде күні оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың асқан ерлігі мәңгі ұмытылмайды.

“Әлия – батыр қызы сен халқымның,

Ерке құсы сен даламның.

Ә-ли-я!”- деген ән жолдары Тәуелсіз қазақ елінің аспанында мәңгі қалықтай береді.
Тапсырма:

А) Мәтінді оқы. Мәтіннің мазмұнына сүйеніп 1 негізгі, 1 қосымша сұрақ құрастыр.

Жұппен, топта, араларыңнан кім жауап беретінін анықтаңдар.

Ә) Грамматикалық тапсырма.

1 – топқа:

Мәтіннен синоним сөздерді тап.



2 – топқа:

Мәтіннен антоним сөздерді тап.



3 – топқа:

Мәтіннен омоним сөздерді тап.


Мәтінмен жұмыс.

Мәтіндерді ауыстыру.

Тапсырма:

А) Мәтінді оқып, 5 жолдық өлең құрастыр.

Ә) Грамматикалық тапсырма.

1 – топқа:

Батыр, батыл, ер жүрек сөздеріне фонологиялық, фонетикалық талдау жаса, сөйлем құрастыр.

2 – топқа:

Жаз сөзі омоним болатындай бірнеше сөйлем құрастырып жаз.

3 – топқа:

Мәтіндегі кез-келген 3 сөзді алып, синонимдік қатар жаса.


Мұғалімнің сөзі:

- Ұлы Отан соғысы 1418 күнге созылып, 27 миллион Отандастарымыз мерт болды. Орта есеппен алғанда күніне 1900 адамнан келеді.

Ендеше, соғысты қалай болдырмауға болады?

Бұл үшін:


  1. Әскерилер

  2. Саясаткерлер

  3. Экономистер не істей алады?

Әр топ өз әдіс – тәсілдерін ұсынады.

Өз іс-әрекеттерінің бағдарламасын ұсыну. (кесте, сызба, сурет т.б. түрінде)



- Топпен жұмыс жасап, өз бағдарламаларыңды кім таныстыратынын анықтаңдар.
Қорытындылау, бағалау.
Үйге тапсырма:

“Ер есімі, ел есінде” атты эссе жазыңдар.
1   2   3   4   5


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет