Сабақтың тақырыбы: Ж. Аймауытовтың «Әнші» әңгімесінің композициялық ерекшелігі


Сабақ тақырыбы: «Домбыра» Ілияс Жансүгіров



бет13/63
Дата21.05.2024
өлшемі0.6 Mb.
#501601
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   63
Сабақ тақырыбы: «Домбыра» Ілияс Жансүгіров
Сабақ мақсаты: білімділік: Ақынның шығармашылығына шолу жасап, "Домбыра " және «Күйге» өлеңіне тоқталу
Дамытушылық: ойлау әрекеттерін дамыту, әдебиет теориясынан білімдерін нығайту, өнерге , музыкаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру;
Тәрбиелік : эстетикалық тәрбие беру
Сабақ жабдығы: интерактивтік тақта, суреттер, слайдтар, домбыра
Сабақ түрі: жаңа білім беру сабағы
Сабақтың типі:аралас (кіріктірілген)
Пәнаралық байланыс: музыка
Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
-сәлемдесу
-оқушылардың сабаққа дайындығын байқау
ІІ. Жаңа сабақ
Кіріспе сөз:
Балалар, біз бүгін еліміздің дүл-дүл ақыны Ілияс Жансүгіровтың шығармашылығымен танысамыз .
Жансүгіров Ілияс (1894–1938) – қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Туып өскен жері Алматы облысының Ақсу ауданы. Алғаш рет Қарағаш ауылындағы мектепте оқып, жәдитше сауат ашқан. Ташкенттегі екі жылдық мұғалімдік курсты бітіріп (1921), өз аулында мұғалім болады. Одан кейін аз уақыт «Тілші» газетінде істеп, Верныйдағы Қазақ ағарту институтының меңгерушілігіне тағайындалады (1922). Москвадағы Коммунистік журналистика институтына 1925 жылы түсіп, 1928 жылы бітірген соң «Еңбекші қазақ» газетіне қызметке алынады. Қазақстан Жазушылар одағы ұйымдастыру комиссиясының төрағасы (1932–1934). ҚАК СР Орталық Атқару Комитетінің мүшесі (1933–1936). Саяси репрессияның құрбаны болды.
Оның әкесі батырлық жырларды, тарихи оқиғаларды, әңгіме- шежірелерді жақсы білетін, көкірегі ояу, көзі қарақты, домбырашы, ұста Жансүгірдің баласына жақсы үлгі болып тәрбиеледі.
Жетісудың перзенті Ілияс ақын жастайынан көкірегіне ән мен жыр, өлең мен күйдің небір нұсқалары ұялаған.Туған жеріне деген сүйіспешілігін ол кейін ақын болып қалыптасқанда өздерінің өлеңдерінде көрсетеді. 1925 жылы «Жетісу суреттері» атты көлемді өлеңінде өз махаббатын «Тау суреті», «Жетісуда су суреті», «Жетісу жәндігі» «Жер түгі» деген тараулардан тұратын мың сан бояу салынған суретшінің полотносындай болған. Ақын жырлай келе «Жер таппан жерге жетер Жетісуым» деп әр адамның туған жері қымбат екенін көрсетті.
1925-1928 жылдары Мәскеу журналистика институтында оқып, өнер тарихын терең біліп, эстетикалық көзқарастары қалыптасты.1929 жылы «Күй» поэмасын жазады. Бұл шығармада еңкейіп екінтідей күні кеткен Молықбай шал қобызда ойнап , «Бозінген» күйі арқылы бозінгеннің ботасынан айырылып, бір керуенге кете барғанын қобыздың дыбысымен естіртеді.1934 жылы «Күйші» поэмасын жазады.Хан Кененің Қарашаш атты қарындасының қолына түскен күйші туралы баяндалады. Оның басында еркіндік жоқ, Кене хан оны қарындасына берді, «Сатса да, сойса да , өз еркінді » деп.
1936 жылы «Құлагер » поэмасын жазады. Бұл поэма аты алты алашқа тараған Ақан серінің Құлагер атты сәйгүлігіне арналған поэма. Ақын жылқы жануарының тағдыры адамның тағдыры сияқты күншілдіктен зәбір шегетінін
айтты.
Ақын Жансүгіров қандай тақырыпқа қалам тербесе де, ел қамы, халық тағдыры, ұлттың болмыс қасиеті оның шығармаларының алтын арқауы.
Жұмбақ жасырылады:
Бір жансыз мойнында бар екі құлақ,
Ойнайды дәл үстінде он шақты лақ.
Белінде сегіз белбеу, қолда екі арқан,
Қояды оны бұрап-бұрап.
Бар екен маңдайында жалғыз көзі,
Болады тоқсан түрлі айтқан сөзі.
/Домбыра/.
Интерактивтік тақтада флипчарт қолданылады.
Қазір ассоциация әдісі арқылы осы сөзді айтқанда ойларыңа не келетінін айтып жазайық: 
Шанағы бар
Тиегі бар

күмбірлейді Ұлттық аспап





























 


күй шертеді
Ішекті аспап мойыны бар күй ойнайды
Сабақтың эпиграфы:
Домбыра, жүрегіммен үндес едің,
Өзіңмен сырласымдай тілдесемін…
Бабамнан қалған мұра, сен болмасаң,
Өнердің не екенін білмес едім.
Балалар, біз Ілияс Жансүгіровтың «Домбыра » атты өлеңімен танысамыз.
Домбыра – қазақ халық арасына өте ерте әрі кең тараған саздық аспап. Ол ішекті, шертпелі аспаптар санатында. Қос ішекті, мойнында он тоғыздан жиырма екі санына дейін пернелер байланған домбыра күйші-сазгерлердің күмбірлеген “көмейі”, боздаған “үні” мен сұңқылдаған “тіліне” айналып оты
Балалар, өлеңді мәнерлеп оқимыз.
Балалар кезекпен мәнерлеп оқиды.
Бұл өлеңде динамикалық қуатын арттыратын сөздерді қайта оқып көрейік:
Өлеңнен теңеу сөздерді табу: Теңеу деген не?
Бір нәрсені екінші бір нәрсеге ұқсатып салыстырып суреттеу теңеу деп аталады.
Үн шыққандай жолбарыстан
Тұншыққандай өлді арыстан,
Ат шапқандай жер қайысқан.
Сылдырады қамыстай,
Бірде сарын алыстай,
Сел қаптаған дабыстай.
Ұрандаған жарыстай, Сел-топан су
Ағалаған дауыстай. Сең-еріген қардың суы
Қамыстағы барыстай.
Бұл өлеңде градация әдісі қолданылған.
Градация-дамыту, алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы ойдан соңғы ойды, алдыңғы құбылыстан соңғы құбылысты асыра, асқақтата түсу.
Бірде жерді шу басты, бірде ақты күй, бірде жасырынып қалған барыстай.
Қазақ халқының тағдыры домбырамен тығыз байланысты.
«Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра!» –
Домбыраның құрылысы.(слайд арқылы және аспап арқылы түсіндіріледі)
Домбыраның мойыны- пернелерді орналастыру.
Шанағы- дыбыс шығару үшін қажет
Құлағы- ішектерін бекіту.
Тиегі- ішекті көтеріп туру үшін қажет.
Ішегі- дыбыс шығару үшін қажет.
Пернелер- нота теру дыбысы.
Домбыраны қандай ағаштан жасайды екен?
Қолымдағы қу ағаш,
Сайрап отыр бұл ағаш.
Асылы емен қарағай,
Шыққан жері су ағаш.
Пайғамбарлар туғанда,
Бесік болған бұл ағаш.
Мұнаралы әр жерде,
Мешіт болған бұл ағаш.
Шеберлердің қолында,
Кәсіп болған бұл ағаш,- деп Қашаған ақын айтқандай,
Қарағайдан домбыраны тұтас шауып жасайды. Немесе басқа ағаштан жасалған домбыраның қақпағын міндетті түрде қарағайдан салады.
Ағаштардың ішіндегі ең «шешені» сөйлегіштігі қарағай деп санайды шеберлер.
Екі ішектің бірі қатты,
Бірін сәл-сәл кем бұра.
Нағыз қазақ, қазақ емес,
Нағыз қазақ-домбыра.
«Сарыарқа» күйі орындалады.
«Күйге» өлеңін мәнерлеп оқу.(күй түрлерін айту -төкпе күйлер, шертпе күйлер)
Балалар, «Күйге» өлеңіндегі ұйқас түрін қарастырып көрейік.
Күй, сені тәтті көрем жаным сүйіп, а)
Тыңдаймын тыным алмай, жанып, күйіп, а)
Өмірдің сырын ашып жүрегіме, б)
Музаның әміріне басымда иіп. а)
Қара өлең ұйқасы
Муза- женское божество искусства
-Балалар, халқымыздың белгілі күйшілерін білесіңдер ме?
-Ықтимал жауаптар.
Құрманғазы, Тәттімбет, Дина Нұрпейісова, Қазанғап.Қобызшы Ықылас.
Сабақ қорытындысы:
Бес жол өлең арқылы сабақты аяқтау.
Домбыра
Жеңіл, киелі
Күмбірлейді, ойнайды,дыбыстайды
Шеберлер қарағайдан ойып жасайды.
Аспап
Сабақты келесі сөздермен аяқтаймыз:
Домбыра, жан домбыра,
Бүлкілдесін бүйірің.
Жез таңдайым, бозторғайым,
Енді саған не дейін?!
Үй жұмысы:Домбыра өлеңін мәнерлеу, «Домбыра, жан домбыра» атты әссе жазып келу
Бағалау.

Бөлім:

ІII БӨЛІМ. Менің туған өлкем. ХХ ғасыр әдебиеті

Педагогтің аты-жөні:

Л. Хасенова

Күні: 20.02.2024



Пәні :

Қазақ әдебиеті

Сыныбы: 7 «А»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Ғ.Мүсіреповтің «Ананың анасы» әңгімесіндегі көркемдегіш құралдар мен айшықты сөздер

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

7.2.4.1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ, арнау) қолданысын талдау;
7.3.3.1 шығармадағы көріністі(пейзаж, оқиға) суреттеп жазу;

Сабақтың мақсаты:

шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ, арнау) қолданысын талдайды;
7.3.3.1 шығармадағы көріністі(пейзаж, оқиға) суреттеп жазады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Білім алушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.



(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
Үй тапсырмасын сұрау.



Оқу құралдарын дайындап, сабаққа назар аударады.
Үй тапсырмасын айтады.

ҚБ
«Жарайсың!»
«Тамаша!», «Керемет!»



Оқу құралдары

Жаңа сабаққа кіріспе

Оқушыларға өткен тақырып бойынша сұрақ қойып, жаңа тақырыппен байланыстырамын.

Сұраққа жауап береді.



ҚБ
«Жарайсың!» «Тамаша!», «Керемет!»




Сабақтың ортасы





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет