Сабақтың тақырыбы: Ж. Аймауытовтың «Әнші» әңгімесінің композициялық ерекшелігі



бет14/63
Дата21.05.2024
өлшемі0.6 Mb.
#501601
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   63
Ананың анасы - Ғабит Мүсіреповтің 1933 жылы жазған ана құдіреті тақырыбындағы әңгімелерінің бірі.
Ананың анасы әңгімесінің негізгі мазмұны - ел арасына кең тараған аңыздан алынған. Мұнда елді шауып, жазықсыз жас қызды зорлап алып бара жатқан батырды қыз анасының сөзбен тоқтатып, жеңгені, сөйтіп, оның қызын жау қолынан азат етуі баяндалған. Шығарманың мазмұны, Әйтілес ақсақалдың «етектей сақалын балуан саусақтарымен салалап тарап» қойып өткен өмір оқиғасын баяндауынан басталады. Әңгімеде намысқа шабар білегі, әділетті таныр жүрегі бар, бірақ ел әкімдерінің алдауына түскен аңғал батыр Жалпақ балуанның Бала бидің қолшоқпары болуы, жүрегін жарып шыққан қызының тағдырына шырылдап арашашы бола білген абзал ананың өжеттігі айтылады. Шығармада ананың жарық дүние сыйлаған баласына деген махаббаты, содан туындайтын ана бойындағы күш-қуат, ізгілік, адамгершілік қасиеттер бейнеленеді. Ананың құдіреті баяндалады.
Шығарма кейіпкерлері

  • Әйтілес қарт

  • Ана

  • Жалпақ балуан

  • Бала би

  • Қайрақ жылқышы

  • Жанай балуан

  • Қыз

  • Кейкі батыр

Шығарманың композициялық құрылысы
Басталу - Жалпақ балуанның Ергенекті елін шабуға аттануы.
Даму - Қалың жылқыны барымталап айдап келе жатуы.
Байланысу - Тезек арқалап келе жатқан қызды олжалап, аттарына мінгестіріп алуы.
Шиеленісу - Қыз әкесінің мерт болуы, анасының барымташылардың алдын орап алуы.
Шарықтау шегі - Кейкінің қызды шешесімен бірге күңдікке алып кетуді ұсынуы.
Шешім - Жалпақ балуанның ана мен қызына бостандық беруі.
Қорытынды - Әйелді аттандырған Жалпақ балуанның құлауы, оны елге жеткізу.



Дескриптор:

-шығармада көтерілген әлеуметтік мәселені анықтайды


-шығарманы көркемдік құндылығына баға береді



ҚБ «Жарайсың!», «Бәрекелді!», «Жақсы!»
5 балл

Оқу құралдары





Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия



Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Үйге тапсырма:оқу,мазмұндау





Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.



Оқушылар 1-10 баллдық жүйе арқылы сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.




Бөлім:

ІII БӨЛІМ. Менің туған өлкем. ХХ ғасыр әдебиеті

Педагогтің аты-жөні:

Л. Хасенова

Күні:

27.02.2024

Пәні :

Қазақ әдебиеті

Сыныбы: 7 «А»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қ.Қайсеновтің «Жау тылындағы бала» повесі. Күтпеген шабуыл

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

7.1.3.1 әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені анықтау;



Сабақтың мақсаты:

Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені анықтайды

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Білім алушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.



(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
Үй тапсырмасын сұрау.



Оқу құралдарын дайындап, сабаққа назар аударады.
Үй тапсырмасын айтады.

ҚБ
«Жарайсың!»
«Тамаша!», «Керемет!»



Оқу құралдары

Жаңа сабаққа кіріспе

Оқушыларға өткен тақырып бойынша сұрақ қойып, жаңа тақырыппен байланыстырамын.

Сұраққа жауап береді.



ҚБ
«Жарайсың!» «Тамаша!», «Керемет!»




Сабақтың ортасы



Бұл повесте сұрапыл Ұлы Отан соғысы кезінде, Украина жерінде ,жау тылында, партизандар қатарында болған он жасар қазақ баласының басынан кешкен қилы-қилы өмір соқпағы суреттеледі.Ол Майор Мергенбаевтың ұлы Серікатаcының қолында ауылда оқып, жазғы демалысында қаладағы әкесіне қонаққа келеді. Көп ұзамай майор Мергенбаевке шекарадан фашист армиясы өтіп кеткеніне,полкте соғыс дабылы соғылғандығы хабары келеді. Он жасар Серікті Жамал жетектеп эшелонмен қайта ауылға кетпек болады. Жау бомбалап,эшелон өртенді. Жамал жау оғынан қаза табады. Серік комиссар Савченконың әйелі Анна Ивановна мен оның баласы Бористің қасында қалады. Анна Ивановна екі баланы алып туған жері Винница облысы, Сомогородск ауданы, Зазулин селосында тұратын әкесі Иван Дементьевичке қиындықпен әрең жетеді. Сатқын құрбысы Тамара комендатқа бұларды ұстап бергісі келеді. Астыртын ұйым басшысы Олейниктің байланысшысы Алексей жасырын үй тауып беріп көмек көрсетеді. Жанкештілікпен Отан үшін алысқан партизандар сәулетті қала мен күл болған селоны, немістер тірідей көмген әке-шеше,іні-қарындасты көрді.Бостандық үшін, болашақ бақыт үшін аянбай алысты. Жандармдардан ерлікпен қорғанған ауыл тұрғындарына Қызыл Армия көмекке келеді. Повесть соңында Майор Жомарт Мергенбаев ұлы Серікпен аман-есен кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет