Сабақтың тақырыбы: Ж. Аймауытовтың «Әнші» әңгімесінің композициялық ерекшелігі



бет43/63
Дата21.05.2024
өлшемі0.6 Mb.
#501601
түріСабақ
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   63
Әбділхамит Мархабаев 1938 жылы 18 сәуірде Қызылорда облысы, Арал ауданы, Ауан ауылында дүниеге келген.1964 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін (журналистика бөлімі) бітірген. «Білім және еңбек» («Зерде) журналының әдеби қызметкері, бөлім меңгерушісі (1964–1967), Қазақ мемлекеттік университеті журналистика факультетінің ассистенті, аға мұғалімі, доценті (1967–1976), «Білім және еңбек» журналының бас редакторы (1976–1985), «Жаңа фильм» журналының аға редакторы, Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитеті Бас редакциясының аға редакторы (1981–1982), Қазақ орталық мұражайының баспа-редакция секторының аға редакторы, сектор меңгерушісі (1985–1987) болып істеген. Көп жылдан бері ҚазМҰУ-да ұстаздық қызметте. Филология ғылымдарының кандидаты (1972), докторы (2001), журналистика факультетінің доценті (1975), профессоры (1997). 1959 жылдан республикалық басылымдарда ғылыми-фантастикалық жанр саласында әңгіме-повестер жаза бастады. «Ғарыштағы қымыз» атты тұңғыш жинағынан (1972) бастап, «Арал әуендері» (1980), «Балалардың аман қалғанын айт!» (1997), «Аспанға құлады да кетті» (1997), «Жарылқаушы…» (1998), «Тосын ғарышхат» (1998), «Шортан планетасы, сен кінәлісің!» (2008), «Қызық қиял» (2008), т.б. ондаған көркем шығармалары жеке кітап болып шықты. Жеке туындылары «Қызыл сәуле» (1962), «Байқоңыр шоқ жұлдызы» (1979), «От-тас» (1981), «Жерұйыққа саяхат» (1984), «Отанымыздың тәуелсіздігіне тарту» (2006) және де басқа бірқатар жинақтарға енген. Кейбір шығармаларын орыс тілінде «Молодая гвардия» баспасының жыл сайынғы «Фантастика» жинағы, украин тілінде «Молодь» баспасы, молдован тілінде «Литература артистикэ» баспасы басып шығарды. Фантастика жанрының табиғаты мен теориялық ерекшеліктерін айқындайтын фантастикатану хақында «Қолыңды әкел, Келешек. Қазақ фантастикасы: кеше, бүгін және…» (1978), «Қазақ фантастикалық әдебиеті. Жылнамалау, қарастыру, топтастыру, даралау, қисындау, дәйектеу» (1998), «Қазақ фантастикасының поэтикасы» (2008) атты монографиялары, «Ислам–Ғылым–Журналистика» оқулығы жарық көрді. Аударма саласында шыққан еңбектері: әзірбайжан қаламгері Х.Ғасылованың «Жайлы мекен» (1974), В.Михановскийдің «Шексіздікке шеру» (1990), «Фантастикалық Америка әфсаналары» (2007).
2014 жылы 15 желтоқсанда дүниеден өтті.



Пәні :

Қазақ әдебиеті

Күні:

16.04.24ж

Сыныбы: 7 «А»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

А.Мархабаевтың «Ғарыштағы қымыз» фантастикалық әңгімесіндегі кейіпкерлер бейнесіне талдау

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

7.1 2.1 көркем шығармадағы, пейзаж,монологтің құрылымдық бірлігін ажырату;
7.2.2.1 көркем шығармадағы образдың жасалу тәсілдерін талдау;
7.3.3.2 кейіпкер болмысын сипаттап (өлең, кейіпкер монологі, диалогі, әңгіме т.б.) жазу;

Сабақтың мақсаты:

- шығармадағы, пейзаж,монологтің құрылымдық бірлігін ажыратады;
-шығармадағы образдың жасалу тәсілдерін талдайды;
-кейіпкер болмысын сипаттап (өлең, кейіпкер монологі, диалогі, әңгіме т.б.) жазады;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Білім алушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.



(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
Үй тапсырмасын сұрау.



Оқу құралдарын дайындап, сабаққа назар аударады.
Үй тапсырмасын айтады.

ҚБ
«Жарайсың!»
«Тамаша!», «Керемет!»



Оқу құралдары

Жаңа сабаққа кіріспе

Оқушыларға өткен тақырып бойынша сұрақ қойып, жаңа тақырыппен байланыстырамын.



Сұраққа жауап береді.

ҚБ
«Жарайсың!» «Тамаша!», «Керемет!»




Сабақтың ортасы

Шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап ала отырып, автордың негізгі айтпақ ойын, идеясын тапқызу.




Берілген тақырыптар бойынша әңгімеден мысалдар келтіре отырып оқушылардың өз ойларын айтқызу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет