2. Сілтілік жер металдар тобы: Mg, Ca, Sr, Ba.
Олар минералдар,топырақ құрамында болады.Бәрінің валенттілігі тұрақты ІІ тең. Сілтілік – жер металдар жалпы формуласы RO сәйкес келетін негіздік оксидтер, R(OH)2 сәйкес келетін гидроксидтер түзеді.
3. Галогендер. («Галоген» сөзі тұз туғызушы деген мағына береді).
Галогендерге жататындар: фтор, хлор, бром, йод. Бұлар осы аттас құрамы екі атомнан тұратын жай заттар: F2, Cl2, Br2, I2 түзеді. Фтор мен хлор өткір иісті газдар. Бром сұйық, йод қатты зат. Барлық галогендер улы. Бром мен йодты аузы берік жабылатын ыдыста сақтайды. Галогендер қатынасатын тәжірибе тек қана тартпа шкафта жасалады. Галогендер өте белсенді типтік бейметалдар тобын құрайды. Галогендердің жоғары оттекті қосылыстарындағы валенттігі VII. Бәрі де ұшқыш сутекті қосылыс түзеді, онда І валентті көрсетеді. Галогендерде атомдық массалары артқан сайын бейметалдық қасиет әлсірейді.
Галогендер металдармен әрекеттесіп, фторидтер, хлоридтер, бромидтер, йодидтер деп аталатын тұздар түзеді.
Мысалы: натриймен NaF, NaCl, NaBr, NaI.
4. Халькогендер тобы: О, S, Se, Te.
Олардың ең жоғарғы валенттілігі VI – ға тең. Халькогендер жалпы формуласы RO3 сәйкес келетін қышқылдық оксидтер, H2RO4 сәйкес қышқылдар түзеді.
5. Инертті(салғырт) газдар тобы: He, Ne,Ar, Kr, Xe.
IV. Сабақты қорытып бекіту.
Тест жұмысы
1. Металдың таңбасын көрсетіңіз:
а) O ә) Si б) Na в) Cl
2. Сутектің атомдық массасы:
а) 1 ә) 2 б) 3 в) 4
3. Бейметалды көрсетіңіз:
а) Li ә) Mg б) Zn в) H
4. Сілтілік металдардың валенттілігі:
а) 1 ә) 2 б) 3 в) 4
6. Неон қай табиғи ұялас топқа жатады?
а) сілтілік жер металдарына ә) галогендерге
б) салғырт газдарға в) сілтілік металдарға
7. Қышқылмен де сілтімен де әрекеттесетін элемент:
а) Al ә) Mg б) C в) Cu
8. Be (ОН) 2+2KOH реакциясында қандай заттар түзіледі?
а) ZnO +2H2О = ә) ВеO+ H2 =
б) Na2O + H2О = в) ВеO + H2О =
V. Үйге тапсырма беру.
VI. Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |