Сабақтың тақырыбы: Ж. Аймауытовтың «Әнші» әңгімесінің композициялық ерекшелігі



бет12/63
Дата21.05.2024
өлшемі0.6 Mb.
#501601
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   63
Жұмбақ жасырылады:
Бір жансыз мойнында бар екі құлақ,
Ойнайды дәл үстінде он шақты лақ.
Белінде сегіз белбеу, қолда екі арқан,
Қояды оны бұрап-бұрап.
Бар екен маңдайында жалғыз көзі,
Болады тоқсан түрлі айтқан сөзі.
/Домбыра/.

Қазір ассоциация әдісі арқылы осы сөзді айтқанда ойларыңа не келетінін айтып жазайық: 


Шанағы бар
Тиегі бар

күмбірлейді Ұлттық аспап



















күй шертеді
Ішекті аспап мойыны бар күй ойнайды
Балалар, біз Ілияс Жансүгіровтың «Домбыра » атты өлеңімен танысамыз.
Домбыра – қазақ халық арасына өте ерте әрі кең тараған саздық аспап. Ол ішекті, шертпелі аспаптар санатында. Қос ішекті, мойнында он тоғыздан жиырма екі санына дейін пернелер байланған домбыра күйші-сазгерлердің күмбірлеген “көмейі”, боздаған “үні” мен сұңқылдаған “тіліне” айналып оты
Балалар, өлеңді мәнерлеп оқимыз.
Балалар кезекпен мәнерлеп оқиды.
Бұл өлеңде динамикалық қуатын арттыратын сөздерді қайта оқып көрейік:
Өлеңнен теңеу сөздерді табу: Теңеу деген не?
Бір нәрсені екінші бір нәрсеге ұқсатып салыстырып суреттеу теңеу деп аталады.
Үн шыққандай жолбарыстан
Тұншыққандай өлді арыстан,
Ат шапқандай жер қайысқан.
Сылдырады қамыстай,
Бірде сарын алыстай,
Сел қаптаған дабыстай.
Ұрандаған жарыстай,
Сел-топан су
Ағалаған дауыстай.
Сең-еріген қардың суы
Қамыстағы барыстай.
Бұл өлеңде градация әдісі қолданылған.
Градация-дамыту, алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы ойдан соңғы ойды, алдыңғы құбылыстан соңғы құбылысты асыра, асқақтата түсу.
Бірде жерді шу басты, бірде ақты күй, бірде жасырынып қалған барыстай.
Қазақ халқының тағдыры домбырамен тығыз байланысты.
«Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра!»
Домбыраның құрылысы.(слайд арқылы және аспап арқылы түсіндіріледі)
Домбыраның мойыны- пернелерді орналастыру.
Шанағы- дыбыс шығару үшін қажет
Құлағы- ішектерін бекіту.
Тиегі- ішекті көтеріп туру үшін қажет.
Ішегі- дыбыс шығару үшін қажет.
Пернелер- нота теру дыбысы.
Домбыраны қандай ағаштан жасайды екен?
Қолымдағы қу ағаш,
Сайрап отыр бұл ағаш.
Асылы емен қарағай,
Шыққан жері су ағаш.
Пайғамбарлар туғанда,
Бесік болған бұл ағаш.
Мұнаралы әр жерде,
Мешіт болған бұл ағаш.
Шеберлердің қолында,
Кәсіп болған бұл ағаш,- деп Қашаған ақын айтқандай,
Қарағайдан домбыраны тұтас шауып жасайды. Немесе ағаштан басқа жасалған домбыраның қақпағын міндетті
түрде қарағайдан салады.
Ағаштардың ішіндегі ең «шешені» сөйлегіштігі қарағай деп санайды шеберлер.
Екі ішектің бірі қатты,
Бірін сәл-сәл кем бұра.
Нағыз қазақ, қазақ емес,
Нағыз қазақ-домбыра.

Домбыра
Тарт күйіңді, домбыра!


Төгіл, төгіл тәтті күй,
Тау суындай сылдыра,
Желпін, желпін жел соқтыр!
Тауда тұман тұрмасын,
Көкте бұлт ыдыра!
Тыңдамаған қоймасын,
Ойды-қырды қыдыра,
Құлшына тарт, домбыра!
Екі желі, үш қазық,
Тоғыз ноқта домбыра,
Ойнатайын он саусақ,
Құлындайын құлдыра.
Бозда-бозда бота күй,
Қашағанды қудыра,
Құлшына тарт, домбыра!
Еңбек елдің күйшісі-ау,
Құлағымды қиқулат,
Көңілімді қандыра,
Тәтгі-тәтті күйге тарт
Көргеніңді күй қыла,
Құлшына тарт, домбыра!
Еңбек елдің жыршысы-ау,
Жанымды бір жадырат,
Көкейіме қондыра,
Тәтті-тәтті әңгіме айт
Жаңа өмірді жыр қыла,
Шежіре, шешен сұңғыла,-
Құлшына тарт, домбыра!
Бес жол өлең арқылы сабақты аяқтау.
Домбыра
Жеңіл, киелі
Күмбірлейді, ойнайды,дыбыстайды
Шеберлер қарағайдан ойып жасайды.
Аспап
Сабақты келесі сөздермен аяқтаймыз:
Домбыра, жан домбыра,
Бүлкілдесін бүйірің.
Жез таңдайым, бозторғайым,
Енді саған не дейін?

Дескриптор:

-шығармада көтерілген әлеуметтік мәселені анықтайды


-шығарманы көркемдік құндылығына баға береді
-өлеңді мәнерлеп оқиды
-жұмбақты шешеді

ҚБ «Жарайсың!», «Бәрекелді!», «Жақсы!»
5 балл

Оқу құралдары





Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия



Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Үйге тапсырма: Домбыра өлеңін мәнерлеу, «Домбыра, жан домбыра» атты әссе жазып келу





Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.



Оқушылар 1-10 баллдық жүйе арқылы сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет