Сабақтың тақырыбы: ХХ ғасыр бас кезіндегі әдебиет



бет68/105
Дата24.01.2023
өлшемі0.6 Mb.
#468713
түріСабақ
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   105
Сабақтың тақырыбы ХХ ғасыр бас кезіндегі әдебиет Сабақтың мақс

Білімді бекіту, бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Ә.Нұршайықовтың шығармашылығын оқып келуге беремін
Күні: 09.03.17ж Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11


Сабақтың тақырыбы: Зейнолла Қаблов «Мнеің Әуезовім» роман-эссе

Сабақтың мақсаты:
а)жазушының роман-эссесі туралы мәлімет бере отырып, адамгершілікке баулу;
ә) логикалық ойлау қабілеттерін, өмірге деген көзқарастарын дамыту. Шығармашылық белсенділіктерін шыңдау, көркем мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
б) сүйікті ұстаздарына құрметпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.
Үйге берілген З.Қабдоловтың шығармаларын, өмірбаянын «Қауырсын» әдісімен сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.


ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

«Менің Әуезовім» роман-эссесі автордың ұзақ толғанысынан туған. Романның бас кейіпкері – ұстаз, авторы - ұстазын іздеп тапқан шәкірт.Романның тақырыбы – Мұхтар Әуезовтің өмірі мен қызметінің өнегесі.
М.Әуезовтің өмірі туралы жазылған бірқатар шығармалар бар. З.Қабдолов М.Әуезов туралы өзінше, тек қана өзінше жазды: жаңа сыр ашты, соны түр тапты.
Роман –эссеге арқау болған шындық құбылыстар автордың атынан баяндалады. М.Әуезовтің өмірлік мақсат-мүддесі анық, айқын: а) ел мүддесін қорғау; ә) ұлттың рухани құндылықтарын сақтау, байыту, уағыздау; б) ұлттық әдебиет мамандарын даярлау. М.Әуезовтің өмірі көпқырлы:а) қилы кезеңдерді бастан өткерді; ә) қуғын көрді; б) азап шекті; в) мұратына жетті
М.Әуезовтің қызметі көпсалалы: а) жазушы; ә) ұстаз; б) ғалым; в) қоғам қайраткері.
З.Қабдоловтың роман-эссесі - өмірдің шындық құбылыстарын суреттеудің үш амалының (эпикалық, лирикалы, драмалық), көркем әдебиеттің үш тегінің (эпос, лирика, драма) тоғысында жазылған шығарма.
Роман Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетін, университеттің ғұлама ұстазы М.Әуезов бейнесін көрсетуден басталады.Көше бойлап екі кісі келеді.
Роман –эсседе көше бойлап келе жатқан екі кісінің бірі – ұстаз, екіншісі – шәкірт. Ұстаз- М.Әуезов, шәкірт – З.Қабдолов.Бұл М.Әуезовтің лекциясынан кейінгі сәттің бір көрінісі еді.
Қаламгер М.Әуезовтің ұстаздық қызметін, ұстаздық келбетін нақты шындық оқиғалар арқылы көрсетіп алған соң, ұстаз, ұстаздық туралы монолог түрінде берілетін ойлары мен толғаныстарынан сыр шертеді. Роман-эссе авторы: «Ұстаз! Ұстаздық – ұлы нәрсе! Ұстаздық ету - өзіңнің уақытыңды аямау, өзгенің бақытын аялау.
Жарық дүниеде бұдан асқан қиын, бұдан асқан қиямет-қайым қызмет жоқ, - деп толғанады. – Мен жоғарғы мектепке түсісімен ұстаз іздедім. Шарқ ұрдым. Өйткені, менің үлгі көргім келді, өнеге алғым келді. Жоғары оқөу орнын ғана емес, ұстаздық мектебін, яғни даналық оқуын бітіргім келді. Ол үшін, әрине, Ұстаз керек, шын мәніндегі ұлағатты ұстаз іздеп табу керек...Мен ұстаз іздедім...және таптым мен соны: арманыма жеттім солай!» деп толғайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет