Сабақтың тақырыбы: ХХ ғасыр бас кезіндегі әдебиет



бет67/105
Дата24.01.2023
өлшемі0.6 Mb.
#468713
түріСабақ
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   105
Сабақтың тақырыбы ХХ ғасыр бас кезіндегі әдебиет Сабақтың мақс

ІІІ.Жаңа сабақ

Романның композициялық құрылысына талдау жасау.


Кіріспе түсінік

Романның негізі

Жалпы жанр ерекшелігі

Оқиға желісі

Оқиғаның даму сатысы

Оқиғаның шиеленісуі

Оқиғаның шарықтау шегі

Оқиғаның аяқталуы

2. «Роман кейіпкерлері» сөзжұмбағы.






Қ
















А














Н




















М
















Е
















Н




















Т
















Е










Р




1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

8.

9.
1. Баласын Кенжекей асырайтын романдағы кейіпкер
2. Өзі қатыспайтын,еске алу ретінде ғана көрінетін кейіпкер
3. «Сары бала»
4.Басты кейіпкер
5.Әлизаның күйеуі
6.Оқыған азамат
7.Құдайменденің халық қойған аты
8.Қиқар шал
9.Бөбектің сүйгені.

3. «Харизматикалық лидер» жаттығуы
Егер оқушы өзіне өз ортасын, айналасындағылардың көңілін аудара білсе, ол харизма немесе харизматикалық лидер деген көзқарасты білдіреді. Ол үшін оқушы жан-жақты білімді, өзіне сенімді болуы шарт. Еркі бойынша ортаға шыққан оқушы «мен харизматикалық лидермін, себебі...» деп ойын дәлелдейді. Мұнда ойының біліктілігіне, келтірген пікірлеріне аса көңіл бөлу керек.Қалған оқушылар сұрақ қойып, жауапты бағалап отырады.


4.Тест сұрақтарына жауап алу.
1. Сүйеу қарт кімнің әкесі?
а) Кенжекей ә) Ақбала б) Айғанша в) Балкүміс г) Бөбек
2.Әлібидің қызы кім?
а) Кенжекей ә) Ақбала б) Айғанша в) Балкүміс г) Бөбек
3. «Халық» қоймасын... бұйырса, болыстықты ақтылы ала қойым...» кімнің сөзі?
а) Тәңірберген ә) Жасағанберген б) Құдайменде в) Алдаберген г) Кәлен
4.балықшылардың соңынан іздеп қазаға ұшыраған кім?
а) Андрей ә) Мюлгаузен б) Селиванов в Курнос Иван г) Чернов
5. «Сен оларға күйеуге шығатыныңды айтпа! Жас бала мойнымды бұрғызбайды де» деп Ақбаланы азғыртушы кім?
а) Қара қатын ә) Судыр Ахмет б) Тәңірберген в) Балкүміс г) Бөбек
6. Ә.Нұрпейісов 196-64 жылдары қай жуналдың бас редакторы болды?
а) «Жалын» ә) «Мәдениет және тұрмыс» б) «Жұлдыз» в) «Қазақстан әйелдері» г) «Қазақстан мектебі»
7. Ә.Нұрпейісовтың «Соңғы парыз» романын аударған кім?
а) Анатоли Ким ә) Юрий Казаков б) Леонид Леонов в) Расул Гамзатов г) Ш.Айтыматов
8. Ә.Нұрпейісовтың туған жері.
а) Балқаш өңірі ә) Арал ауданы б) Жезқазған в) Қарағанды г) Ақтоғай ауданы
9. Ә.Нұрпейісовтың оқыған оқу орны.
а) Ленинград университеті
ә) Мәскеу университеті
б) М.Горький атындағы әдебиет институты
в) Қазақ мемлекеттік университеті
г) Абай атындағы институт.
10.Ә.Нұрпейісов қандай ордендермен марапатталды?
а) «Қызыл Жұлдыз»
ә) «Құрмет белгісі»
б) «Еңбек Қызыл Ту»
в) Дұрыс жауабы жоқ
г) Бәрі дұрыс

IV. Қорытынды.
V.Бағалау.
Күні: 2.02.16ж Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11


Сабақтың тақырыбы: Әзілхан Нұршайықов өмірі мен шығармашылығы

(1922 - 2011)

Сабақтың мақсаты:
а)жазушының өмірінен мәлімет бере отырып ерлікке, адамгершілікке баулу;
ә) логикалық ойлау қабілеттерін, өмірге деген көзқарастарын дамыту. Шығармашылық белсенділіктерін шыңдау, көркем мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
б) туған жердің табиғатын сүйе білетін, оған құрметпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.
Үйге берілген З.Шашкиннің шығармаларын, өмірбаянын сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
З.Шашкиннің «Доктор Дарханов» романының қысқаша мазмұнын сұраймын.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Ә.Нұршайықов Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданындағы Келінсүйегі деген жерде дүниеге келген. Ауылдағы орталау мектепті бітірген.Алматыдағы Тау-кен институтының жұмысшы факультетінде, Семейдегі Абай атындағы педагогикалық училищеде, педагогикалық институтта оқиды. Он төрт жасында алғашқы очеркі Жарма аудандық «Социалистік еңбек» газетінде басылды. Жазған өлеңдері аудандық, облыстық, республикалық «Октябрь балалары» газеті мен «Пионер» журналында жариялана бастайды.Он тоғыз жас пен жиырма үш жасқа дейін 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысты. Екі рет жау танкісімен жекпе-жек шығып, екі ретте де жау танкісін зеңбірекпен атып қиратады. «Атамыз Жамбыл ақынға» деген ұзақ өлеңі мен «Өсиет» деген шағын поэмасы «Социалистік Қазақстан» газетінде жарияланып, бүкіл елге тарайды. Соғыстан кейін Қазақ университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің) филология факультетін бітіреді.Облыстық, республикалық газеттерде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, бас редактор болып еңбек етті.
Көркем очерктері кітап болып жарық көрді: «Алыстағы ауылда», «Тың астығы», «Ертіс жағасында», «Жомарт өлке», «Алтын соқпақ», «Жер туралы жыр».
ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарынан бастап қаламгер журналистік қызметті қойып, бірыңғай жазушылық еңбекпен айналысады. «Махаббат қызық мол жылдар», «Ақиқат пен аңыз», «Махаббат жырлары», «Қаламгер және оның достары»»Мен және менің замандастарым» секілді романдар , бірнеше повестер, естелік-эсселер жазды.Қаламгердің таңдамалы шығармалары он том болып жарық көрді (2005).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет